• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
28 Наурыз, 2012

Бір алтын, бір күміс, екі қола

344 рет
көрсетілді

Бір алтын, бір күміс, екі қола

Жақында Германияның Галле қаласында «Chemistry Cup 2012» халықаралық турнирі аяқталды. Осы турнирде Мырзағали Айтжанов жаттықтыратын еліміздің бас командасы бір алтын, бір күміс және екі қола медальға ие болды.

Бұл турнирде елімізге жалқы жүлдені Серік Сәпиев (69 кг.) сыйласа, 60 кило салмақта күш сынасқан Ғани Жайлауов күміс жүлдені иеленді. Ал 81 килодағы Әділбек Ниязымбетов пен 75 килодағы Данабек Сужанов қола жүлдені қанағат тұтты. Осы жарыс­та Сәпиевтің жеңіске жете­тініне ешкім күмән келтірмеді.

Жақында Германияның Галле қаласында «Chemistry Cup 2012» халықаралық турнирі аяқталды. Осы турнирде Мырзағали Айтжанов жаттықтыратын еліміздің бас командасы бір алтын, бір күміс және екі қола медальға ие болды.

Бұл турнирде елімізге жалқы жүлдені Серік Сәпиев (69 кг.) сыйласа, 60 кило салмақта күш сынасқан Ғани Жайлауов күміс жүлдені иеленді. Ал 81 килодағы Әділбек Ниязымбетов пен 75 килодағы Данабек Сужанов қола жүлдені қанағат тұтты. Осы жарыс­та Сәпиевтің жеңіске жете­тініне ешкім күмән келтірмеді. Өйткені, әлем чемпионатынан кейін дәл қазіргі кезде өз сал­мағындағы нөмірі бірінші боксшы атағын қайтаруға талпынып жүрген Сәпиев қарсыластарының бәрін шыдатар емес. Ол әуелі германиялық Патрик Воджин­скиді сабап, ширек финалда литвалық Егидежус Каваляускасты, жартылай финалда ирлан­диялық Адам Ноланды жеңсе, финалда жаңағы Воджинскидің орнына қызығып, Германияның нөмірі бірінші бокс­шысы атануға әрекет етіп жүрген Арайк Марутянды орнына қойды. Ал Жайлауов болса, шешуші сәтте бразилиялық Робсон Майкл Консейсаодан есе жіберуге мәжбүр болды. Бұл боксшыны осал деп айтуға болмайды. Ол Бакуде өткен әлем чемпионатында Украин Василь Ломаченконың зығыр­данын шығарып еді. Сол кездегі бәсекеде ол украинды үш раундта төрешілердің шешімімен ұт­қаны­мен, кейін жоғары жақ­тағы ақ жағалылардың араласуымен жеңіс Ломаченкоға берілген болатын. Содан бері бразилиялық кірер жерге орын таппай жолында тұрғандардың бәрін жеңіп ке­леді. Басқа кездесулерде герма­ниялық Хамза Тоуба (49 кг.) ресейлік Белик Галановты жең­се, 52 килода өзбек Жасурбек Латипов моңғол Сердамба Пусевдоржды, 56 килода Денис Макаров (ГФР) өзбек Орзубек Шаимовты ұтты. Сондай-ақ, ресейлік Артем Зайцев (64 кг.) Эвертон Лопесті (Бразилия), Стефан Хартел (ГФР, 75 кг.) тағы бір бразилиялық Эскунва Флорентино Фалькаоны, ирландиялық Джозеф Уорд (81 кг.) ресейлік Егор Мехонцевтен айласын асырды. Одан кейін 91 килода Артур Бетербиев (Ресей) қытай Хуанхуан Вангты үшінші раундта нокаутқа жі­берсе, Сергей Кузь­мин аса ауыр салмақтағы Жанк Жилейді тізе бүктірді. Жалпы айт­қанда, осы турнирде Ресей 4 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлде алса, Германия 2 алтын, 2 күміс және 4 медальды жеңіп алды. Бразилия 1 алтын, 2 күміс жүлдені қалтасына басты. Ал Қазақстан құрамасы 1 алтын, 1 күміс және 2 қола жүлдемен 4-ші орынға табан тіреді.

Бұл турнирде жартылай финалда Әділбек Ниязымбетовті жең­ген ресейлік Егор Мехонцев ирландиялық Джозеф Уорден ұты­лып қалды. Осы Уорд тур­нирдің ең шебер боксшысы атанса, ең жігерлі боксшы атағы германиялық Стефан Харкельге берілді. Осыған қарап Ниязымбетовке Лондон Олимпиадасында Уордтың да лайықты қар­сылас болатынын айтуға болады.

Дастан КЕНЖАЛИН.