• RUB:
    5.52
  • USD:
    475.62
  • EUR:
    519.23
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Қыркүйек, 2018

Алматыда «100 жаңа оқулық» жобасына орай дөңгелек үстел өтті

427 рет
көрсетілді

Философия, саясаттану және дінтану институты «100 жаңа оқулық» жобасын жүзеге асыру мен оның қазақстандық бірегейлік және ұлттық өзіндік сананы қалыптастыруға әсері» деген тақырыпта дөңгелек үстел отырысын өткізді.

«100 жаңа оқулық» жобасын жүзеге асырудың философиялық, саяси және діни аспектілерін талқылау мен қазіргі заман жағдайында қоғамдық бірегейлік және ұлттық сананы қалыптастыруды жетілдіруді сарапқа салу дөңгелек үстелдің негізгі тақырыбына айналды.

Бүгінгі таңда қоғамдық сананы жетілдіруді дамытудың өзіндік моделін жүзеге асырылуда. Осы бағытта шетелдік үздік оқулықтарды қазақ тіліне аудару аса маңызды іс болып табылады. 2017 жылы гуманитарлық ғылым саласының мамандары тарапынан 18 оқулық қазақ тіліне аударылса, ал биылғы жылы 30 оқулықты аудару жұмысы жоспарланған.

Студент жастарымыз әлемдік деңгейдегі жаңа мазмұнды білім нәрімен қазақ тілінде сусындайтын болады. Осыған байланысты жаңа оқулықтардың идеялық мазмұны мен ғылыми-теориялық бағытына ғылыми-эксперттік сараптама жасау қажеттілігі туындайды.

Дөңгелек үстел отырысы барысында ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының, А.Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтының, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің, Абылайхан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің жетекші мамандары баяндама жасап, PhD докторанттары, магистранттар және басқа мамандар сөз сөйледі.

Сарапшылар кездесуі барысындағы кең ауқымды және білікті пайымдауларға орай «Жаңа гуманитарлық білім, қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы тұрғысында қазақстандық бірегейлік пен ұлттық өзін-өзі қалыптастыру бойынша қазақстандық қоғамның бірқатар өзекті және маңызды бағыттарын анықтау жоспарлануда.

Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ