• RUB:
    5.63
  • USD:
    477.15
  • EUR:
    522.43
Басты сайтқа өту
Әдебиет 02 Қазан, 2018

Бүгін Кемел Тоқаевтың туғанына 95 жыл толды

721 рет
көрсетілді

Ұлы Отан соғысының ардагері, белгілі қазақ жазушысы Кемел Тоқаев 1923 жылы 2 қазанда Алматы облысының Қаратал ауданында туған.

1948 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітіріп, «Лениншіл жас», «Қазақстан пионері», «Социалистік Қазақстан» газеттері редакцияларында жауапты қызметтер атқарған. 1960–1977 жж. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Ведомостарының» бас редакторы, 1980–1984 жж. Қазақстан Жазушылар одағының әдеби кеңесшісі болған. 

Ұлы Отан соғысының І және ІІ дәрежелі ордендерімен, екі мәрте «Ерлігі үшін» медалімен және басқа көптеген медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамоталарымен, КСРО Ішкі істер министрлігінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.