• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Қараша, 2018

Жолдау – қазақстандықтардың конституциялық құқықтарының кепілі

476 рет
көрсетілді

Халық тілегіне сәйкес қабылданған қолданыстағы Конституциямызда көзделген әлеуметтік мемлекеттің бас­ты міндеті – ел экономикасы дамуының жоғары деңгейін қамтамасыз ету арқылы тұрғындардың табыс пен тұрмыс сапасын арттыру.

Экономиканың өркендеуі, тұрғындардың кәсіпкерлікке, табысқа негізделген материал­дық ауқаттылығы және тұрмыс сапасының ұдайы артуы, сонымен қоса табыс пен тұрмыс сапасының жеткілікті қорғалуы демократиялық, құқықтық және қуатты мемлекет құрудың ал­ғышарты. Елімізде әлеуметтік мемлекеттің іргетасы Ата Заңда бекітілу арқылы берік қаланған.

Елбасы Жолдауының кіріспе бөлігінде, заманауи прогрессив­ті мемлекет құру барысында, тарихи өлшем бойынша қыс­қа мерзімде, елімізде сапалы, нәтижелі құрылымдық, конс­ти­туциялық және саяси реформалар жүргізілгені және Қазақстан қоғамын жаңғырту үдерісінің жалғасып жатқаны ескерілген. Демек, Жолдау – елімізде жүр­гізіліп жатқан жаңғырту үдері­сінің, стратегиялық саясаттың заң­ды жалғасы және тиісті дең­гейін қамтамасыз ететін құжат. 

«Қолы жеткенше нұсқа­ған – көсем», деп халық бекер айт­­пайды. Жолдау кез келген қазақ­стандыққа түсінікті сөзбен жазылғандығымен, халықтың тұр­мыс сапасын арттыру мақ­сатында шешілуге тиісті мәсе­ле­лер айқындалғандығымен және оны шешу жолдары көрсетіп бергендігімен құнды және бағ­дарламалық құжат болып отыр. Жолдау халыққа қанша түсінікті болғанымен, Үкімет және мемлекеттік органдар үшін істейтін жұмыстың көлемі кең әрі күрделі. 

Жолдауда азаматтардың әлеу­­мет­тік-экономикалық конс­ти­­туциялық құқықтарының іске асырылуына мемлекет тарапынан кепілдіктер берілген: өз кәсібін жақсы меңгерген адам­­дардың лайықты жалақы алуына, жеке кәсіп ашуға, оны дамытуға қолайлы мүмкін­дік жасау, шағын жəне орта биз­несті дамыту, сапалы әрі қол­­жетімді баспанамен қам­та­ма­сыз ету, өмір сүруге жай­лы орта қалыптастыру, білім беру, ден­саулық сақтау қыз­меті­­нің сапасын көтеру, спорт пен дене­шынықтырудың қолже­тім­­ділігі, сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету және т.б. 

Сонымен азаматтардың конс­т­итуциялық әлеуметтік-эко­­номикалық құқықтарының іске асырылу жолдары нақ­ты айқындалып, орындау мін­дет­тілігі мемлекеттік билік ор­ган­дарына жүктелген. Оған қоса, жүргізіліп жатқан реформалар мен негізгі стратегиялық құжаттардағы тапсырмалардың орындалуына мониторинг жүр­гізетін, бағалайтын Ұлттық жаңғыру кеңсесінің құрылуы халық – қазы, еңбек – таразы дегенге саяды. Оның дәлелі, Үкімет Жолдауды іске асырудың жалпыұлттық жоспарын дайындап, бекіткендігі. 

«Дұрыс қанаттанған түзу ұшар» демекші, Президент қо­ғамның барлық саласында ат­қарылатын жұмыстардың та­бысты болуының бірден-бір шарты құқық үстемдігі қағидасы екенін басып айтты. 

Адамдардың тұрмыс сапасын анықтайтын өлшемшарттың бірі – қауіпсіздік, адамдардың еш­теңеге алаңдамай өмір сүре­тін ортаны құру. Сондық­тан қо­ғамдық тәртіпті қамта­ма­сыз ететін, құқық бұзушы­лық­тар профилактикасы, жол жүру қауіп­сіздігі және т.б. қыз­мет­тер­мен айналысатын ішкі істер ор­гандары қызметіне, полиция құзы­ры­на қатысты нақты тапсырма берілді. Осы тапсырманы орын­дау мақсатында Үкімет пен Президент Əкімшілігімен бір­лесіп, «Ішкі істер органдарын жаң­ғырту жөніндегі жол картасын» қабылдап, реформалар 2019 жылдың 1 қаңтарынан бас­тап жүзеге асырылатын болады. 

Полицияның жұмысын сер­вис­тік модельге көшіру ар­қылы полиция жұмысының тү­бе­гейлі жақсарту талабы қо­йыл­ды. Полицияны өзіне тие­сілі емес функциялардан боса­тып, құзырларын нақтылап, жаңа сипаттағы полицейлердің жалақысын көбейтіп, олардың тұр­ғын үй және өзге де әлеумет­тік мәселелерін шешіп, тек үз­дік­тері ғана қызметін жалғас­ты­­ра­тын­дай реформа жасау қа­жет­ті­лігі және т.б. мәселелер айтылды. 

Әрине кәсіби деңгейі жоғары мамандар қоғамдық тәртіпті бақылап, халыққа жоғары ынтамен қызмет көрсетсе, күнделікті мониторинг жасалып құқық бұзушылық орын алатын нысандар қатаң бақылауда болса, халықтың полицейлерге деген сенімі және құрметі арта түсетіні сөзсіз!

Сонымен қоса сот өндірі­сінің заманауи форматтарын және озық электронды сервис­тер арқылы жүргізілуін қам­та­­масыз ету қажеттілігі талап етіл­ді. Мемлекет басшысы Сот би­­лігінің тәуелсіз екендігін ес­кере отырып, кадрларының жа­ңаруын қамтамасыз етуді, үздік заңгерлер судья болуға ұм­ты­латындай жағдай жасау керек­тігін ерекше атап өтті. Жолдауда қойылған тапсырманы іске асыру мақсатында Үкімет, Жоғары Сот Кеңесі және Жоғарғы сот бірлесе отырып судьялық қыз­метке үміткер судьяларды, сот төр­ағаларын іріктеу процедурасын жетілдіруді көздеп отыр.

Үнзила ШАПАҚ, 

Конституциялық 

Кеңес мүшесі, заң ғылымдарының докторы