• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
18 Сәуір, 2012

«Қазақ елі бізге құт мекен болды»

654 рет
көрсетілді

«Қазақ елі бізге құт мекен болды»

Сәрсенбі, 18 сәуір 2012 8:14

Мемлекет бас­шы­сы­ның Қазақстан ха­л­қы Ассамблея­сы­ның кезекті сессиясын шақыру туралы Жарлығы шық­қан­нан кейін, арада бі­рер аптадай уақыт өт­кенде «Республикалық ұйғыр мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төр­аға­сы Ахметжан Шардиновпен хабарласып, елімізде этносаралық ын­­ты­мақтастықтың бекем ор­ны­ғуына үлес қо­сып жүр­ген азамат­тар­дың бірімен жолық­қы­мыз келетінін жеткіз­ген едік. Ол кісі бірден Қа­зақ­стан халқы Ассам­блея­сының мүше­сі Абдурешит Махсұ­тов­тың есі­мін атады. «Абдурешит қазір жұ­мыстармен Астанада жүр, – деді ол сөзін жал­ғас­тырып. – Жо­лық­қыңыз келсе, ұялы теле­фо­нының нө­мі­рін айтайын…».

 

Сәрсенбі, 18 сәуір 2012 8:14

Мемлекет бас­шы­сы­ның Қазақстан ха­л­қы Ассамблея­сы­ның кезекті сессиясын шақыру туралы Жарлығы шық­қан­нан кейін, арада бі­рер аптадай уақыт өт­кенде «Республикалық ұйғыр мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төр­аға­сы Ахметжан Шардиновпен хабарласып, елімізде этносаралық ын­­ты­мақтастықтың бекем ор­ны­ғуына үлес қо­сып жүр­ген азамат­тар­дың бірімен жолық­қы­мыз келетінін жеткіз­ген едік. Ол кісі бірден Қа­зақ­стан халқы Ассам­блея­сының мүше­сі Абдурешит Махсұ­тов­тың есі­мін атады. «Абдурешит қазір жұ­мыстармен Астанада жүр, – деді ол сөзін жал­ғас­тырып. – Жо­лық­қыңыз келсе, ұялы теле­фо­нының нө­мі­рін айтайын…».

Біз Абдурешит Мах­сұ­­тов­пен ертеңінде ел­ор­­да­да­ғы көрікті демалыс орын­да­рының бірі – «Астана-Бәйтерек» ке­­­ше­ні­нің маңында жо­лықтық. Жөн сұрасып, танысқан соң:

– Шаруаларым біт­кен­нен кейін «Бәй­те­рек­ке» көтеріліп, Аста­на­ның бүгінгі ажар-көркін тамашалауды жоспарлаған едім, – деді ол күн нұрымен шағылысып, жалт-жұлт еткен «Бәй­терек­тің» ұшар басындағы бейбітшілік символы іспетті «жер шарына» қарап. – Егер қарсы бол­масаңыз, бірге көтерілейік.

«Бәйтеректен» елорданың көрнекті жерлері, онда бой көтерген ғимараттар түгелге жуық көрінеді. Осыларға бір сәт қызыға қарап, шолып шыққан Абдурешит:

– Бір мүшел жас аралығында осыншама ғимараттар, көп қабатты тұрғын үйлер салу, шынында да, үлкен ерлік қой, – деді ол сүйсінген қалып танытып. – Менің ойым­ша, бұл – Елбасымыздың көре­ген­ді­гі, ба­тылдығы. Екіншіден, бүкіл қазақ­стан­дық­тардың арасында берік орныққан ын­ты­мақтастықтың жемісі…

Елімізде этносаралық бірлік жарасым тапқан. Соның нәтижесінде халықтың әл-ауқа­ты жақсарды, еліміздің экономикасы жедел қарқынмен дамып келеді. Мұның түп негізінде өзара сыйластық, ауыз­бір­шілік, болашаққа деген сенім жатыр. Этнос­аралық ынтымақтың салтанат құ­рып, бірліктің нығаюына үлес қосып жүр­ген азаматтардың бірі – осы Абдурешит Махсұтов.

– Ұйғырлар – тағдыры қиын өте ең­бек­қор халық, – деп жалғастырды сөзін әңгі­ме­лесушіміз. – Қытайдың Құлжа қала­сын­да дүниеге келгенмін. Ата-анам өткен ғ­а­сыр­дың алпысыншы жылдары Қазақстанға қо­ныс аударған екен. Қа­зақ елі бізге құт мекен болды. Бі­лім алдық, институт бітір­дік, өсіп-өндік, түрлі этнос өкіл­дерімен бірге тату-тәтті еңбек еттік. Ешкім біз­ді сыртқа тепкен жоқ. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы ел басына түскен бар ауырт­палықты бірге көтеріс­тік. Ал қазір егемен елі­міздің дамуына хал-қадерімізше үлес қо­сып жатқан жайым бар.

Кеңес Одағы ыды­рап, оның құрамындағы рес­публикалар өз тәу­ел­­сіздігін алғаннан кейінгі қиындыққа толы алғаш­қы жылдар есімізде. Сол елдер­дің бірқатарында ұлт­ара­лық кикіл­жің­дер орын алып, оның соңы жанжалдарға ұлас­­қанын, мыңдаған бейбіт тұрғын бос­қынға ұшырағанын біле­міз. Бір жақсысы, Қа­зақ­станда ондай жағ­дайларға жол бе­ріл­меді. Сөз арасында Абдурешиттен сол бір жылдары өзінің қандай ойда болғанын сұрадым.

– Әзербайжан мен Армениядағы ұлтаралық қақтығыстар, Тәжікстандағы, Өзбекстандағы жанжалдар, шынымды айтсам, біздің елде де бой көрсете ме деп үрейлендік, – деді Абдурешит Махсұтов. – Тағдырымызға алаңдап, әрі-сәрі күй кеш­тік. Бейбіт өмірдің бәрінен де қымбат еке­нін түсіндік. Президентіміз Нұрсұлтан На­зарбаевтың даналығының арқасында орны толмас өкініштерге соқтыратын кикіл­жің­дерге жол берілмеді. Елбасымыз еліміздегі барлық этностардың басын біріктірді, бір­л­ік пен ынтымақ берекеге бастайтын бір­ден-бір тура жол екенін бойымызға сіңір­ді. Бүгін соның шапағатын көріп отырмыз.

Абдурешит Махсұтов Республикалық ұйғыр этномәдени орталығы жанындағы Жігітбасы кеңесінің төрағасы болып қо­ғам­дық жұмыс та атқарады екен. Оның айтуынша, 2010 жылдың қазанында қазақ­стандық ұйғырлардың тарихында алғаш рет ұйғыр жігітбасыларының құрылтайы өтіпті. Бұл жиынға 500-ден астам адам қатысқан. Сонда көпшілік А.Махсұтовты Жігітбасы кеңесінің төрағалығына сайлапты. Жиынды ұйым­дас­тыруға бас-көз болған, ойдағыдай өтуіне атсалысқан тағы осы Абдурешит екен.

– Сол жиынға қатысушылар елімізде тұратын барлық ұйғырларға үндеу қабыл­дады. Онда Мемлекет басшысының ішкі және сыртқы саясаттағы бастамаларына қолдау білдіре отырып, оларды ел арасында кеңінен насихаттау, жастарды ынты­мақта өмір сүруге тәрбиелеу бірінші кезекке қойылған, – деді ол осы жөнінде. – Сондай-ақ, үндеуде той өткізу мен қайтыс болған адамды соңғы сапарға шығарып са­луда ысырапшылдыққа жол бермеу, мә­де­ни-рухани іс-шараларға белсенді қаты­су, тағы басқа да мәселелер көрсетілген.

Әңгімелесу барысында біз Абдурешиттен содан бергі уақытта Жігітбасы кеңесі қандай шараларды жүзеге асыруға ұйытқы болғанын сұраған едік.

– Кәсіпкерлікпен айналысып, еліміздің өркендеуіне өзіндік үлес қосып жүрген ұйғыр азаматтары аз емес, – деді А.Мах­сұтов. – Олар қандай да бір шаралардан ешқашан сырт қалмайды. Мысалы, 2010 жылы Жігітбасы кеңесінің мүшелері Алматы облысы, Ұзынағаш ауылында орын алған табиғат апатынан зардап шеккен­дердің есеп-шотына жалпы көлемі 11 миллион 670 мың теңге аударды. Сондай-ақ, өткен жылы біз Оңтүстік Қазақстан облы­сының су басқан елді мекендеріне және Алматы облысы, Ұйғыр ауданындағы Шарын ауылының тұрғындарына қаржылай да, материалдық та көмектер көрсеттік. Мысал үшін айтайын, Шарын ауылына 110 тонна көмір жеткізіп бердік.

Қазақстан халқы Ассамблеясының мү­ше­сі, кәсіпкер Абдурешит Махсұтов же­текшілік ететін Жігітбасы кеңесінің мүше­ле­рі саяси науқан – Президент және Парламент сайлауларында Мемлекет бас­шы­сының саясатын, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының сайлауалды тұғырнамасын халық арасында насихаттау шараларына белсене араласыпты. Сонымен қатар, ол «Уйғур авази» газетінің дос­тары» клубының президенті ретінде басылым оқырмандары қатарының көбеюіне демеушілік көрсетіп отырады екен.

– Тағы да қайталап айтайын, – деді ол қош­тасар сәтте, – қасиетті Қазақ даласы бізге құт мекен болды. Көңілі дарқан қазақ халқы бауырына тартып, қолдау-көмек көрсетті. Осы ынтымағымыз әр кез жарасым таба берсін.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ.