• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
18 Ақпан, 2012

Дүбірге толы дүние

275 рет
көрсетілді

Дүбірге толы дүние

Сенбі, 18 ақпан 2012 7:53

Түркімен ағайындар таңдауы өзгермейді

Өткен жексенбіде Түркіменстанда президент сайлауы болып, жұрт күткендей, қазіргі ел президенті Ғұрбанғұлы Бер­дымұхамедов қайта сайланды. Оны жақтап, сайлауға қатыс­қандардың 97 пайызы дауыс берді.

Бұл жайында газетімізде бұ­рын да хабар жарияланса да, көр­ші ағайын елдегі бұл елеу­лі оқи­ғаға то­лығырақ тоқ­та­лу­ды жөн са­на­дық. Қалай дегенде де, елдің басшысын сайлау, оның қа­лай өткендігі сол елдегі саяси ахуалды аңғартады.

 

Сенбі, 18 ақпан 2012 7:53

Түркімен ағайындар таңдауы өзгермейді

Өткен жексенбіде Түркіменстанда президент сайлауы болып, жұрт күткендей, қазіргі ел президенті Ғұрбанғұлы Бер­дымұхамедов қайта сайланды. Оны жақтап, сайлауға қатыс­қандардың 97 пайызы дауыс берді.

Бұл жайында газетімізде бұ­рын да хабар жарияланса да, көр­ші ағайын елдегі бұл елеу­лі оқи­ғаға то­лығырақ тоқ­та­лу­ды жөн са­на­дық. Қалай дегенде де, елдің басшысын сайлау, оның қа­лай өткендігі сол елдегі саяси ахуалды аңғартады.

Көп жұрт, әсіресе, батыста­ғылар демократия дегенді кө­біне елдегі қырқысқан күреске балайтыны бар. Ондай күрес жоқ екен, демократия жоқ деген пайым жасайды. Халықтың менталитеті, оларға тән мінез-құлық есепке алынбайды. Билік болған соң, оған сөзсіз қар­сылық болуға тиіс және ол қалай да көрініс табуға тиістей көреді. Ал Түркіменс­танда ондай қырқысқан қақты­ғыс­тар жоқ. Оны тіпті халық­аралық әжептәуір беделді ұйым­дар да үлкен кем­шілік санайды. Солай бағалаған ЕҚЫҰ бұл елдегі президент сайлауына өз байқау­шыларын жібе­руден де бас тартты. Қоятын кінәсі – еуро­палық талапқа сай өзгер­медіңдер дейді.

Байқаушылар БҰҰ-дан, ТМД-дан келді. Рас, көп емес – бар-жоғы 63 адам. Олардың пікірі оң, сайлау «заңға сай ашық та жария­лылық жағ­да­йында» өткен. Сай­лау­ға 8 үміт­кер түскен. Науқан кезінде бар­лы­ғы­на бірдей мүм­кіндік бе­рілген. Бірақ жұрттың ықыласы қазіргі президентке ау­ға­ны анық.

Дауысты санауда бұрма­лау­шылық болды де­ген нара­зылық та түспеген. Жалпы дауыс беруде, оны санауда бұр­малаушы­лыққа жол берілді деген күдік те жоқ.

Ал жұрт неге Бердымұха­медовке дауыс берді деген сауал төңірегінде біраз пікір қоз­ғауға болар. Түр­кімен аға­йын­­дар «қызу» демократияға әлі бой алдыра қоймаған, жалпы шығыс ха­лық­тары, оның ішінде мұсылман қауымына тән басшыға құрмет сезімі оларда күштірек. Сонан соң да ел тыныш. Бұл елге әзірге «әртүрлі революциялардың» ұш­­қыны жете қойған жоқ. Екі жақ болып, билікке таласудан, басшы­ла­рының жағасынан алып, та­ғынан құлату әрекет­терінен бұл ел аман. Ал елдегі тұрақтылық, қалыпты жағдайды жұрт қазіргі президент­тің атымен байланыс­тырады.

Ең бастысы, елдің экономикасы даму үстінде. Алла тағала түркімен жерін байлыққа кенелткен болса, ел басшылығы оны хал­қының мүддесіне жаратып отыр. Содан да халықтың әлеуметтік жағдайы бір сы­дырғы жақсы.

Бұл ел бейтарап саясат ұс­танады. Ешкімге бес бересісі, алты аласысы жоқ. Жақында­ғылар­мен өз алдына, алыстағы­лармен де араласады. Оның бай­лығына бүкіл Еуропа көз тіксе, Қытайға қарай газ құ­бырлары тартылған. Көз тік­кенде, сол байлықты тартып алу емес, серіктес болуды, жақсы қарым-қатынаста болуды ойлайды.

Осыдан бес жыл бұрын алғаш рет Түркіменстан халқы Ғұр­банғұлы Бердымұхамедовке сенім артса, сол сенімдері ақ­тал­ған соң, оны тағы да жал­ғастырып отыр.

 

Дүниені бүлдіргеннен қаржы көбеймейді

Грекиядағы экономикалық жағдайға жұрттың көзі үйренген. Сөйтсе де, ондағы саяси жағдайға көз үйрету қиын. Ел қаржы тапшылығынан күйреу алдында. Ал елдің саяси белсенділігі күштірек, яғни көзі ашық деген бөлігі қарсылық әрекеттерге шығып, дүниені қиратып, онсыз да күйзелген елге зиян келтіргеніне таңданасың.

Грекияда осын­дай жағдай қалыптасып отыр. Өткен дағ­­­­­да­рыс бар, сірә, сол кезде үкі­мет­тің дұрыс жол таңдай біл­мегені бар, ел аса күр­делі қар­жы дағ­дарысына ұшы­рады. Одан шы­ғудың жалғыз жолы ғана белгілі – басқалардан қаржы алып, кейін одан құтылу үшін белдікті қысып буынуға тура келеді. Елдің қайтадан еңсесі көтерілуі үшін біраз қиындыққа шыдау да керек және сол қиындықтан шығу ісіне белсене қатысу, елін сүйген азаматтың парызы іспеттес.

Басқа жол жоқ. Қайта осы жолдың табылғаны, қиналғанда қарыздан болысатын достардың болғаны, Еуроодақ дейтін ортақ үйдің қамқорлығы ел бағы дерсің. Қарыз беріп қана қойған жоқ, көп қарыздарын кешіріп те отыр. Енді сол қамқор болған­дардың біраз талабын орындау да керек.

Бұл жол жай таңдала салған жоқ. Мұны Грекияның өзі ғана емес, бүкіл Еуропа талқылады. Атақ­ты ғалымдар, сарапшылар, осы саланың білгірлері, ел бас­қарған қайраткерлер бас қатыр­ды. Грекия­ның күйреуден құты­лар жолы осы, деді. Парламентте талқыланды, депутаттар демалыс, ұйқыны қойып, өткен сенбі, жексенбі күндері ұзақ айтысып барып, дүйсенбі күнге қа­раған түнде ғана Еуроодақ және Халықаралық валюта қо­рынан жа­ңа несие алу туралы құ­жат қабылдады. Оған мәжі­ліс­ке қа­тысқан 278 де­путаттың 199-ы дауыс берді, 74-і қарсы болды, 5-і қалыс қалды.

Бұл қадамға үкіметтің де, пар­ламенттің де амалсыз барға­ны, ел мүддесі үшін барғаны дау­сыз. Жалақы 22 пайызға, зей­нетақы 7-15 па­йызға азаяды. Дә­ріге жұмсалатын қаржы 1,076 миллиард еуроға, қорғаныс шы­ғыны 300 миллион еуроға, жергілікті әкімшілік қажетін өтей­тін қаржы 270 миллион еу­роға кемиді. Қиын. Бірақ оған бармасқа амал жоқ.

Кім біледі, осынау мәжбүр­лі­лік­­­­­­­­­­ті түсінгендер де бар шығар, бірақ түсінбегендердің көп еке­нін сол Грекияда осынау күн­дерде таспен, таяқпен қарула­нып, полицияға шабуыл жаса­ған­дарға, ғимараттарды қират­қан­дарға, оған от қойып өрте­гендерге қарап аңғаруға болар еді. 40-тан астам дүкен, банк, кафе, басқа да нысандар отқа оранды. Олардың құны ондаған, жүздеген мың еуроны құрайды. Сол қаржы дәл қазір басқадан гөрі гректерге керек-ақ еді. Экономикалық шығын өз алдына, осы күндерде талай адам жараланып, ауруханаға жеткізілген.

Осының бәрі неге керек еді? Сол жаппай бұзақылықтан жағдай жақсара ма? Үкіметтің халықтан жасырған қаржысы ашыла ма? Осынау бұзақылық әрекеттен қор­қып, үкімет жұрт­тың жалақысын, зейнет­ақысын көбейте ме? Кері­сінше, бұрын­ғы жетпей жатқан қаржының көлемі көбейе түсер.

Қазір көп жерде қит етсе, алғашқы жабайы адамдай тас­пен қаруланып, көзге түскен дүниені бүлдіру дертке айнал­ғандай. Оны өркениеттің көрі­нісі дей алмасың анық.

Мамадияр ЖАҚЫП.