• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
03 Ақпан, 2012

Денсаулық пойыздары ел игілігіне қызмет етеді

438 рет
көрсетілді

Денсаулық пойыздары ел игілігіне қызмет етеді

Жұма, 3 ақпан 2012 7:17

Төтенше жағдайлар министрлігінің «Апаттар медицинасы темір жол госпитальдары» АҚ басқарма төрағасы Серік ДАНБАЕВПЕН әңгіме– Серік Ұғанұлы, осы күн­дері қалың қауым меди­ци­на­лық пойыздардың жасақ­тал­ған­дығынан, олардың жұрт­шы­лықтың денсаулығын тексеруге нақты көмек көрсетіп жүргендігінен хабардар. Бұл пойыздарды жасақтауға нендей жағдай себеп болды және оның атқаратын қызметінің ауқымы қандай?

Жұма, 3 ақпан 2012 7:17

Төтенше жағдайлар министрлігінің «Апаттар медицинасы темір жол госпитальдары» АҚ басқарма төрағасы Серік ДАНБАЕВПЕН әңгіме– Серік Ұғанұлы, осы күн­дері қалың қауым меди­ци­на­лық пойыздардың жасақ­тал­ған­дығынан, олардың жұрт­шы­лықтың денсаулығын тексеруге нақты көмек көрсетіп жүргендігінен хабардар. Бұл пойыздарды жасақтауға нендей жағдай себеп болды және оның атқаратын қызметінің ауқымы қандай?

– Мемлекет басшысы Н.Ә. На­зарбаев өзінің 2011 жылғы «Бо­лашақтың іргесін бірге қалай­мыз» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақ­стан үшін көліктік медицина өте көкей­кес­ті, сондықтан біз оны дамыта­тын боламыз» деген еді. Осы мақсатта елімізде қазақ­стан­дық­тардың игілігі үшін үш меди­ци­налық пойыз құрылып, бүгінде жемісті жұмыс істеуде.Бұл медициналық пойыздар екі әлеуметтік маңызды міндеттерді шешуге көмектеседі: елі­міз­дің шалғай өңірлерінің тұр­ғындарына медициналық қыз­мет көрсетудің қол жетімді бо­луын қамтамасыз етумен қатар, эвакуациялау мүмкіндігіне орай ірі көлемдегі төтенше жағ­дай­ларда зардап шеккендерге меди­циналық жәрдем көрсетеді.Жобаны дамыту 2010 жыл­дың шілде айында «Денсаулық» емдеу диагностикалық пойызы­нан басталды. Бұндай аумақты әлеуметтік жоба «Нұр Отан» халықтық-демократиялық пар­тия­сы­ның қолдауымен Тө­тенше жағдайлар министрлігі және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ арасында жасалған ме­мо­ран­думға сәйкес іске асы­рылды.2010 жылдың қорытындысы бойынша «Денсаулық» меди­ци­налық пойызы «2010 жылғы жыл­дың №1 әлеуметтік жауап­ты жобасы» номинациясы бой­ын­ша «Жыл таңдауы» ұлттық байқауында және «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» номи­на­циясы бойынша бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жө­нін­дегі «Парыз» байқауында жүлдегер атанды.Шалғайдағы шағын стансалар мен бекеттердің және оларға таяу орналасқан елді мекен­дер­дің мамандандырылған медици­на­л­ық жәрдемге мұқтаждығы, емдеу-диагностикалық жәрдем­ді қажет ететін жұртшылықтың көптігі өз жұмысын 2011 жылы бастаған екінші медициналық «Жәрдем» пойызын шығаруға себеп болды.– Медициналық пойыздар­дың саны үшеу деген едіңіз.– Дұрыс айтасыз. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Бо­ла­шақтың іргесін бірге қалай­мыз» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында берген тап­сырманы орындауда және Қа­зақстан Республикасында ден­­сау­лық сақтау саласын дамы­тудың 2011-2015 жылдарға ар­нал­ған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы ая­сында «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының бас­тамасымен Төтенше жағ­дайлар министрлігі «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және Денсаулық сақтау министрлігімен бірге «Саламатты Қазақ­стан» үшінші медициналық пойызын да өткен жылы жолға шығарған болатын.Медициналық үш пойыздың екінші жартыжылдықтағы жұмы­сы Қазақстан Республикасының 20 жылдығына және «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партия­сының бастамасымен өткізілетін «Тәуелсіздіктің жиырма белесі» акциясына арналды.Пойыз вагондарының техника­лық мүмкіндігі халыққа емдеу-  диагностикалық шараларын жүр­гі­зуге, амбулаторлық шағын операциялар жасауға және стома­то­ло­гиялық жәрдемді кең көлемде көрсетуге мүмкіндік беретін сан­дық зертханалық, рентген­диагнос­тикалық, ультрадыбыстық, эндос­копиялық, электроинструментал­ды медициналық қондырғылармен жабдықталған.«Саламатты Қазақстан» үшін­ші медициналық пойызы алғаш рет ТМД және алыс шетелдердің, республикамыздың жетекші ғы­лы­ми медициналық орталықтары­мен (шалғай стансалар мен бекеттердегі науқастарды емдеу бары­сында) on-line режімде конференция өткізуге, консилиум жасауға, кеңес беруге мүмкіндік беретін телекоммуникация құралдарымен жаб­дықталған.Медициналық пойыздарды құру үшін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы жолаушылар вагондарын бөлді. Қарапайым жолаушылар вагондарынан ме­ди­ци­налық вагондар жасап шы­ғару­ды «Алматы вагон жөндеу зауы­ты» АҚ жүзеге асырды.ТЖМ «Апаттар медицинасы темір жол госпитальдары» акционерлік қоғамының үздіксіз және сапалы жұмыс істеуі үшін пойыз штатын біліктілігі жоғары мамандармен (18 дәрігер мамандығы бойынша) жасақтау, дәрі-дәрмек­термен қамтамасыз ету жүргізілді.– Бұл пойыздар төтенше жағдайларда зардап шеккендерге де жәрдемдеседі деп естіп едік.– Оныңыз рас, пойыздар таби­ғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда зардап шеккендерге медициналық жәрдем көрсетеді және зардап шеккендерді эвакуациялайды. Пойыздар ТЖ ошағына тезірек жету үшін «Қа­зақстан темір жолы» Ұлттық ком­паниясы» АҚ оны «жасыл дәліз­бен» қамтамасыз етеді.– Осындай ауқымды жоба бүгінде өз нәтижесін берді ме?– Екі жылға толмайтын мерзімде үш кеңестік-диагностикалық пойыздың мамандарымен респуб­ликамыздың барлық облыстары­ның 212 стансасының және оларға іргелес жатқан ауылдардың 84 114 тұрғынына, сонымен қатар 26 510 балаға медициналық жәр­дем көрсетілді. Дәрігерлерге келушілер саны 382 087 адамды құрады. 222 998 диагнос­ти­ка­лық, сонымен қатар 63 188 ультрадыбыстық және басқа да толып жатқан медициналық зерттеулер жүргізілді. Оның бәрін шағын мақала аясында ежіктеп айтып жатпай-ақ, 794 шағын амбулаторлық операциялар жасағанына ғана тоқталсам деймін.Жүргізілген жұмыс нәтиже­сінде пойыз мамандарымен 142 230 ауру түрі тіркелді, оның 17 754-і балалар науқасы болып шықты. Сондай-ақ 2 272 ісік анық­талды. Алдын ала туберкулез диагнозы 91 адамға қойыл­ды.Емделушiлер білікті меди­ци­налық көмек алу және тексеруден өтумен қатар медициналық пойыздардың бағыты бойынша ұйымдастырылған «Нұр Отан» ХДП қоғамдық бөлімдерінің әлеуметтік қорғау саласындағы мамандарының кеңесіне жү­гінуге мүмкіндік алды.Тағы бір айта кететін жәйт, пойыздың телемедициналық ор­та­лығы арқылы on-line режімінде пойыздың дәрігерлері «Ана мен бала ұлттық ғылыми орта­лығы» АҚ профессоры Т.Үкі­басова және «Астана медици­налық университеті» АҚ акушерлік және гинекология кафе­дра­сының меңгерушісі, профессор Г.Ахмедьяновамен байла­нысып, жатырдан қан кету дертімен қиналып жүрген Ақмола облысы, Адыр стансасының тұрғынына консилиум сеансын жүргізді. Телемедициналық консилиум диагнозды нақтылауға, қан кету себептерін анықтауға, емдеу тактикасын түзеуге және пациентті одан әрі «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталы­ғында» оперативті емдеу туралы мәселені шешуге мүмкіндік берді.– Жергілікті тұрғындар мұн­дай медициналық пойыз­дар­дың елді мекенге қашан келетінін білмей, қапы қалып жатқан жоқ па?– Бағыт бойынша орналас­қан стансалар мен ауылдық ок­ругтердің тұрғындарына пойыз­дың жұмыс кестесі алдын ала хабарланады, осының арқасын­да медициналық жәрдем көрсе­ту, сонымен қатар, аймақтарда әлеуметтік-мәдениеттік шара­лар­ды өткізу нақты ұйымдас­тырылады. Осындай қамқор­лық­қа риза болған шалғай елді мекендердің, шағын бекет тұр­ғындарының Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы На­зар­баевқа, Төтенше жағдайлар министрлігінің және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшы­лығына, сондай-ақ жобаға қа­тысушы медицина қызметкер­леріне айтар алғысы шексіз.– Бұл жоба алдағы уа­қыт­та да жалғаса ма?– Әлбетте. Қаңтардан бастап медициналық пойыздар Қазақ­стан бойынша сапарға шықты. Олардың мақсаты өзгермейді – ол халықты диагностикалау және емдеу.– Әңгімеңізге рахмет.Әңгімелескен Жұмагүл ҚУАНЫШБЕКҚЫЗЫ.