Қызылорда облысында тұрмыс жағдайы ауыр және көп балалы аналарға медицина орталықтары ашық есік күндерін ұйымдастырды.
Облыстық перинаталдық орталықта ана мен бала денсаулығына байланысты емдеу шаралары жүргізіліп, қалалық балалар ауруханасында акция басталған алғашқы үш күннің өзінде мыңнан аса балалар қаралған.
Көп балалы аналар үшін барлық денсаулық сақтау орталықтарында қоғамдық кабинеттер ашылған. Бас дәрігерлер олардың қажетті ем-дом алуына барынша жағдай туғызып жатыр. Бұл бірер күндік акция емес, осындай қамқорлық алдағы уақыттарда да жалғасын таппақ.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Egemen Qazaqstan»
Қызылорда облысы