• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
17 Қаңтар, 2012

Шетел баспасөзі еліміздегі сайлау туралы не дейді?

406 рет
көрсетілді

Шетел баспасөзі еліміздегі сайлау туралы не дейді?

Сейсенбі, 17 қаңтар 2012 7:45

ҚАЗАҚСТАН: САУАЛДАМА БОЙЫНША «НҰР ОТАН» 81 ПАЙЫЗ ДАУЫСҚА ИЕ БОЛДЫEuronews. Бүкіл Қа­зақ­стан бойынша сайлаушылар белсенділігі ре­корд­тық биікке көте­ріл­ген кезде тек елдегі ірі мегаполис Астана мен Алматыдағы дауыс берушілер үлесі төмен деңгейде болды. Алдын ала мәлім болғанындай бұл жолы сайлау қо­рытындысында екінші орынға көте­рілген партия 7 пайыздық кедергіні өтпес­тен-ақ Парламенттің төменгі палатасына ене алатын болады.

Сейсенбі, 17 қаңтар 2012 7:45

ҚАЗАҚСТАН: САУАЛДАМА БОЙЫНША «НҰР ОТАН» 81 ПАЙЫЗ ДАУЫСҚА ИЕ БОЛДЫEuronews. Бүкіл Қа­зақ­стан бойынша сайлаушылар белсенділігі ре­корд­тық биікке көте­ріл­ген кезде тек елдегі ірі мегаполис Астана мен Алматыдағы дауыс берушілер үлесі төмен деңгейде болды. Алдын ала мәлім болғанындай бұл жолы сайлау қо­рытындысында екінші орынға көте­рілген партия 7 пайыздық кедергіні өтпес­тен-ақ Парламенттің төменгі палатасына ене алатын болады.

Мерзімінен жеті ай бұрын өтіп жатқан дауыс беру кезінде осыған дейінгі Қазақ­стандағы бірде-бір сайлауды демокра­тия­лық деп танып көрмеген ЕҚЫҰ байқау­шылары жұмыс істеді. Ол қандай қоры­тынды шығаратыны әзірге белгісіз. Сайлау учаскелері жабылды. Бірінші орынға кім ие болады деген сұрақ саясаттанушылардың алдында тұрған жоқ. Мәселе, мәреге кім екінші болып және қандай көрсеткішпен жетеді дейтін сұраққа тірелетіндей. Бұған ресми жауап көп кешікпей жарияланатын болады. Ал әлеуметтік сауалдама нәтиже­ле­рі бойынша «Нұр Отан» 81 пайыз дау­ысқа ие болған. Онымен бірге сайлаушылар дауысының 7,3 пайызын алған «Ақ жол» және Коммунистік партия Парламентке енеді деген деректер бар.

ҚАЗАҚСТАНДА ПАРЛАМЕНТКЕ ҮШ ПАРТИЯ ӨТЕДІРИА «Новости». Қа­зақстан Парла­мен­ті­нің төменгі палатасын сайлау ресми түрде аяқтал­ғаны мәлімделді. Алдын ала нәти­желер 16 қаңтарда түстен кейін жарияланатынына қарамастан, қазірдің өзінде бай­қаушылар сайлаушыларға жүргізілген сауалдама нәтижесіне сәйкес кейбір цифр­ларды атап та үлгерді.Қазақстан Орталық сайлау комиссия­сы­ның төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов сай­лау­ға сайлаушылардың 75,7 пайызы қа­тыс­қандығын мәлімдеді. Ал сайлаудың ресми қорытындысы 22 қаңтарға дейін шыға­ры­лып, 25 қаңтар күні жарияланбақ. Дегенмен, Қуандық Тұрғанқұлов соған қарамас­тан жаңа Парламент өз қызметіне ертерек кірісу үшін қорытындыны жариялауды жеделдетуге уәде берді.Сайлау кезінде жүргізілген сауалдама нәтижесінде президенттік «Нұр Отан» пар­тиясының 81 пайыз дауысқа ие болғандығы белгілі болды. Сондай-ақ «Ақ жол» партиясы мен Коммунистік халықтық партия­сы­ның әрқайсысы 7,3 пайыз дауыс алып, Парламентке өтуге мүмкіндігі болғандығы «Демократия институты» ғылыми-зерттеу ассоциациясы жүргізген сауалдама қоры­тын­­дысында әйгіленіп те үлгерді. Ал «Стра­тегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы мамандарының жүргізілген сауалдамасы бойынша «Нұр Отан» 81,3-80,5 пайыз дауысқа, «Ақ жол» 7,2-7,9 пайызға, Коммунистік партия 7,1-7,3 пайыз ара­лығындағы дауысқа ие болса, елдегі оппо­зициялық күштердің бірлескен партиясы – ЖСДП дауыстардың небәрі 1,5 пайызын ғана ала алған.«Өзінің жариялылығы, ашықтығы, таза­лық жөнінен бұл жолғы сайлау ерекше болды. Қазақстан бүкіл әлем алдында өзінің демократиялық мемлекетке қарай қарышты қадам басып келе жатқандығын тағы бір дә­лелдеді», деді бұл жайында ел Прези­денті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің сайлаудан кейінгі сөзінде.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПАРЛАМЕНТ САЙЛАУЫ РЕКОРДТЫ КӨРСЕТКІШ КӨРСЕТТІЭхо Москвы. Сай­лаушылардың сайлау­ға қатысу жөнінен Қа­зақстандағы Парламент сайлауы өте жо­ғары деңгейде болды. Егер осыдан бес жыл бұрын өткен сайлауға сайлаушылардың 65 пайызы қатысса, бұл жолғы көрсеткіш 70 пайыздан асып түсті. Ел тұрғындары Пар­ламенттің төменгі па­латасының депутаттарын сайлады. Рес­пуб­ликаның Бас прокуратурасына дауыс беру тәртібіне сәйкес 18 өтініш пен шағым келіп түскен екен. Атал­ған қадағалау органы бұл арыз-шағымдар тексеріліп, оларда сайлау заңдылығын бұ­затындай фактілердің анықталма­ған­дығын мәлімдеді.

БАЙҚАУШЫЛАР ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЙЛАУ АШЫҚ ӨТТІ ДЕП ЕСЕПТЕЙДІМосковский ком­­­со­мо­лец. Қаза­қ­стан­да­ғы Мә­жі­ліс (Парламенттің тө­­­мен­гі палатасы) сайлауы тыныш жағдайда ашық өтті, деп атап көрсетті халықаралық байқау­шы­лар.«Адамдар дауыс беріп жатыр, біздің бай­­қаушылар сайлаудың тыныш жағдайда өтіп отырғандығын хабарлады», деді Ресей Федерациясы Мемлекеттік думасындағы «Еди­­ная Россия» фракциясы басшысының бі­рінші орынбасары, ТМД бойынша бай­қау­шылар делегациясының мүшесі Владимир Пехтин жексенбі күні өткізген брифингте.Ал Литваның бұрынғы премьер-ми­нис­трі, «Литва халықтық партиясының» төр­айымы Казимира Дануте Прунскене өз ке­зегінде сайлаушылардың дауыс беруге мейлінше мол және белсенділікпен қатыс­қан­дығын атап көрсетті.Грекиядағы Афина мэрінің орынбасары Тэодорос Харалампедистің айтуынша, Парламент сайлауы ашық жағдайда өтіп отыр.

ЕҚЫҰ БАЙҚАУШЫЛАРЫ ӨЗ ЕСЕПТЕРІН ЖУЫҚТАҒЫ КҮНДЕРІ ЖАРИЯЛАЙДЫИзвестия. ЕҚЫҰ бай­қаушылар тобының миссиясы Қазақстандағы Пар­­­­ламент сайлауы туралы өздерінің екінші аралық баяндамасын жуықтағы күндердің бірінде жариялайды деп хабарлады республи­када­ғы осы топтың басшысы Миклош Харашти Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ержан Қазыхановпен кездесуінен кейін. Ха­раштидің айтуынша, есепте БАҚ жұмы­сына талдау жасалынып, сайлау кампания­сы­ның барысы мен Орталық сайлау комис­сия­сының жұмысына баға берілетін болады.ЕҚЫҰ сайлау жөніндегі миссиясы Қазақстандағы өз жұмысын 2012 жылдың 27 қаңтарында аяқтауды жоспарлап отыр. Қазіргі күні оның құрамында ЕҚЫҰ-дан 56 байқаушы бар. Сондай-ақ сайлауға дейін бір апта бұрын Қазақстанға осы құры­лым­ның 220 қысқа мерзімдік байқаушылары келіп жұмыс істепті.Өзінің бүкіл жұмыс кезеңі бойынша мис­сия 4 есеп әзірлеуі тиіс. Біріншісі, ара­лық баяндама сайлауға дейінгі 2-3 апта уақытты қамтыса, екінші аралық баяндама сайлау қарсаңындағы мәселелерді қамты­мақ. Ал сайлау қорытындысы туралы алдын ала есеп сайлаудан кейінгі күні шыға­рылады. Төртінші, қорытынды есеп сайлаудан кейінгі 2-3 айда әзір болады.Қазақстандық сыртқы саясат ведом­ство­сының басшысы Ержан Қазыханов өз ке­зегінде ЕҚЫҰ миссиясының Қазақстанда сайлау барысы жөнінде жедел жұмыс істей алғандығын атап көрсеткен. Бұл, оның айтуынша, ЕҚЫҰ аталған институтының кәсіптік шеберлігін тағы бір дәлелдеп отыр.«ЕҚЫҰ бюросы осыған дейін ұсынған ұсыныстардың 60 пайыздан астамы Қазақ­станның сайлау туралы заңдылықтарына енгізілді. Қазақстан сайлау заңдылықтарын жетілдіруге бағытталған жұмыстарды ха­лықаралық стандартқа сәйкес тәжірибе мен ЕҚЫҰ міндеттемесін қолдана отырып одан әрі жалғастыруда», деп атап көрсетті Е.Қазыханов.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЙЛАУҒА САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ 75 ПАЙЫЗДАН АСТАМЫ ҚАТЫСТЫГлавные новости Украины. Қазақ­стан­­дағы Парламент Мәжілісі (төменгі палата) мен барлық деңгейдегі мәслихаттар (жер­гілікті өкілетті билік органдары) депу­тат­тарының сайлауында сайлаушылардың 75,07 пайызы дауыс берді, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов.«Қазіргі уақытта дауыс беру аяқталды. Оған сайлаушылар қатысушылығы 75,07 пайызды құрады», деді ол жексенбі күні Астанада өткен сайлау қорытындысы туралы брифингте.«9 миллион 300 мың сайлаушыдан сайлау учаскелеріне 6 миллион 980 мың адам келді», деп мәлімдеді ол.ОСК мәліметтері бойынша елдің шет­елдегі өкілдіктерінде орналасқан 56 сайлау учаскесінің көрсеткіштері әлі есепке ал­ынған жоқ. Ал елдің ішінде сайлаушы­лардың сайлауға қатысу жөнінен 92,6 пайыз көрсеткішке қол жеткізген Алматы облысы топ бастап отыр. Ең төменгі көр­сеткіш Алматы қаласының үлесінде. Мұн­да сайлаушылардың 41,4 пайызы сайлауға қатысқан.Ел астанасында сайлауға қатысу көр­сеткіші 53,3 пайызды құраса, бұл көрсет­кіш Ақмола облысында – 78 пайыз, Ақтөбе облысында – 78,4 пайыз, Атырау облысында – 83,6 пайыз, Шығыс Қазақстанда – 80,2 пайыз, Жамбыл облысында – 80,8 пайыз, Батыс Қазақстанда – 71,9 пайыз, Қарағанды облысында – 75,2 пайыз, Қостанайда – 84,8 пайыз, Қызылордада – 81 пайыз, Маң­ғыс­тауда – 74,2 пайыз, Павлодар облысында – 71 пайыз, Солтүстік Қазақстанда – 80,7 пайыз, Оңтүстік Қазақстанда 78,8 пайыз болды.

ҚАЗАҚСТАН ПАРЛАМЕНТІНЕ БІРІНШІ РЕТ ҮШ ПАРТИЯ ӨТТІВВС. Күткендегідей Қа­­зақстан Парламентіне пре­­­зиденттік «Нұр Отан» пар­тиясы, «Ақ жол» демо­кратиялық партиясы және Қазақстанның Коммунистік партиясы өтті. Бұл жолы Астанаға бір партиялық парламентті ел бейнесінен бас тартудың сәті түсті. Сөйтіп, осы билік жүйесінде белгілі бір мөлшерде оппозиция пайда болды.Қазақстан Парламенті төменгі пала­та­сының (Мәжіліс) кезектен тыс сайлауы өткен жексенбі күні болды. ОСК мәлі­мет­тері бойынша сайлаушылардың қатысу­шы­лығы 75,07 пайызды құрады. Парламентке өту үшін партияларға кем дегенде сайлау­шылардың 7 пайызының даусын жинау қажет. Қорытындысында президенттік «Нұр Отан» партиясы үшін олардың 80,74 пайызы дауыс бергені алдын ала сауалдама арқылы белгілі болды. Ал Коммунистік партия 7,2 пайыз, «Ақ жол» партиясы 7,46 пайыз дауысқа ие болған. Қалған партиялар дауыстардың бір пайызына да ие бола алмай, Парламентке өте алмай қалды.Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тө­менгі палатадағы 107 халық қалаулы­сының 53-ін құраған депутаттар тобының өтініші бойынша Парламент Мәжілісін таратып, оның кезектен тыс сайлауын белгілеген болатын. Осы аралықта өткен жылдың соңына таман болып өткен Жаңаөзен кентіндегі қақтығысқа қарамастан сайлау тыныш жағдайда өтті.ТМД елдерінен тағайындалған халық­аралық байқаушылардың пікірі бойынша Қазақстан Парламентінің төменгі палатасын сайлау ашық жағдайда заңға сәйкес жүргізілді. Осы топтағы сарапшы Мәскеу мемлекеттік университеті тарих факультеті деканының орынбасары Алексей Власов былай дейді:– Қазақстан Парламентіне бірден әр­түрлі көзқарастағы үш партияның өтуі мына жағдайды білдіреді: билік оппозициялық партияларға, соның ішінде коммунистер мен либералдарға сайлауалды науқан жүргізудің мүмкіндігін берді. Олар бұл мүмкіндікті сәтті пайдалана алды. Оның үстіне қоғам да «Ақ жол» партиясы білдіретін оңшыл идеяларға ықыластың артып келе жатқандығы сезіліп отыр. Сөйтіп, Парламентте оппозиция пайда болды. Бірақ бұл елдің саяси жүйесіне терең бір өзгеріс енгізбейтін болар деп ойлаймын.

АРИЭЛЬ КОЭН: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЙЛАУ ЕУРОПАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫКомсомольская правда. Же­келеген кейбір кемшіліктеріне қарамастан, Қазақстандағы осы жолғы сайлау көп партиялық Парламент болашағын бекітіп берді, деп есеп­тейді Ресей, Еуразия проблемалары жөні­н­дегі «Наследие» қорының жетекші сарапшысы Ариэль Коэн.«Ұйымдастырудағы қателіктер өте сирек болды. Олар көбінесе техникалық кемшіліктер. Сондықтан бұл кемшіліктер сайлау үдерісін тиімді жүргізуге бәлеңдей әсер ете алған жоқ. Ал көп жағдайда сайлау кәсіпқой шеберлікпен жоғары еуропалық деңгейде ұйымдастырылды», деп мәлімдеді ол Қазақстанда халықаралық байқаушы мәртебесіндегі қызметі кезінде.Оның айтуынша, Қазақстан осының алдында өткен сайлаулардағы секілді сайлау барысын бақылауға жергілікті және ха­лықаралық байқаушылардың келуіне қол­дау білдірді. «Байқаушылар аталған үдеріс­тің ашық және бейтарап жүргізілуіне үлкен ықпал ете алады», деді ол.«Осының алдында өткен сайлаулардан кейін Қазақстандағы билік ЕҚЫҰ және шетелдік үкіметтермен сайлау үдерісін мей­лінше стандартқа сәйкестендіру бағы­тында жұмыстар жүргізіпті. Енді Қазақстан үкіметі халықаралық стандартқа жауап бере алатын шараларды жүзеге асыру бағытында қосымша қадамдар жасайды» деп күтемін деп мәлімдеді Коэн.

ТҮРКПА МИССИЯСЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЙЛАУ ТУРАЛЫ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ЖАРИЯ ЕТТІРосБалт. Түркі ел­дері Парламенттік ассамблеясы (Түрк­ПА) Қазақстандағы Парламент сайлауы нәти­желері туралы түбегейлі қорытындысын жария етті. Бұл туралы осы ұйымның баспасөз қызметі хабарлады.ТүркПА байқаушылары Қазақстандағы сайлау ашық жағдайда, демократиялық түр­де әділетті әрі ел мен елдің заң­дылықтары мен халықаралық құқықтық нормаларға сәйкес өткендігін атап көрсетті.Бұл миссия құрамына Әзербайжан мен Түркия парламенттерінің, сондай-ақ ТүркПА халықаралық секретариатының өкілдері кірген.«Елдегі сайлау қарсаңында сөз бос­тандығы мен БАҚ-ты қорғау жөнінде шаралар қамтамасыз етілді. БАҚ қызметінің еркін болуы үшін барлық мүмкіндіктер тудырылды. Сайлау кезінде сайлау штабтары, кандидаттар мен ерікті байқаушылар жұ­мысына ешқандай бір қысым көрсе­тілген жоқ», деп мәлімдеді олар.ТүркПА байқаушылар миссиясы қа­тыс­қан Алматы қаласындағы Алмалы және Бос­тандық аудандарындағы сайлау учаске­ле­рінде сайлау комиссияларының, байқау­шылардың жұмысына әкімшілік немесе құқық қорғау органдарының ешқандай бір араласуы тіркелмеген. ТүркПА байқау­шы­лары осы жағдайды атап көрсетті.Әзірлеген Сұңғат ӘЛІПБАЙ.