• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
15 Ақпан, 2012

Обыр

880 рет
көрсетілді

Обыр

Сәрсенбі, 15 ақпан 2012 7:46

Жыл сайын жер бетінде қатерлі ісіктен 8 миллион адам көз жұмады. Қазақстанда қалай?

Білесіз бе, жыл сайын дүние жүзінде 10 миллионға жуық жан­­ның жаңадан онкологиялық ауруға шалдыққаны анықталып, қатерлі ісіктен жыл сайын 8 миллионға жуық адам қайтыс болуда. Егер де осы кеселді дер кезінде анықтап, алдын алмаса, қатерлі ісікке шалдығу және оның асқынуынан мезгілсіз көз жұматындар саны бүкіл әлем бойынша 2020 жылға қарай 1,5-2 есе артады деген болжам бар. Ракқа шалдығу негізінен ерлер арасында жеңіл және колоректалды обырдың, ал әйелдер арасында сүт безі және жатыр мойны обырының есебінен арта түспек.

 

Сәрсенбі, 15 ақпан 2012 7:46

Жыл сайын жер бетінде қатерлі ісіктен 8 миллион адам көз жұмады. Қазақстанда қалай?

Білесіз бе, жыл сайын дүние жүзінде 10 миллионға жуық жан­­ның жаңадан онкологиялық ауруға шалдыққаны анықталып, қатерлі ісіктен жыл сайын 8 миллионға жуық адам қайтыс болуда. Егер де осы кеселді дер кезінде анықтап, алдын алмаса, қатерлі ісікке шалдығу және оның асқынуынан мезгілсіз көз жұматындар саны бүкіл әлем бойынша 2020 жылға қарай 1,5-2 есе артады деген болжам бар. Ракқа шалдығу негізінен ерлер арасында жеңіл және колоректалды обырдың, ал әйелдер арасында сүт безі және жатыр мойны обырының есебінен арта түспек.

Қазір қай елді алып қарасақ та, қатерлі ісікке шалдығу және оның салдарынан қайтыс болып жатқан жандардың саны кемудің орнына, тұрақты өсіп келе жат­қаны байқалуда. Мұның бәрі адамдардың өмір сүру салтын­да­ғы түбегейлі өзгерістермен, ден­саулыққа зиянды әдеттердің таралуымен, қоршаған ортаның нашарлауымен түсіндіріледі.

Бүгінде дүниенің төрт бұ­ры­шы бұл дертпен бірігіп күресуге мүдделі. Қатерлі ісіктің неден пайда болатынын, асқындырмау мен алдын алу мәселелерін де әлемнің әр шалғайындағы оқы­мыс­тылар қосылып зерттеуде. Және Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау ұйымының қолдау көрсе­туімен Обырға қарсы халық­ара­лық одақ Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күнін 2006 жылдың 4 ақпанынан бастап жыл сайын өткізіп келеді. Осы күні бүкіл әлем дәрігерлері сияқты Қазақ­стандағы медицина мамандары да онкологиялық ауру – жаһан­дық және аса маңызды мәселе екендігін халықтың есіне салады.

Ал біз елімізде қатерлі ісік­тің белең алуы қай деңгейде екендігін және қандай шаралар жүргізіліп жатқанынан ақпар алу үшін Алматыдағы Қазақстан Баспасөз клубында «Обырдың алдын алу және оны ерте бастан анықтау. Біз бірге мықтымыз» тақырыбында өткен баспасөз мәжілісіне келген едік.

Биылғы Бүкіләлемдік обырға қарсы күрес күніне «Бірге біз мықтымыз» ұраны таңдап алыныпты. Өйткені, жұрт бірігіп жұмылғанда, әрқайсымыз айна­ламызға жауапкершілікпен, жан­ашырлықпен қарағанда ғана обыр және тағы да басқа жұқ­­­­палы емес аурулардан болатын мезгілсіз өлім-жітім көрсеткішін 2025 жылға қарай 25 пайызға қысқарту мүмкін болмақ. Бұл іске азаматтық, қоғамдық, үкі­мет­тік емес ұйымдардың да ат салысқаны қажет болып тұр.

Халықаралық зерттеу мәлі­мет­теріне көз салсақ, қатерлі ісіктердің пайда болуына – шылым шегу (30%), дұрыс та­мақ­танбау (35%), жұқпалы факторлар (10%), кәсіби канцерогенді әсер етулер (4-5%), иондық сәу­лелену (4-5%), ультракүлгін сәу­лелену (2-3%), ішімдікті пайдалану (2-3%), ауаның ластануы (1-2%), дене қимылының азды­ғы (4-5%) әсер етеді екен.

Ал Онкология және радиология ҚҒЗИ мәліметтеріне сүйен­сек, 2010 жылы республика бойынша қатерлі ісікке шалдығу 100 мың адамға шаққанда 181,2-ні құраған. Обырға шалдығудың ішінде бірінші орынды жеңіл обыр – 12%, екінші орында сүт безі обыры – 11,3%, үшінші ор­ынды тері обыры және меланома – 10,6%, төртінші орынды ас­қа­зан обыры – 9% алады. Қа­­тер­лі ісік ауруларынан болатын өлім-жітім 100 мың адамға шақ­­­қанда 103,9-ды құрап отыр.

Екінің бірі демесек те, айналамызда ет жақыны обырдан ажал құшып, жап-жас жандар мезгілсіз көз жұмып жатқанын жиі кездестіреміз. Мұндай жағ­дайда қайтпек керек? Қазірге медицина саласының мамандары обырдан жеңілмеудің бірден бір жолы – оны ерте бастан анықтау екендігін алға тартуда.

Демек, заманауи скринингтік тексеруден өткізу мен медици­налық қызметкерлердің онколо­гия­лық ауруларға қатысты қы­ра­ғылығын арттыру арқылы онко­ло­гиялық ауруларды ерте бастан анықтауға болады. Және бұл – аса маңызды. Ісікті ерте кезеңде анықтау науқасты тиімді емдеп, оның толығымен сауығып ке­ту­ін арттыратыны расталған жәйт. Алайда, сырқаттанушылардың 50 пайызға жуығы қатерлі ісікке шалдығудың 3-4 (кеш) кезеңінде ғана мамандардың көмегіне жүгінеді екен.

Шеңгеліне түскен адамды білдірмей жейтін обырдың қау­іп­тілігі де осында. Сондықтан да осындай дерттің бар екен­ді­гін адамдар еш қаперден шығар­мауы қажет екен.

Мәселен, осы арада Ресей мен ТМД елдеріндегі Philips «Ден­саулық сақтау» секторы­ның басшысы Владимир Габриелян мырзаның берген түсінік­те­месін келтірудің сәті түсіп тұр.

«Қазақстанда мемлекет тарапынан онкологиялық аурулар мәселесіне үлкен назар аударылады. Осылайша, 2011-2015 жыл­дарға арналған «Саламатты Қа­зақстан» денсаулық сақтауды да­мытудың мемлекеттік бағдар­ламасында қатерлі ісікпен кү­рес­тегі негізгі екі кезеңге ерекше көңіл бөлінген – ерте диаг­ностика және халық арасында саламатты өмір салтын кеңінен насихаттау арқылы осы аурул­ар­дың алдын алу.

Бүгінгі таңда онкологиялық ауруларға шалдықтыратын сырт­қы факторлардың бәрі дерлік белгілі. Осыған байланысты 80 пайыз жағдайда онкологиялық аурулардың алдын алуға бола­тын­дығы белгілі болып отыр. Алғашқы кезеңдерде обырды (рак), әрине, білікті дәрігер­лер­дің және қажетті бағдарламалық қамсыздандырудың көмегімен, УДЗ (ультра дыбысты зерттеу), рентген, КТ (компьютерлік томография) және МРТ (магнитті-резонансты томография) арқы­лы оңай анықтауға болады.

Аурумен күрес және ауруға шалдыққандардың үлесін қыс­қарту өлім-жітімнің жалпы дең­гейін едәуір төмендетіп қана қой­май, республикалық бюджетке тиетін салмақты жеңіл­де­тіп, денсаулықты сақтауға кете­тін шығындарды азайтуға ықпал етеді. Мәселен, Ресейде онко­ло­гиялық ауруға шалдыққан бір адамға көрсетілетін медици­на­лық көмек орта есеппен 2 миллионнан бастап 3 миллион рубль­ге дейінгі қаражатты қажет етеді» дейді ресейлік маман.

Расында да, Денсаулықты дамыту жөніндегі 2011-2015 жыл­дарға арналған «Саламатты Қа­зақстан» мемлекеттік бағдарла­масында халықтың арнаулы топтарын скринингтік тексеруден өткізу және саламатты өмір салтына ынталандыру есебінен қа­терлі ісіктердің алдын алу және ерте анықтау іс-шараларына баса назар аударылған.

Ал мамандар қатерлі ісіктің құлаш жаюын едәуір төмендету үшін ең қарапайым, алайда аса тиімді мынадай ережелерді ұс­та­ну қажеттігін ұсынуда: шылым шегуден бас тарту, артық салмақпен күресу, белсенді өмір салтын ұстану және спортпен ұдайы шұғылдану, дұрыс тамақ­тану, жеміс пен көкөністердің қажетті мөлшерін тұтыну, ұзақ уақыт күн астында жүруден немесе солярийге барудан аулақ болу, жас ерекшелік тобына сәй­кес алдын алатын скринингтік тек­серулерден тұрақты өтіп тұру.

Ал Дүниежүзілік обырға қар­сы күрес күнінде Қазақстанның барлық аймақтарында 1-10 ақ­пан аралығында онкология­лық аурулардың алдын алу үшін арнайы онкүндік өткізілді. Ке­шенді шараның мақсаты – онкопатология ауыртпалығын төмен­дету жөніндегі жаһандық мәсе­леге қоғамның назарын аудару, республика халқының, медици­налық қызметкерлердің онколо­гиялық аурулардың алдын алу және ерте анықтау мәселесіне қатысты білімін арттыру, елге скринингтік тексерулерден өтіп тұру қажеттілігі жөнінде ақпа­рат тарату. Әйтсе де дәрігерлер де, халықтың өзі де онколо­гия­лық ауруларға қатысты қырағы­лық танытуы тиіс. Мамандар­дың пайымдауынша, ағзамызда­ғы кінәраттарға бей-жай қара­мау­дың арқасында онкология­лық аурулардың асқынуының алдын алуға болады екен.

Айнаш ЕСАЛИ.

Алматы.