• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Өнер 03 Қазан, 2018

Ғалым Жайлыбай. Елбасы мен Елорда

864 рет
көрсетілді

Көгімде ырыс тұрақтап, жерімде құт, Арманыма Астана төрін беріп. Ерке Есілдің жағасы ертегідей – Қараөткелге қара орман елім қонып.

Үмітім бар тұманың тұнығында, Мәңгілік ел тұрғанда тұғырында. Шырайланып жанымда тұр айналып – Елбасы мен Елорда бір ұғымға.

Сапар сайын жаңғырар санада аты, Ғажайыбы ғаламның, Ғаламаты. ...Әз, Астана жұртыңнан айналайын – Елбасының ертеңге аманаты.

Тұрғаны анық бұл шаһар тұлғаланып, Сырға қанып... толқыны жырлап, ағып... Тыңдатады құдіретін, Күн батады – Нұрсұлтанның қаласын нұрға малып.

Замандасым, Заңғарым, қатарларым. Таусылмасын тірлікте татар дәмің. ...Ай Астана Алаштың Аруанасы – Бауырынан өретін бота-арманым.

Әні Есілдей бұл жердің күйі Есілдей, Айтар сөздің айдарлы жүйесіндей. Елорда мен Елбасы байтағымның – Мәңгілікпен тілдесер киесіндей.

Ғалым ЖАЙЛЫБАЙ, 

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты

АЛМАТЫ