• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Наурыз, 2019

​БҰҰ-ның Алматыдағы үйінде көрнекті қазақстандық дипломаттың монографиясы ұсынылды

1031 рет
көрсетілді

БҰҰ үйінде тәуелсіз Қазақстанның аса көрнекті әйел дипломат - Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі, БҰҰ жанындағы тұнғыш тұрақты өкілі - Ақмарал Арыстанбекованың «Қазіргі әлемдегі дипломатия» атты монографиясының тұсаукесері өтті. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

«Кітапта түрлі, негізінен батыс авторларының теориялық көзқарастары егжей-тегжейлі талқылануда. Сонымен қатар, екіжақты және көпжақты дипломатиядағы жаңа үрдістер мен қауіпсіздіктің негізгі сын-қатерлері зерттеліп, талдануда. Дипломатияның заманауи түрлерінің мақсаттары мен аспектілері, оның ішінде ХХІ ғасырдағы дипломатияның жаңа өлшемдері егжей-тегжейлі көрсетіледі», - деп атап өтті монографияның авторы Ақмарал Арыстанбекова.

Талқылауға Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермек Көшербаев, Алматыдағы ЮНЕСКО-ның Кластерлік бюросының директоры Криста Пиккат, Ресейдің Бас консулы Евгений Бобров, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің бірінші проректоры Мұхамбетқали Бүркітбаев, ғалымдар Б.Сұлтанов, Б.Хұсайынов және К.Байзақова қатысты.

Спикерлердің айтуынша, монографияда XX ғасырдың аяғы мен XXI ғасырдың басындағы жаһандық саяси кеңістіктегі іргелі геосаяси өзгерістердің әсерінен орын алған қазіргі заманғы дипломатиядағы терең өзгерістер мен жетекші үрдістер зерттеледі.

Тұсаукесерге сыртқы саяси ведомствосының қызметкерлері, халықаралық ынтымақтастық, әлемдік саясат, тарих, саясаттану, экономика, информатика салаларындағы ғалымдар мен сарапшылар, мемлекеттік басқару саласындағы мамандар, осы ғылыми жұмыс әзірленген жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты.

Іс-шараны ҚР СІМ-нің Алматыдағы өкілдігі БҰҰ-ның Қазақстандағы жаһандық коммуникациялар департаментімен бірлесіп ұйымдастырды.