• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Қазақстан 31 Қаңтар, 2019

Қазынашылық жүйе, қаражатты тиімді басқарады

2471 рет
көрсетілді

Биыл Қазақстанның қазынашылық жүйесінің құрылғанына 25 жыл толады. Атаулы мерейлі күн жақындаған сайын қызығы мен қиындығы мол жолымызды ой елегінен өткізіп, межелеген болашағымызды ойша пайымдаймыз. 

Алдымен қазынашылықтың атқа­ратын қызметін, қазынашылықтың құрылу тарихын санамызда бір жаңғыр­тайық. Қазынашылық тарихи тұрғыда алып қарағанда, мемлекет байлығының сақ­талуына жауап береді. Салықтар, са­лым­дар, баж салығын өндіріп алуды ұйым­дас­ты­рады, мемлекеттік мұқтаж­дық­тарға қаражат бөледі, сондай-ақ ақша эмис­сиясына, ақша соғуға жауапты. Түйін­деп айтқанда, қазынашылық – ақша қа­ражаттарын тиімді жұмсауды және сақ­талуын қамтамасыз ететін қаржылық орган. 

Мемлекеттік қаржыға жауапты мем­ле­кеттік органдардың құрылуына және жетілуіне көптеген фактор әсер етті. Қар­жыны тиімді басқару жүйе­сін құру, жаң­ғырту әрі дамыту – әр­түрлі елдердің қазынашылық орган­дарының басты міндеттерінің бірі. 

Қазақстанның қазынашылық жүйе­сінің қалыптасуы мен дамуы Тәуелсіздік жылдарымен тікелей бай­ланысты. Мемлекетіміздің өсуі және нығаюы, бюджетке түсімдердің және қаражат шығыстарының бір­тін­деп өсуі мем­лекеттік қаржылық басқаруды және қаржылық жүйені қайта құруды реформалауды талап етті. Туындаған бар­лық мәселені ше­шу­ мақсатында Қазақ­стан Рес­пуб­лика­сының Президенті 1994 жыл­ғы 27 қаң­тарда «Қазақстан Респуб­­ликасы Қар­жы министрлігінің Қазы­на­­шы­лы­ғын құру туралы» Жарлыққа қол қойды. 

Қазақстан қазынашылығы кіріс­тер мен шығыстар бойынша ба­қы­лауды жүзеге асырады, бюджет қа­ра­жаттарының мақсатты жұмсалуына жауап береді, ақша ағынының қоз­ға­лысын оңтайландырады, бюджет­ қаражатын шоғырландыруды, оның жұмсалуының ашықтығын, тиім­ді басқаруды қамтамасыз ете­ді. Сонымен қатар бюджеттік заң­наманы әзірлеуге қатысады және оның атқарылуына ба­қы­лау жасай­ды. Қазынашылық мемлекеттің бюд­жеттік ағынын басқарудың барлық қыры шоғырланған, келешегі мол, да­мы­ған қаржы институты ретінде танылды.

2004 жылы бірыңғай ақпарат­тық ортаны қамтамасыз ету үшін­ қазынашылық органдары жаңа­ ақпараттық жүйеге көшті. Сарап­шы­лардың пікірінше, Қазақ­стан­ның қа­зынашылық жүйесінің тәжіри­бесі басқа елдерге үлгі болатындай, жо­ға­ры бағаланып, бірегей жүйе ретінде та­нылды.

2011 жылы осы орган жұмысының тиімділігін барынша жоғарылатқан, со­ған сәйкес бюджетті игеру сапасын арттырған, қаржылық құжаттарды онлайн-режімде өңдейтін «Қазына­шы­лық – клиент» жүйесі енгізілген болатын. 2012 жы­лы бюджет қар­жы­сының игерілуі мен мақсаты – бюджет қағидатына сәйкес­тігіне ар­налған квазимемлекеттік сектор­ субъектілерінің шоттарына қызмет көр­сету басталды. Одан әрі бюджеттік шы­ғыс­тардың тиімділігін түпкілікті жақсар­ту үшін 2017 жылы «Құрылыс бойынша мемлекеттік сатып алуды қазынашылық қолдау» жобасы енгізілді. Аталған жоба­ның негізгі мәні − құрылысқа шарттарды іске асырған кезде бюджет шығыстары мониторингін жасау. 

Бүгінгі таңда қазынашылық жүйе Қазақстанның қаржылық жүйе­сі­нің басты бөлігі болып отыр. Ол мем­лекеттік органдардың алдына қойған міндеттерін орындау үшін кірістерді уақ­тылы есеп­теп, қаржылық ресурс­тармен жеткі­лікті қамтамасыз ете отырып, ақша­лай ағын­ның ашықтығы мен шұғыл жүргізілуін қамта­ма­сыз етеді. Процестерді барынша ав­то­маттандыру, алдыңғы қатарлы озық тех­но­логияларды пайдалану, әкім­шілік және техникалық тәртіпті оңай­лату арқылы стратегиялық мін­деттердің бірі қоғамдық қаржы жағ­дайы туралы ақпараттың ашықтығы мен қолже­тім­ділігін қамтамасыз етуді шешуге мүм­кіндік береді.

Сөз жоқ бұл жұмыстардың тигіз­ген игі әсері бар. Алайда, бұл қа­зы­нашылық қыз­метінің биік шоқтығы емес. Келе­шек­те атқарылуға тиіс жобалар әлі де болса жетерлік: мемле­кет­тік қаржының өтімділігін тиімді басқару. Мақсат – Үкімет тарапынан эко­номикаға уақытша талап етілмейтін бюджет қаражатымен жұмыс істеу. Нарық мөлшерлемесі бо­йынша Бірыңғай қазынашылық шоттардың уақытша бос қаражатын банктерде орналастыру нарық өтімділігін қолдаудың пайдалы әрі керекті құралы болуы мүмкін; 

қаржылай есептіліктің халық­ара­лық стандарттарына сай бюджет­тің бар­лық деңгейінде одан әрі шо­­ғыр­лан­дыру үшін есептеу әдісі бойынша ақша ағыны мен жұрт­шы­лық­тың аталған есептеріне қол жет­кізу мүм­кіндігіне арналған шоғыр­лан­ды­рыл­ған қаржылық есептемені ұсыну;

бюджет қаражатын жұмсауға дейін бұзушылықтарды болдырмауға мүмкіндік беретін, бүгінде ішкі аудит органдары анықтайтын бұзу­шы­лық­тарға жол бермеу үшін алдын ала және ағымдағы бақылау кезеңінде қазынашылық қызметті кеңейту және күшейту. 

Құрылғаннан бастап аз уақыт­тың ішінде Қазақстанның қазына­шы­лығы бюджет жүйесінің бір буыны ретінде мемлекеттік қаржыны басқару жүйе­сінен лайықты орын ала отырып, орасан зор қалыптасу және даму жолынан өтті. Әрине мұның барлығына бұл сала­да еңбек ететін сауатты әрі білікті қызмет­кер­лерінің жұмысы нәтижесінде қол жеткі­зілді. Осы ортақ ұлы ісімізді табысты да­мытуға қомақты үлесімізді қоса берейік!

Рахат ТОҚБАЕВ, 

Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы