• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
21 Наурыз, 2012

Түркілік кеңістік пен уақыт бағдары

559 рет
көрсетілді

Түркілік кеңістік пен уақыт бағдары

Ата қазақ жылды рухани-пәлсәпәлік жа­­ғынан бір біріне қай­шы екі маусымға – алты ай қыс пен алты ай жазға бөлге­ні­мен, тір­­шілік маусымын төртке жік­­­­теген жазғы­тұ­рым (көктем), жаз, күз, қыс де­лінеді. Аңдап қарасақ, табиғат құбылыстарын қазақша жыл мау­сымдарының атаулары дәл сипаттайтыны таңдандырмай қоймайды. Қыс­­та табиғат – «қы­сылады», жазда – «жазылады», күзде – «кү­­­зе­­леді», ал кө­к­темде – «көктейді». Әрбір жыл маусымы – 90 күннен, қалған бес күн «қонақ» аталып, соған сәйкес «Бес­қо­нақ» әфсанасы қалыптасқан.

 

Уақыттың түркілік бейнесі мен танымы

Ата қазақ жылды рухани-пәлсәпәлік жа­­ғынан бір біріне қай­шы екі маусымға – алты ай қыс пен алты ай жазға бөлге­ні­мен, тір­­шілік маусымын төртке жік­­­­теген жазғы­тұ­рым (көктем), жаз, күз, қыс де­лінеді. Аңдап қарасақ, табиғат құбылыстарын қазақша жыл мау­сымдарының атаулары дәл сипаттайтыны таңдандырмай қоймайды. Қыс­­та табиғат – «қы­сылады», жазда – «жазылады», күзде – «кү­­­зе­­леді», ал кө­к­темде – «көктейді». Әрбір жыл маусымы – 90 күннен, қалған бес күн «қонақ» аталып, соған сәйкес «Бес­қо­нақ» әфсанасы қалыптасқан.

Сөйтіп, жылдық уақыт төрт тоқсанға бөлініп, әр тоқсанның өзіне тән маусым сәйкестігі бай­қалады. Жыл басталатын жаз­ғытұрымның «көктем» аталып, табиғат жаңару үдерісіне кіріссе, одан соң жаз келгенде жансыз заттың өзі бойын «жазып», күн жылынғанда көлемін ұлғайтатыны физикадан белгілі. Күзде табиғат біткен барлық өсу-өркендеу үдерісін тоқ­тата­ды да күзем қырқылып өсімдік біткен жапырағынан арыла бас­тайды – күзеледі. Ал қыста бар­лық үдеріс қаңтарылады. Қыс­тың нақ ортасын қазақ бабам­ның «қаңтар» деп айдар тағуы да содан.

Бұл таным мамандардың есебі бойынша бұдан 5-6 мың жыл бұрынғы делінетін, Ал­ма­тының солтүстік-батысындағы, 170 шақырым жердегі Аңы­рақай тауындағы жартаста қа­шалған ежелгі суреттерде бейнеленген. Онда күндидары адам­­кейіпті – Тәңір мен түн­дидары – Іңір ортасында сағат тіліне қарсы бағыт бойынша сиыр жылының 4 маусымы бейнеленген: жаңа туған бұзау, одан сәл жоғары да ала баспақ жайылып жүр. Ал оның сол жағында мүйізі қарағайдай бұқа жоғары қарап тұр. Одан төмен мүйізсіз көтерем сиыр тәлтіректейді. Осы көріністерден жылдың төрт мезгілін, яғни көктем, жаз, күз және қысты аңғаруға болады. Ал, аяқ жағын ала Наурызды мерекелеген он екі ай немесе он екі мүшелдің рөліндегі адамдар билеп жүр.

Бұл қаншама суреттен, жыл басының неге көктем болған­ды­ғы өзінен өзі түсінікті секілді. Көктемнің нышаны – жаңа ту­ыл­ған төл! Қыстың кейпін кө­те­рем сиырдан көресің.

Наурыз турасындағы келесі бір назар аударарлық тарихи айғақ туралы да айта кетсек дейміз. Ол сақ-скифтердің алтын бұйымдарында бейнеленген, мифтік әрі астрологиялық мағынаға ие көріністер. Онда көптеген ұғым-нанымдар тайға таңба басқандай бейнеленген. Мысалы, мешіннің қозғалы­­­сы­на қарап – сол жылдың іс-әре­кетке икемді болатынын, ұй­­қыдағы доңыз – қазына толы «сандықты» көрсететінін, ал дулыға бейнеленген қошқар­мүйіз ою қой жылғы туылған батырдың белгісін, оның Қош­­қар ата деген пірі болғандығын, ал сақина сипаттанған уақыт шеңбері: айдаһар, барыс, сиыр бейнелерін аңғартады.

 

Наурыздағы кейбір  қазақы ғұрыптар

Мейрамның әрін ашатын әдет-ғұрып, салт-дәстүр болып табылады. Бүгінде өз алдына бөлектенген қазақы ғұрыптар мен рәсім ретінде танылған бір­қатар құндылықтар – ежелгі түркілік наурыздан бізге жеткен. Солардың кейбіреуіне тоқ­та­­лып көрелік.

Аластау. Жалпы, ол Тәңір-іңір дуа­лиз­міндегі жарықтың, күннің рухы саналатын Тәңірге құрмет көрсету мен түнекті серпу, іңір­­­ді жарықпен әшекейлеу ырымы болуы керек. Алайда, оттың қасиетін паш етуді де жоққа шығаруға болмас. Отпен алас­тау қазір де бар. Демек, отпен аластау – энергетикалық лас­тан құтылудың түр­­­кілік бір жолы деп топшылаймыз.

Айтыс. Нау­рыз­­да­ғы бір міндет – дуалистік қос тарап арасындағы теңгерім (баланс) үдерісі: ақ пен қара, жақсы мен жаман, күндіз бен түн, жарық пен қараңғы, аталық негіз бен аналық негіз, құт пен жұт …Ал, дуализмнің үйлесімі – қарсы тараптардың бейбіт тартысында, сайысында. Бұл кө­рініс қа­зақтың айтыс өне­рін­де арнайы миссиядай қалып­тасқан. Ай­тыс­тың әуел бастағы туындау сәті де күн-түн арбасуына қатысты. Оның ішінде Наурызбен байланыстылығында. Сол себепті де, өлі мен тірінің айтысы, жаз бен қыстың айтысы, қыз бен жігіт айтысы, т.т. қосполюстік диалектикалық айтыс түрлері соған мысал.

Көкпар. Бұл ойынды Тәңір-іңір дуа­лизмінің тайталасын өмірлік сайыстан ойындық талас проекциясы түрінде бейнелеген көш­пелі түркілік жора­л­ғылардың жалғасы деуге болады. Көк­пар­ды тәжіктер де тарт­қан тәрізді. Және оны олар ежелгі кездерде негізінен Наурыз қарса­ңында ғана ойнаған екен. Оған парсылар мен түр­кілердің ық­пал­дасуынан қалып­тас­қан этнос ретінде тәжіктерге тиесілі көк­пардың «бозкаши» аталуы бізді қызықтырады. Се­бебі, «боз­каши» сөзі көкпар ойыны­ның сипатын аша түсетін жа­ңа дерек деуге де келеді. «Боз­каши» қазақтың «боз қас­қаны» (ақсар­басты) құрбанға шал­ған сәтті еске салады. Көк­пардың әуелгі нұсқасы Наурызда, Нар­туғанда, Ысыахта, Сабантойда құрбан­дыққа сойыл­ған малды тарту жоралғысынан туындаған деген де дерек бар.

Алтыбақан. Алты сырықты тігінен үш-үштен бастарын мосы ағашын­дай байлау мен же­тін­шісін олар­дың бастарын қо­суға пайдалануда үлкен космо­го­ниялық таным жатыр. Бұл рәсімде ежелгі ға­лам­ның пайда болу үдерісі кө­рініс тапқандай. Бізге жеткен әфсаналар бойынша алты күн ішінде жеті ғалам­шар жаралды емес пе?! Ендеше, алты сырық – ғаламның жасампаз алты күні де, жетіншісі – әуелгі жеті планета құрметіне деген нышан болуы мүмкін. Ал, бұ­ларға бекі­тіл­ген әлпеншек (маятник) Тәңір-іңір дуализмі­нің үйлесімін паш етуге арнал­ған қондырғы болар.

Оның үстіне, қазақтарда ал­ты­бақанды күн батқанға дейін құрып бітіреді де, оны ойнау салтанаты күн батып, ай туған соң басталады. Кейде таң ат­қан­ша жалғасады. Бұл дегеніміз – түнектің киесі болып табылатын іңірге ырық бермеу ние­ті­нің көрінісі мен жоралғысы. Ендеше ғаламдық қос тараптың тербелу үйлесімін орнату құра­лы – қазақтың алтыбақаны болған-ау!

Бастаңғы. Наурызға қатыс­тылығы әб­ден көмескіленген қазақы бір ғұрып – бастаңғы. Бұл әдет-ғұрып әзірде елдің әр жерінде түрліше ұғынды­ры­ла­ды: бі­реу­лері жас­тардың ересектерден бөлек, ал енді бір өңірлерде қыз-келін­шек­тердің оңаша отырысы дей­ді. Алайда, бұлар – қазақылан­ған бастаң­ғы­ның жұр­­­­нақ нұс­қасы ғана. Оның түпкі сыры бастаңғы сөзінің өзінде бүгулі жатқандай. «Бас» пен «таңғы» сөз тір­ке­сінен құ­ралған бұл оты­рыс әуел баста «оңаша­лық­тан» гөрі жыл­дағы бас таңды қарсы алудан туын­даған жорал­ғы болар деген ойдамыз. Оның үстіне түркі­текті хуннулардың таңды қарсы алу туралы қытай жазбасы хабарлап отыр.

Жоғарыда сөз болған алты­бақан ғұрпы осы бастаңғы жо­ралғысының бір құрамтасы болар. Оның үстіне, бойжеткен­дердің ержеткендерге арнап әзірлейтін «Ұйқыашар» дастар­қ­аны мен жігіттердің ғашық­тарына сыйлайтын «Селтет­кізері» де осы отырыстың сәнін келтіре түсетін, бүгінгі «сюрприз» дәстүріне айналған салт­тың бастауы десек те болар.

Серік ЕРҒАЛИ, Түркі академиясының ақпарат және баспа бөлімінің редакторы, түркітанушы.