• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
16 Ақпан, 2012

Бейбіт бапкер мен боксшы Қанат

518 рет
көрсетілді

Бейбіт бапкер мен боксшы Қанат

Дүбір

Олимпиадаға 162 күн қалды

Қанат Әбутәліпов – былтыр елімізге бокстан Бүкіләлемдік тұжырым бойынша Олимпиаданың алғашқы жолдамасын әкел­­­ген боксшымыз. Оның сол кезде «Астана арландары» кәсіпқой клубының сапында тегі марокколық, бірақ Францияның «Париж юнайтед» командасында өнер көрсеткен Нордин Оубаалидің екі аяғын бір етікке тығып, шаршы алаңның төрт бұрышын қуалай жүріп сабағанын жанкүйерлердің бәрі көр­ді. Сол кезде бесінші бұрышты із­дей бас­та­ған қарсыласы еріксіз қазақ бокс­шы­сының алдында жығылғанын білеміз. Осы же­ңіс Қанаттың ғана емес, еліміздің ме­рейін асырды, бокстағы беделімізге бедел қос­ты. Енді Әбутәліповке осы жеңісті жолын Лондон төрінде өтетін айқастарда жал­ғас­тыруға тілектестігімізді білдіріп, бүгін журналист-жазушы Смағұл РА­ХЫМ­БЕКТІҢ Қанат пен оның жеке бапкері Бейбіт Масабеков туралы жазған дүниесін ұсы­ну­ды жөн көріп отырмыз.

 

Дүбір

Олимпиадаға 162 күн қалды

Қанат Әбутәліпов – былтыр елімізге бокстан Бүкіләлемдік тұжырым бойынша Олимпиаданың алғашқы жолдамасын әкел­­­ген боксшымыз. Оның сол кезде «Астана арландары» кәсіпқой клубының сапында тегі марокколық, бірақ Францияның «Париж юнайтед» командасында өнер көрсеткен Нордин Оубаалидің екі аяғын бір етікке тығып, шаршы алаңның төрт бұрышын қуалай жүріп сабағанын жанкүйерлердің бәрі көр­ді. Сол кезде бесінші бұрышты із­дей бас­та­ған қарсыласы еріксіз қазақ бокс­шы­сының алдында жығылғанын білеміз. Осы же­ңіс Қанаттың ғана емес, еліміздің ме­рейін асырды, бокстағы беделімізге бедел қос­ты. Енді Әбутәліповке осы жеңісті жолын Лондон төрінде өтетін айқастарда жал­ғас­тыруға тілектестігімізді білдіріп, бүгін журналист-жазушы Смағұл РА­ХЫМ­БЕКТІҢ Қанат пен оның жеке бапкері Бейбіт Масабеков туралы жазған дүниесін ұсы­ну­ды жөн көріп отырмыз.

Пекиндегі пайымдарҚанат Әбутәліпов ардақты ұстазы әрі бап­кері Бейбіт Қазбекұлымен Пекиннің әйгілі жаяулар көшесі – Лиулиджангпен қатар аяңдап келеді. Көк желектер жамылған әлемнің әйгілі осынау қаласының ауасы аса ауыр ма, қалай өзі! …Әлде, кешегі рингтегі жеңіліс жігер­ле­рін жасытты ма, екеуі де терең тыныстай ал­мағандай күйде секілді. Астананың құштар­лана жұтып, кеудеңді толтыра тыныстағанда, рахат күй кештіретін қымыздай қуатты ерке самалын сағынғандары болар, ұстаз бен шә­кірт көпке дейін үнсіз қалды. Әлден уа­қытта барып бапкер ағасы сөз бастады.– Қанатжан, өмір үнемі жеңістерден тұр­майды. Сенің Пекиннің ХХІХ Олимпиадасына жолдама алып, қатысуыңның, ел намысы үшін адал айқасуыңның өзі бір асу. Рингте әлемнің аузымен құс тістеген небір керемет боксшыларымен бетпе-бет шайқастың. Қан­ша­масына төтеп бердің, лайықты қарсылас болдың, батырым! …Алла жазса, алдағы Лондон Олимпиадасына мықтап дайындалатын боламыз, – деді бапкері шәкіртін кең құша­ғына алып…– Түсіндім, мұғалім! – деді Қанат ұстазына өзінің жас шағында, Баршын ауылында жиі айтатын сөздерін еске алып……Бейбіт мектептегі жаттығу залынан шы­ғып, үйіне беттегені сол еді, сөмкелерін ар­қалап, ентіккен бір топ бала артынан қуып жетті. Іш­інде малақайы маңдайын басып қал­ған кішкене Қанат та бар. Осы бір баланың өзі жаттықтыра бастаған мектеп оқушыларының ішінен шалт қимылдарымен, секірген лақтай жылдам қоз­ға­лыстарымен, ең бастысы, шаршауды білмей­тін қажырлылығымен көзіне түскеніне көп бол­ған. Қазір де буы бұрқы­рап, қаңтардың қа­қа­ған аязын елең қылмай, ентіге сайрап тұр…– Мұғалім, а, мұғалім деймін! Бокс деген не, айтыңызшы! Егер шындап жаттықсақ, кім боламыз өскенде?..– Қанатжан, боксшы деген еліне қорған болар ертедегі батырлар секілді, әлсізге – пана, жұртының намысын бетпе-бет белдесулерде қорғайтын ерлер, – деді ұстазы, бала көңі­лінің көгершіндей қанат қаққан армандарына қызығып…– Түсіндім, мұғалім, – деп шәкірті ұзап кеткен құрдастарының соңынан құлындай құлдырай жөнелген сол жолы…… Пекин қаласының биіктігі 405 метрлік телемұнарасының кіре берісіндегі Алтын Айда­һар осынау ұлы елдің салтанаты мен қуатын аңғартып тұрғандай. Тұрғындарының саны 13 миллионнан асатын Пекиннің баяғы заман­дар­­­­дағы көшелерінде рикшаларға мініп, бас­та­рына қамыс қалпақтар киген халқының бет-бей­­­нелері мен тұрмыстары танымастай өзгерген.– Біздің шаң басқан Целиноградты да Нұр­сұлтан Әбішұлы тап осындай әлемдік қалаға, сәулеті асқан Астанаға айналдырды ғой, мұғалім, – деді Пекиндей ұлы шаһардың түнгі сәулетіне қарап Қанат та ішіндегі өз мақта­нышын жасыра алмай!– Дұрыс, Қанатжан! Еліңнің осылайша қадірі мен қасиетін ұмытпасаң, кеудеңде ұлттық рухың жалындап тұрса, жеңістің талай тұғырларына көтерілесің әлі…Қастарына бір жасыл түсті моторикша тоқтады. Бейбіттің осындағы күндерінде бір байқағаны, қалада велосипедтер мен осындай моторикшалар көптеу. Әрине, бұл елде өзде­рінің өнеркәсіптерін ашып алған Volk­swaqen, Daewoo секілді автоалыптар шығар­ған, жар­қыраған неше түрлі сәнді көліктер де жана­рыңды қарықтырады. Бірақ, қаражатты үнем­деуге үйренген екеуі секілді ауыл баласына 1 шақырымына 1, 2 юань ғана алатын мына моторикшалар қолайлы.– Мұғалім, ендігі қалған уақытта қайда барамыз, – деді шәкірті Қанат, бұған Пекин те­лемұнарасының қызықтарына қанып, қаланы 400 метрлік заңғар биіктен тамашалаған соң. Еш уақытта шыққан биігінде ұстаз алдындағы парызы мен қарызын есінен шығармайтын Қанат Әбутәліповтей азаматына бапкер Бейбіт дән риза. Өмірде қолы бірдеңеге жетсе, туған әкесін де танымай кететіндер де бар емес пе.– О, кэй! – деп елпек қағып моторикша иесі тұр, көлігінің шатырын қайырып, екеуіне ізет білдіріп…– Енді, Қанатжан, Пекиннің ең ғажайып жерлерін таңдап, талғап аралайық! Өйткені, уақытымыз тығыз, – деді бапкері, бір қара­ған­да тарлау, аядай ғана көрінетін моторикшаға жайғасып жатып, жайдарылана…Қазіргі Пекиннің әлемдегі аса ірі өнеркә­сіпті қалаға айналуы себепті ша­һар­­дың ауасын ауырлатып жібергені сезіледі.– 13 миллион адам тұратын Пекин қала­сы­ның аумағы 120 шаршы километр екен. Мос­ква­ның аумағы 47 километр. Біздің Астанамыз да келешекте осындай жерді алатын болса, даламыздың кеңдігі жетеді ғой, мұғалім…– Астанаға мұншалық далиып, жайылып ке­тудің керегі болмас, Қанатжан! Қазақтың ұлан байтақ даласын елді мекендерсіз қал­ды­рып, баршамыз бір қалаға жиналсақ, жөн бе? Қытай халқы 2 миллиардқа жуықтады. Біздің халқы­мыздың саны бар болғаны 16 миллион ғой!– Түсіндім, мұғалім! Елбасымыз Астана­ның ең үлкен мақсаты – өз тұрғындарының жақсы өмір сүруіне аса қолайлы, таза, сәнді, ұқыпты қала болуы деуі осыдан екен ғой……Екеуі қызу әңгімемен авторикшаның Пекиннің мыңдаған автомашиналары сеңдей соғылысқан көшелерін орман ағаштарының арасымен жүйтки жүгірген ақ тиіндей зымырай кешіп, атақты Юнг Хэ Гун Тибет Будда храмының алдына тоқтай қалғанын аңғармай қалысты. Жүргізушіге 3 юань ұсынып жатып, Бейбіт бар білетін ағылшыншасын қолданып, Пекиннің әйгілі Гу Гун Император сарайының қай тұста екенін сұрап қалды…– Пекин – ғажап қала! Бірақ біздің Астанамыздан сұлу емес екен, – деді өз елінің сөзсіз патриоты Қанат Әбутәліпов, ұстазы мен екеуі Құс ұясы аталатын, Олимпиада алауы жағылып, ойындары ашылған Қытайдың Ұлт­тық стадионына атбасын тірегенде. Швей­ца­рия­лық сәулетшілер Херцог пен Де Мерон жобалаған Ұлттық стадионға Пекин қаласы­ның ғана бюджетінен 500 миллион доллар жұм­салыпты. Арқаулары болаттан тартылып, мықты бетон құй­ма­ларынан өрілген Құс Ұя­сы­ның 258 мың шаршы метр алаңына 91 мың кө­рермен сыйып кеткен сол жолы. Ол мыңдардың арасында Қазақ елінен келген спортшылардың сапында Бейбіт бап­кер мен оның бала жасынан тәлімі мен тәрбиесін, әкелік қамқорлығын көр­­ген атақты боксшы Қанат Әбутә­ліпов та отырған рингке шығар өз күнін күтіп…Пекиннен Алматыға бет алған ұшақ ішінде Қанат биіктен ұлы қалаға көз салды. Ұлттық су орталығы, Олимпия­лық мұнара секілді ұзын саны 30-дан астам нысандар негізінен қаланың солтүстігі мен батыс аймақтарына орналасқан екен. Сұрғылт тұман басқан Пекин үсті Алматыны еске оралтты.– Мұғалім, елге оралған соң, демалысты азайтып, бірден жаттығуға кіріс­сек қайтеді… Бапкер шәкіртіне қараса, жанарларында бір ұшқын ойнап тұр, аспан астындағы жымыңдаған жұлдыз­дармен нұр ұластырғандай…– Лондон Олимпиадасына жолдаманы міндетті түрде жеңіп алайық, мұғалім…Бапкер Бейбіт, ұстаз Бейбіт жымиып күлді. Қанатының бойында күні кешелер жасып қалғандай көрінген жігер қоламта отындай жана бастапты. Олай болса, іске сәт!.. Бапкер өз ойына өзі риза болып, түнгі аспанға шырқай көте­ріліп бара жатқан әуе көлігінің бесіктей тербеткен рахатына бөлене бастады алаңсыз. Бұл – ұстаз бен шәкірт үшін жеңісі мен жемісі, қиындығы мен қызығы да қатар келген 2008 жыл болатын.Алда – Лондон олимпиадасы!…Жазушы ағасы телефон шалып, келіп ке­туін өтінген соң, бапкер Бейбіт кешкі жатт­ы­ғудан соң оның шаңырағына бас сұқты. Өзі­нің ғұмыр бойы жинаған мыңдаған кітапта­ры­ның ортасында төбесі ғана көрініп қаламгер бауыры әдетінше басылымдарын ақтарып отыр екен.– Бейбітжан, Қанатыңның осы жолғы жеңісі жайында айтшы, – деді жазушы бауыры өтініп…Бұлар Пекиннен елге келісімен аз күн ғана тыныстағандай болып, Қанаттың өзі өтін­ген­дей, жаттығуға бірден кіріскен. Асқар Ала­тау­дың баурайында орналасқан спорт кеше­нін­де айлар бойына биік самырсын мен қара­ғай­лардың жұпар ауасын жұта жүріп, шыңдалған. Тамақтан тартынып, айнала шарқ ұрып, болат сымдай ширыққан Қанаты.Еңбектері ақыры жанды бұлардың. Гуйжоу университетінің спорт залы атшаптырым, аумағы кішігірім футбол алаңындай, Әлемнің ең үздік деген 10 боксшысы бұл жолы бес түр­лі салмақ дәрежесі бойынша алдағы Лондонда өтетін ХХХ Олимпиада жолдамасын сарапқа салуда. Сәнді киініп, ұршықша үйірілген жігіт ағасы жарыс мінберіне көтерілді.– Құрметті мырзалар! Алдағы Лондон Олимпиадасының жолдамасы үшін жарыста сіздерге табыс тілеймін. Спорт дүние жүзі халықтары достығының, бейбітшілік жо­лын­дағы ынтымақтасуының ортақ шаңырағы бола бергей, – деп ақ тілегін ақтарды АИБА пре­зиденті Чин Куо Ву мырза шын ниетпен…Алдыңғы орындардың бірінде отырған бапкер Бейбіт Масабаев өз шәкірті, халық­ара­лық дәрежедегі спорт шебері Қанат Әбутә­ліпов Францияның атақты былғары қолғап шебері Нордин Оубаалимен рингке шыға келгенде қатты толқыды. WSB тұжырымы бойынша өтетін бұл жекпе-жек ережесі бойынша кем дегенде 7 раунд өтуі тиіс. Кәсіпқой бокс­тың осынау сайысына төтеп беретіндер сирек. Бейбіт болса, Қанаттың жалындаған жігеріне сенді. Алғашқы раундта Қанат жақын айқас­тан бойын аулақтау салып жүргендей көрген. Қар­сыла­сы­ңа тым таяу жүрудің де өз пайдалары бар. Бі­рақ, оны бокс техникасын жетік игергендер ға­на қолданса керек. Қанаттың тәжі­ри­бесінде шалт қимылдар, аяқ асты импровизациялар болға­ны­мен, мұндай беттесулерде аса сақ болмаса, болмайды. Француз боксшысы рингте аса белсенді секілді. Қанат болса, баяулау, тіпті, самарқау қимылдайтын кейіп танытуда. Әлден уақытта барып бапкер шәкіртінің күш сақтап жүргенін, шабуылдарын кейінгі ше­шуші раундтарға сақтауға бекінгенін аңғарды.Салған жерден аптығудың қажеті де болмас. Қарсыластың айла-тәсілдерін байқап, көңілге түйіп барып қимылдағаны да жөн деп шешті ұстазы. Аяқтарын балет биші­сін­ше кезек ауыстырып, рингте жеңіл қимылдап жүр­ген Нордин төртінші раундта Қанаттың най­зағайдай шатырлаған үздіксіз соққы­ла­ры­ның астында қалғанда, өзінің мықтап қате­лес­кенін кеш түсінді. Қазақ боксшысы шын шебердің өзі екен. Техникасының керемет­ті­гін соңғы раундтарда танытқан Қанат Әбутә­ліпов осы жолы 100 пайыз басымдықпен француз бокс­шысын айқын басымдықпен тізе бүктірді…– Сөйтіп, алдағы Лондон Олимпиадасына жолдаманы жеңіп алдық, аға, – деді бапкер Бейбіт жазушы бауырына әңгімесін аяқтап. – Бұл табысымыз арқылы «Астана Арланс» командасының да бүкіл маусымдағы жеңісте­ріне үлкен үлес әкелдік.– Бәрекелді, Бейбітжан! Ұзағынан болғай жеңістерің, – деп жазушы ағасы ақжарма сезіммен ақтарыла қуанды.…Сыртта 2011 жылғы мамыр айының та­мылжыған соңғы күндерінің шуағынан қуат алған алма ағашының аппақ гүлдері жай­қа­ла бастарын иіп, қаламгер ниетін құптап тұр…

Смағұл РАХЫМБЕК, жазушы.