• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
03 Ақпан, 2012

Дүбірге толы дүние

254 рет
көрсетілді

Дүбірге толы дүние

Жұма, 3 ақпан 2012 6:55

ДАҒДАРЫС ҚИЫНДЫҒЫН БІРІГІП КӨТЕРГЕН ЖЕҢІЛ

Осы аптаның басында Брюссельде Еуроодақ елдері басшыларының саммитінде қаржы дағдарысының алдын алу мәселесі қаралды. Бұл одан бұрынғы Давос­та­­ғы Дүниежүзілік экономикалық форумда да сөз болған. Ортақ ой – дағдарысқа қарсы бірігіп күрескен жөн.Әрине, көп нәр­се әр елдің тікелей өзіне байланысты. Алды-артын кең ой­­­лаған елдер дағ­да­­рыс­қа ұшыра­ған­мен, одан қинал­май шығады. Жете мән бермесе, тіпті ең дамыған елдердің өзінің тұралап қалаты­нына да мысал көп. Оның бәрін де Еуропадан табуға болады.

Жұма, 3 ақпан 2012 6:55

ДАҒДАРЫС ҚИЫНДЫҒЫН БІРІГІП КӨТЕРГЕН ЖЕҢІЛ

Осы аптаның басында Брюссельде Еуроодақ елдері басшыларының саммитінде қаржы дағдарысының алдын алу мәселесі қаралды. Бұл одан бұрынғы Давос­та­­ғы Дүниежүзілік экономикалық форумда да сөз болған. Ортақ ой – дағдарысқа қарсы бірігіп күрескен жөн.Әрине, көп нәр­се әр елдің тікелей өзіне байланысты. Алды-артын кең ой­­­лаған елдер дағ­да­­рыс­қа ұшыра­ған­мен, одан қинал­май шығады. Жете мән бермесе, тіпті ең дамыған елдердің өзінің тұралап қалаты­нына да мысал көп. Оның бәрін де Еуропадан табуға болады. Сон­дықтан да Еуропа елдерінің басшылары қайта-қайта бас қосып, сол алда есік қағып тұрған дағ­­дарыстың ауыртпалығын жеңіл­дету жайын талқылауды жиілетті.

Қалай дегенде де, дағдарысқа қарсы бірігіп күрескеннің жеңілі­рек болатынын өмір көрсетіп отыр. Бір сәт соңғы кездегі Еу­ро­падағы жағдайға көз салайықшы. Ең алдымен Грекия экономи­ка­лық апат шегіне жетіп, мемлекет­тік банкротқа ұшырай жаздады. Еуроодақ көмекке келді. Қарыз беріп, құтқарып қалды. Бұл ел әлі де дағдарыс құзының басында тұр. Ел қарызы өткен жылы ІЖӨ-нің 162,8 пайызын құраса, биыл жыл аяғына дейін 198,3 пайызға жетеді деген болжам жасалып отыр. Өте қиын жағдай. Бірақ ол құзға құлаған жоқ. Оны одақтас елдер сақтап қалды. Ендігі мәселе тек оның өзіне байланысты.Басқа біраз елдер туралы да осыны айтуға болады. Португалия, Испания, Италия да одақ көмегіне арқа сүйері анық. Кө­мек көмек-ау, бірақ бұл елдердің осындай жағдайға ұшырауы сол Еуроодақ белгілеген тәртіпті қатаң сақтамауынан да еді. Ең алдымен, «көрпеңе қарай көсіл» талабын орындамады. Табыстан тұтыну артып кетті.Қазір бұл талапты алдымен кім бұзды деген әңгіме айтылып жа­­­тыр. Еуро­одақ­тың жарғысындай Мастрихт келісімі бойынша бюджет тапшылығы ІЖӨ-нің 3 пайызынан аспауы керек. Оны бұзғанға айып салынуы тиіс. 2003 жылы оны алдымен Германия мен Франция бұзған екен, бірақ оларға жаза қолданылмапты. Одан кейін басқалар да бұза бастаған. Бұл кейбір елдерді құрдымға тартқан.Енді Еуроодаққа біріккен елдер өздерінің біршама экономи­калық өкілдіктерін Брюссельге беруге тиіс. Атап айтқанда, әр мем­­лекеттің бюджеті талап дең­гейінде болуын Еуроодақ бақы­­лап қана қоймай, бекітетін де болады. Бұл біреулерге елдің еге­мен­дігіне, де­мо­кратияға қиянат­тай көрінеді.Соңғы еуропалық саммитте бюд­жеттік тұрақтылық туралы шартқа қол қойылды. Оған 27 елдің екеуі (Ұлыбритания мен Чехия) қарсы болды. Тағы біраз шарттарға наурыз айында болатын басқосуда қол қойылмақ. Ке­шегі саммиттің ең басты ерек­шелігі – қаржылай көмекпен қа­тар, Еуропа басшылары дағда­рыс­­пен күресте экономикалық даму бағытына да мән берді. Бұл ба­ғыт­ты біздің еліміз әлдеқашан ұста­нып келе жатқан. Еуропа біз­дің жолымызды қалады деп мақ­тануымызға да болғандай. Саммит жаңа жұмыс орындарын ашу­ға 80 миллиард доллар қаржы белгіледі.Қашанда қиындыққа бірігіп қарсы тұрған тиімді. Еуропа ел­дері басшыларының жиі-жиі бас­қосуы алдағы қиын кезеңді аң­ғарт­са, оған бас біріктіріп қарсы тұрмақтары құптарлық-ақ.

СИРИЯ БИЛІГІНІҢ КҮНІ ТАУСЫЛҒАНДАЙ

Қазір Сирия туралы әңгіме көбейді. Сірә, бұл елдегі жағдайдың күрт өзгеретінін аңғартқандай. Ал әңгіме әртүрлі. Біреулер Башар Асад билігі әлі өмір сүреді десе, екіншілері санаулы ғана күн қалғанын айтады.Мұны айтып жатқандар кез­дей­­соқ біреулер емес, үлкен держа­валар­дың атынан айтады. Және бұл ша­руаға өздерінің бел­­сенді араласатынын аңғартады. Содан да бұл әңгі­ме­лерді негізсіз дей алмайсың.Жақында РФ сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасап, бұл елдегі шиеленісті келіссөз жолымен шешуге күш салатынын мәлімдеді. Күш салғанда, Сирия басшылығы мен оппозиция өкілдерін Мәскеуге келіс­сө­з­ге қатысуға шақырып отырғанын хабарлады. Биліктегілер тарапынан олар оң жауап алған көрі­неді. Министрлік өкілінің ойынша, мұндай келіссөз өте маңыз­ды. Өйткені, ол Сириядағы қақ­ты­ғысты, қантөгісті тоқтату үшін барынша қажет.Ой да, ниет те жақсы ғой, бірақ мұның өзі өмірге жанасатын нәрсе ме? Сириядағы билік пен халықтың арасындағы мұн­дай ке­ліссөздің уақыты әлдеқа­шан өтіп кеткен жоқ емес пе? Бәлкім, ол өткен жылы қанды қақ­тығыс енді басталған кезде айтылса, құлаққа кірер еді. Оппозиция өкілдері мұндай келіс­сөз­ге шақыру алма­ғандығын, ал­ған күнде де мойнында алты мыңдай адамның қа­ны бар билікпен бірге отырмайтындарын мәлімдеді.АҚШ Ақ үйінің баспасөз хатшысы Джей Карни Ресей дип­ло­маттарының келіссөз туралы баста­масын естігенмен, одан толық хабардар еместігін айта келіп, шие­ле­ністі саяси жолмен реттеу­ді құп­тайтынын білдірді. Әрине, ол дип­­­­ломатиялық әдепті сақтап, Ре­сей­­дің бұған дейін тек Башар Асад­тың билігін жақтап келге­нін, күні бүгінге дейін оған қару-жа­­рақ бе­ріп, қолдау көрсеткенін, мә­се­ле­нің БҰҰ аясында шеші­луі­не ба­рын­ша қарсы болғанын айтқан жоқ.Шын мәнінде, РФ сыртқы іс­тер министрлігінің Сириядағы қар­­­сылас жақтарды дәл қазір ке­ліссөзге шақыруы жай саяси ұпай жинаудан басқа ешнәрсе емес екені анық. Иранның да Сирияда сайлау өткізу жолымен жағ­дай­­ды реттеу жөнін­дегі ұсыныстары жай сөз. Мынадай халық қырқысып жатқан уақытта қан­дай сайлау?Әлі де бұл ел­дегі жағдайды саяси жолмен реттеу жайын айт­қанда, батыс және араб елдерінің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне қолқа са­луы­ның жөні бар. Бүгінге дей­ін мәселенің осынау бас ұйымда қаралып, Сирия басшылығының халыққа зорлығын ауыздықтау жөнінде шешім қабылдауына Ресей мен оны қолдаған Қытай қар­сы болып келді. Оның ақыры бү­гінгі тұйыққа әкеліп тіреп отыр.Бұдан бұрын Араб мемл­екет­тері лигасына біршама үміт артылып еді, оған Сирия прези­ден­ті Башар Асад құлақ аса қой­ма­ды. Сөйтіп, бұл ұйым Сирия бас­шылығымен келісімге жетудің жо­лы жоқтығын мәлімдеп, өзінің бұл елдегі миссиясын тоқтатты. Осын­дайда жағдайға қайтадан БҰҰ-ның шұғыл араласуы қа­жет­тігі туады. Бұл ретте осындай пікірді ұстанып келе жатқан Ұлы­бри­та­ния және Франциядағы әріптес­теріне АҚШ мемлекеттік хатшысы Х.Клинтон да қосылды. «Ен­дігі жағдайға төзуге болмайды. Асадтың қала бергені бүтін Таяу Шығыс өңіріне қауіпті», деді ол.Джей Карни Сирияның Башар Асадтың бақылауынан шы­ғып кет­кенін, жақын күнде оның би­лігі толық күйрейді дегенді айтады. Сірә, оның сөзінің жаны бардай. Асадтың өзінің, оның жақ­­тастарының жанталасуы да содан болар. Кешегі күні ол өз отбасын басқа жаққа жібермек бол­ған екен, оппозиция оған мүм­кіндік бермепті. Оның біраз қару-жарақ, әскерін Жерорта те­ңізі жағасына қарай шоғыр­лан­дырғанын сарапшылар атап көр­сетіп, Башар Асад елдің бір бө­лігін бөліп алуды көз­дейтінін айтады. Ол аймақта президентке тайпалас алауидтер шо­ғырланса керек. Алауидтер ел хал­қының 8 пайызын ғана құраса, олардың да барлығы бірдей президентті қолдай бермейтін көрінеді. Содан да Башар Асадтың елдің бір аймағына орналасып, оны бөліп әкетуі екіталай болар.Мамадияр ЖАҚЫП.