• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
10 Ақпан, 2012

Шырайлы шаңырақ

396 рет
көрсетілді

Шырайлы шаңырақ

Жұма, 10 ақпан 2012 8:15

Талдықорғандағы Достық үйі этномәдени бірлестіктер жұмысына жаңа леп беріп отыр

Достық пен ынтымақ құ­ша­ғындағы еліміз өткен жиырма жылда талай асуларды бағын­дыр­ды. Осы орайда қаланың шы­ғысындағы архитектуралық жағынан әсем Достық үйі шы­райлы шаңыраққа айналған. Мұн­да облыстық Қазақстан хал­қы Ассамблеясы тілі басқа, тілегі бір түрлі ұлт пен ұлыс­тың басын қосып, алға қойған мақсаттарын орындап келеді.Осы бір тарихи кезеңдегі кең ауқымды экономикалық, сая­си және әлеуметтік реформалар Тұңғыш Президент – Ұлт Көш­басшысы Нұрсұлтан Назар­баев­тың басшылығымен іске ас­қа­нын да айтуға тиіспіз.

Жұма, 10 ақпан 2012 8:15

Талдықорғандағы Достық үйі этномәдени бірлестіктер жұмысына жаңа леп беріп отыр

Достық пен ынтымақ құ­ша­ғындағы еліміз өткен жиырма жылда талай асуларды бағын­дыр­ды. Осы орайда қаланың шы­ғысындағы архитектуралық жағынан әсем Достық үйі шы­райлы шаңыраққа айналған. Мұн­да облыстық Қазақстан хал­қы Ассамблеясы тілі басқа, тілегі бір түрлі ұлт пен ұлыс­тың басын қосып, алға қойған мақсаттарын орындап келеді.Осы бір тарихи кезеңдегі кең ауқымды экономикалық, сая­си және әлеуметтік реформалар Тұңғыш Президент – Ұлт Көш­басшысы Нұрсұлтан Назар­баев­тың басшылығымен іске ас­қа­нын да айтуға тиіспіз. Қазақ­стан халқы Ассамблеясы елдің көп этносты халқының мүдделе­рін көрсететін бірегей институт ретінде қалыптасса, өңірді мекен еткен барлық этностарды азамат­тық және рухани-мәдени тұрғы­дан топтастырып, отаншылдық, елжандылық қасиеттер мен қа­зақ­стандық жарасымдылықты қа­лыптастыруға бағыттап, сан қыр­лы жұмысты жалғастырғаны, әри­не, құптарлық.

Достықтың алтын бесігі са­нал­ған Жетісу жерінде ұстанымы мен сенімі жылдар бойы ны­ғай­ған 71 этномәдени бірлестік әр этнос өкілдерінің бейбіт қатар өмір сүруінің тәлімді тәжірибесін жинақтап үлгерген. Түрлі мәде­ниет пен салт-дәстүрлер мемлекет құраушы ұлт – қазақ хал­қының салт-дәстүрі мен мәде­ниеті төңірегінде тоғысып, өр­кендеуіне берік негіз қалан­ғанын көргенде көңіл толады.Жетісу жерінде 1 миллион 900 мыңға жуық халық тұрса, солардың 1 миллион 286 мыңы қазақ, қалған 32,3 пайызын өзге 103 этнос өкілдері құрайды. Олар­дың ішінде 320 мыңнан астам орыс, 151 мыңнан астам ұй­ғыр, 16 мыңға жуық әзер­бай­жан, 17 мыңнан артық корей, 13 мыңнан астам күрд пен татар, 6 мыңға жуық чешен, 2 мыңдай дүнген мен поляк және тағы басқа этностық топтар тату-тәт­ті ғұмыр кешіп, қоғамдағы ын­ты­мақ пен бірлік туын жоғары ұстауда.Қай кезде де жүйелі жұмыс қаржыға келіп тірелетіні белгілі. Осы орайда Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы Заңды, Ел бірлігі доктри­на­сын жүзеге асыру үшін жұмсалатын қаржы көлемі жыл сайын ұлғайып келеді. Осыдан 5-6 жыл бұрын об­лыс­тық Ассамблеяның бюджеті 5 миллион теңгеге жетер-жетпес болса, бү­гін­де 50 миллионнан асып, 10 есеге арт­қан. Өткен жылы облыстық этномә­дени бірлестіктерге мерейтойлық мә­де­ни-көпшілік шаралар өткізуге 11 миллион 500 мың теңге бөлініп, 23 бір­лестіктің әрқайсысына арнайы мем­лекеттік тапсырыс берілген. Нәтиже­сін­де, ұлттар достығы тамырын те­реңге жайып, салт-дәстүрлер мен тілдерге, өзге де мәдени шараларға орай бірқатар кездесулер мен мазмұнды кештер өтті.Елбасының «2011 жылды Қазақ­стан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы деп жариялау туралы» Жар­лығы облыстық Ассамблеяның ар­найы жоспары бойынша кезең-кезеңімен жүй­елі жалғасып, мемлекеттік тіл сая­сатын жүзеге асыру мәселесі облыстық Ассамблеяның күнделікті жұмыс ауқымындағы мәнді шараларға ұласты.Ұлттық ерекшелігімізді, әрбір этностың тілін, дәстүрін сақтай оты­рып, өзара түсіністік, адамгершілік пен ізгілік негізінде шынайы бірлікке келу бүгінгі күннің басты талабы екені анық. Бұл бағытта мемлекеттік тілдің ел азаматтарын біріктіруші аса маңызды фактор екендігін жақсы түсінген этномәдени бірлестіктер, әсіресе, жастардың қазақ тілін оқып-үйренуіне баса көңіл бөліп, оның тиянағын келтіруге атсалысты.Өңірде қазақ тілінің қолданыс аясы жыл сайын кеңейіп келеді. Бұрын мемлекеттік тілде сөйлейтін бірді-екілі өзге этнос өкілін кездестірсек тамсанып, та­ңырқағанымыз жасырын емес. Қазіргі кезде оқу орындары мен мекемелерде мұндай жастардың қатары жыл сайын арта түсіп келеді. Этномәдени бірлес­тік­тердің әдістемелік-тәжірибелік орта­лығы болып табылатын Достық үйінде арнайы жасақталған бір ғана тіл кабинеті арқылы 3 жыл мерзімде 100-ден аса азамат – әр этнос өкілдері қазақ тілі мен өз ана тілдерін оқып-үйренді.Этномәдени бірлестіктер өкілдері «Мемлекеттік тіл – менің тілім», «Тіл­дарын» байқауларына және дәстүрлі Абай, Ілияс, Мұқағали оқуларына белсене атсалысып, жеңімпаздар қата­ры­нан танылуда. Мәселен, Көксу ауда­нын­дағы орыс этномәдени бірлестігінің жұмысын өзгелерге үлгі етуге болады. Орталықты «Құрылысшы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас­шы­сы Александр Бузыкин басқарып, кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігіне ерекше назар аударып отыр. Мұнда Елбасы тапсырмасын орын­даудағы бағдарлы жұмыс жүйеленіп, ауылды көркейту мен жеткіліксіз қам­тылған жандарға қамқорлық аясы кеңи түскен. Жастарды елжандылыққа баулу, ізгі қасиеттерді қалыптастыру мәсе­лесіне де бірлестік мүшелері белсене қатысады.Облыстық Қазақстан халқы Ассам­блеясы «Әнім сенсің, Астана!» кітабын жарыққа шығарды. Онда өңірдегі ақын­дар мен сазгерлердің Отанымыздың бас қаласына деген жүрек лүпілін сезуге болады. Әр ұлттың тілі басқа болға­ны­мен, үні мен үміті бір екеніне осыдан-ақ көз жеткіземіз. Ассамблеяның жыл өткен сайын Ресей, Қытай, Украина, Польша, Корея, Түркия сияқты мемлекеттермен байланысы нығая түскен. Аталған елдердің елшіліктері Достық үйіндегі славян халқының мәдениетіне арналған, Александр Затаевичтің шы­ғар­машылығы мен «Пушкин жазы» фестивальдерінің жиі қонағы болуымен бірге, өңірдегі қолға алынған жұмыс­тар­ды жоғары бағалайды.Өткен жыл тарихта тәуелсіздігіміз­дің 20 жыл­ды­ғымен есте қалғаны анық. Осыған байланысты «Тәуелсіздік – баршаның бақыты», «Ең­бегіміз – ел мерейіне», «Қазақстан – менің Ота­ным», тағы бас­қа тақы­рып­тар­да аға буын мен жас­тар ара­сын­да кездесулер өткізілді. Онда этномәдени бірлестіктер мүшелері өткен қиын күндер мен бүгінгі бақытты өмірді салыстырып, өмірімізге лайық­ты өрендер тәрбиелеуге бағытталған мақсатты жұмысқа үлестерін қосты.Мәселен, корей ұлтының өкілі Анастасия Ли Қазақстанның әлемде өз орнын ойып алған, Азия мен Еуропаны мойындатқан ел екенін мақтанышпен айтады. Қазақстан – туған жерім, Отаным. Бүгін ақыл таразысына салып, баға беру, ғасырлар тоғысында өмір сүрген қазақ мемлекеті, оның ішінде 70 жылдан бері құшағына басып, туған бауырындай санаған корей ұлтының өмірі туралы айту менің парызым, дегенінің өзі оның ұлтымызға деген ыстық ықыласының дәлелі.Оның бұлай айтуының жөні бар. Өйткені, әкесі Василий Ескелді ауда­нындағы Қарабұлақ кентіндегі орта мектепте мұғалім. Қазақ сыныптарына дене шынықтырудан сабақ береді. Ана­сы Лидия оралмандарды құжаттандыру ісімен айналысады. Екеуінің де жұ­мысы мемлекеттік тілмен тығыз байла­нысты. Отбасында олар қазақ тілінде сөйлеп, ұлтымыздың салт-дәстүрін қас­терлейді. Сондай-ақ неміс этно­мәдени бірлестігінің мүшесі Лена Коновалова да жиындарда ұлтымыз­дың қонақжайлығы мен кеңпейіл­ділігіне байланысты әңгімені әріден бастайды. Көп ұлттың өкілдері бас қосқанда Иван Лигай қазақ әндерін мәнеріне келтіре шырқайды. Осы­лай­ша Достық үйі өңірдегі этнос­тардың басын біріктіріп, ниетін тоғыстырады, бірлік пен ынтымаққа үндейді. Мұндай жандар өңірде жүздеп кездеседі. Сондықтан да олардың өнегелі істерін өзгеге үлгі ету этномәдени бірлестіктер ара­сын­дағы жұмысты жандандыруға септігін тигізетінін атап айтқан жөн.Биылғы 2012 жылы да өңірде қоғам дамуына ерекше әсер ететін ұтымды істерден этномәдени бірлестіктер шет қалмайды. Достық үйінде Елбасының Жолдауында айтылған тапсырмаларға байланысты бағдар­лы бастамалар өтетінін облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай ерекше айтады. Әрине, бұған күмән жоқ. Өйткені, бүгінгі уақыт осыны талап етеді. Халқымыз «Қосылған ел – озар, айырылған ел – азар» деп тегін айтпаған. Демек, бірлік пен тірлік жақсылыққа жол ашатынын ұмытпай, бірлігіміздің тізгінін берік ұстайық.Күмісжан БАЙЖАН,Алматы облысы.