• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
10 Ақпан, 2012

Дүбірге толы дүние

272 рет
көрсетілді

Дүбірге толы дүние

Жұма, 10 ақпан 2012 7:53

Ресей: Биылғы сайлау бұрынғылардан өзгерек

Бұл елдің өмірінде аса үлкен дәуірлік оқиға болғалы тұр – 4 наурызда президенттік сайлау өтеді. Сол оқиғаға байланысты науқанның шешуші кезеңі басталды. Үміткерлер сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыс­та­рына кірісті.Биылғы сай­лау­дың шын мәнінде ерекшелігі көп. Ел­дің ең жоғары қыз­метінен кеткен адам сол лауазымды қайта иемденуі мүмкін. Солай бол­ған жағдайда Ресей тарихында Путин дәуірі мықтап орнығады. Сонан соң халықтың саяси бел­сенділігі де қазір айрықша күшті.

Жұма, 10 ақпан 2012 7:53

Ресей: Биылғы сайлау бұрынғылардан өзгерек

Бұл елдің өмірінде аса үлкен дәуірлік оқиға болғалы тұр – 4 наурызда президенттік сайлау өтеді. Сол оқиғаға байланысты науқанның шешуші кезеңі басталды. Үміткерлер сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыс­та­рына кірісті.Биылғы сай­лау­дың шын мәнінде ерекшелігі көп. Ел­дің ең жоғары қыз­метінен кеткен адам сол лауазымды қайта иемденуі мүмкін. Солай бол­ған жағдайда Ресей тарихында Путин дәуірі мықтап орнығады. Сонан соң халықтың саяси бел­сенділігі де қазір айрықша күшті.

Мәскеудің түкірік жерге мұз болып түсетін қақаған аязында жүз мыңнан асатын халықтың митин­гілерге шығуы көп жайды аң­ғар­тады. Бұрынғыдай таңдалған бір адамның соңынан ере беретін ресейліктер жоқ қазір. Әр кәл­лә­да бір қиял дегендей, әркімнің де өз пікірі, өз таңдауы бар.Үгіт науқаны енді басталды дегенмен, президенттік сайлау­дың күресі өткен жылғы күздегі парламенттік сайлаумен қатар жүрді десе де болады. Билік партиясы «Единая Россияға» қарсы күресті оның рухани басшысы саналатын премьер-министр Владимир Путиннен бөліп қарауға болмайтындай еді. Сол парла­мент­тік сайлау қорытындысына наразы­лық бүгінге дейін созылып келеді. Сол қарсылық ак­цияларының уыты да прези­дент­тікке басты үміт­керге бағыттал­ған. «Путин, кет!» деген бұрын тосын көрінетін плакаттар шеру­лердің, митингтердің «сәніне» айналды.Оппозицияның белсенділігі де қай кездегіден жоғары. Бақы­лау­шы, қадағалаушы орындар­дың талаптарына қарамай, бүгін­гі­дей қа­қаған аяздарда 120 мың адамды митингіге алып шығу сол бел­сен­діліктің бір көрінісі. Және оппо­зи­цияның көсемдері мен белсен­ді­лері билікті сынауда сөз таңдап жатпайтын да болған. Көшелік де­­мократия бұл елде асқынып тұр.Үміткерлер – белгілі тұлға­лар. Әрине, жұрттың көңілінде жүретіні алдымен Владимир Путин. Бұл сайлаудың бір ерек­ше­лі­гі де осы адамға қа­тысты екенін жоға­рыда айттық. Оның осы сайлауға қаты­са­тыны және онда­ғы жеңіске жететі­ніне сенімі осыдан төрт жыл бұрын-ақ белгілі болған. Туралап айтп­а­ғанмен, қазіргі президент Дмитрий Медве­дев­­ті өз орнына сай­лағандай болып, келесі сай­лауда қайтып аламын дегендей иша­ратын жұрттың бәрі ұққан. Осынау екі қайраткердің елдегі жоғары екі қызметті өзара ке­лісіп иеленгендей болғандары да талайларға ұнамады, сынға ұшы­рады. Бүгін­гі қарсылықтың бір ұшы да сонда жатыр.Путиннің сайлану мүмкіндігі барынша жоғары. Бұл жерде оның қайраткерлігінен бұрын, дәл қазір Ресей кеңістігінде одан беделді, сайлаушылардың көбі­нің көңілінен шығатын басқа қай­раткердің жоқтығына назар аудар­ған жөн болар. Жақында Мәс­кеуде өткен Путинді жақтау­шы 138 мың адам қатысқан митингте сөйлеген шешендердің сөз­дерінен Ресей империясының беделін кө­те­ру тек соның қо­лын­да екенін аң­ғарасың. Белгілі саясатшы Алек­­­сандр Дугиннің: «Қым­батты орыс адамдары! Аме­­рикалық империя әлемнің барлық елдеріне үстемдік құрғы­сы келеді», деп қорқытып алып, одан кейін: «Тек Ресей, бас­қасы түк те емес!» деген ұранына құлақ асатындар Путинге дауыс береді және олар аз да емес.Дәл қазір Путинге керегі – сай­­­лаушылардың дауысы. Әлем­нің көп­теген елдері, белгілі қай­рат­кер­лер Ресейдің қазіргі сырт­қы саясатына айтарлықтай сын айтады. Оған қарап жатқан ел басшылығы жоқ. Бәрінен де қазір қалың халықтың патриоттық сезі­мін қоздыратын, сол арқылы олардың ықыласын аударатын әрекеттер, ұрандар бағалы.Басқа үміткерлер туралы айт­қан­да, оларды сипаттап жату ар­тық, бәрі белгілі тұлғалар. Са­рап­­шылар­дың көпшілігі Владимир Пу­­тиннің бірінші турда-ақ жеңе­тініне сенімді. Жағдай екін­ші ту­р­ға апарса, ондағы жеңісті күмәнсіз санайды.

Палестина: Бұл келісім баянды болса игі

Палестина автономиясындағы үнемі қарсылас жүре­тін ФАТХ және ХАМАС ұйымдары өтпелі кезеңдегі үкіметті кім басқаруы жөнінде келісімге келді – оны ел басшысы Махмуд Аббасқа жүктеді. Бұл жаңалықты әлем жұртшылығы әртүрлі көңіл-күймен қабылдады.Біраз жұрттың оған селқостау, тіп­ті сенімсіздеу қара­уы да мүмкін. Бұ­ған дейін де авто­номиядағы бұл же­текші ұйымдардың арасында талай рет келіссөз жүріп, түрлі келісімдер жасалып жатса да, соңында ажырасып кететін. Тіпті олардың арасында қарулы қақтығыс та болып, автономияның екі аймаққа бөлінгені де белгілі. 2007 жылдан бері Газа секторында ХАМАС ұйымына біріккен радикал­дық исламистер билік жүргізсе, Батыс жағалау ФАТХ ұйымына кіретін байсалды исламистердің ықпалында.Сөйтсе де келісім деген жақ­сы сөз, жақсы қадам. Үмітке же­телейді. Бөлінгеннің жаманды­ғын олар өздерінің жанымен сезінді десе де болады. Газа секторы соғыстан көз ашпады, саяси да, экономикалық та қоршауда қалды. Осынау алауыздық салдарынан елдің тәуелсіз мемлекет болуына жол кесілді.Екі топтың арасындағы келі­с­сөз өз елдерінде емес, Катар аста­насы Дохада өтті. Оған Палестина ұлттық әкімшілігінің бас­шысы Махмуд Аббас пен ХАМАС ұйымы саяси бюросының жетекшісі Халед Машаль қатыс­ты. Екі жақтың да бір-бірінің ың­ғайына жығылғанын атап айтқан жөн болар. Бұрын ХАМАС ұйы­мына үкіметті батыстық пиғыл­да­ғы Салям Файядтың басқар­ға­ны жақпаса, ФАТХ ұйымы ХАМАС-тың Сириямен байланыста болғанын ұнатпайтын. Енді екеуі де бір-бірінің пікіріне түсіністікпен қарап, Файядтың орнына Аббастың өзі үкіметті басқаратын болса, ХАМАС Сириямен байланысын тоқ­тат­­­пақ. Сірә бұ­ған соңғы кездегі Си­­­­риядағы жағдай да ықпал етсе керек.Екі қайраткер қол қойған декларацияда үкі­мет­тің құрамы партиялық қағидат­пен емес, тәуелсіз технократтардан жасақталатыны белгіленген. Өт­пе­лі үкімет экономиканы қал­пы­­на келтіруге жауап береді, сон­­дай-ақ елде болатын прези­дент­­тік және парламенттік сай­лау­ларды өткізуге басшылық жасайды.Келісімді жүзеге асыру оңай бола қоймайтындай. Әлі де олар біраз нәрсені шешіп алу үшін сырт жақта кездесетін болады. Сондай кездесудің бірі 18 ақ­пан­да Каирде өтпек. Өз елдерін­де қашан бас қосатындары белгісіз.Былтырғы жылы Палестина автономиясына тәуелсіз мемлекет мәртебесін беру жөнінде ха­лықаралық ауқымда біраз әңгіме болды. Махмуд Аббас БҰҰ Бас Ассамблеясында сөйлеп, бұл ел­дің тәуелсіздігін тануды біраз мемлекет басшылары қолдаған. Бірақ оның толық қолдау таппауында автономияның өз ішіндегі алау­ыз­дықтың әсері болғаны да анық. Енді, міне, ел ішіндегі бірлікке негіз қаланғандай болып отыр.Бірақ мұндай ұстанымға Израиль наразы. Енді Палестина басшылығымен бір үстелдің басында кездеспейміз. Тек кетісе­тін боламыз. Өйткені, ХАМАС – қанқұйлы ұйым, деп мәлімдеді Аббас үкіметті басқаруға келі­сі­мін бергеннен кейін Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху.Мамадияр ЖАҚЫП.