Швецияның Эстерсунд қаласында биатлоннан әлем чемпионаты жалғасуда. Жекелей сында 15 шақырымға жарысқан әйелдер арасында қазақстандық Галина Вишневская да бақ сынады. Бұл туралы ҰОК баспасөз қызметі хабарлады.
Вишневская мәреге 44-ші болып келді. Ол ату алаңында үш рет мүлт кетіп, жеңімпаздан тұтастай бес минутқа қалып қойған.
Елизавета Бельченко 71-ші, Людмила Ахатова 89-шы сатыда.
Бұл сында алтын жүлдені швециялық Ханна Эберг еншіледі. Екінші орында италиялық Лиза Витоцци, үшінші сатыда франциялық Жюстин Бреза.