• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Наурыз, 2019

Қызылордада жол картасының жобасы әзірленді

840 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы мүгедек бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға, қамқоршылар мен отбасыларға жәрдемақыны 30 процентке көтеруді тапсырған болатын.

Осыған орай, Қызылорда облысы бойынша атаулы әлеуметтік көмекпен қамтылатын адамдардың саны 2 есеге дейін көбеймек. Биылдан бастап 5529 мүгедек бала тәрбиелеп отырған жәрдемақы алушылардың жәрдемақы мөлшері 31183 теңгеден 40538 теңгеге арттырылады. Ол үшін қосымша құжат рәсімдеу қажет емес.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға республикалық және жергілікті бюджет есебінен қосымша қолдау шараларын көрсету үшін 2019-2021 жылдарға арналған өңірлік әлеуметтік Жол картасының жобасы әзірленді. Жол картасына қосымша әлеуметтік қолдаулар, мектеп жасындағы балалардың қоғамдық көліктерде жеңілдікпен жүруі, ыстық тамақпен және киім-кешекпен қамтылуы, мектеп жасына дейінгі балалардың балабақшамен қамтылуын субсидиялау, дәрі-дәрмекпен және тұрғын үймен қамтылу мәселелері енгізілді.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Egemen Qazaqstan»

Қызылорда облысы