• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
15 Ақпан, 2012

Полиция қызметкері – ар мен адалдықтың символы

932 рет
көрсетілді

Полиция қызметкері – ар мен адалдықтың символы

Сәрсенбі, 15 ақпан 2012 7:27

Президент Нұрсұлтан На­зар­баев­тың жыл са­ынғы ха­лыққа Жолдауында ел­дің өзекті мә­се­лелері көтеріліп, әр сала бойынша тиімді істер ат­қа­ры­луға, оң шешімін табуға барынша күш жұм­салуда. Ел халқының тұр­мысы түзеліп, кедей­ші­лікті болдырмау мен жас­тар­дың білім алу саласына баса назар аударған Елбасы Жолдауында құқық қорғау саласының қызмет­кер­лері кәсіби жетілдіру мен жо­ғары деңгейлі маман етіп шығару мәселесін көтер­ді. Жолдаудың алтыншы бөлімі түгелдей осы салаға арналды.

 

Сәрсенбі, 15 ақпан 2012 7:27

Президент Нұрсұлтан На­зар­баев­тың жыл са­ынғы ха­лыққа Жолдауында ел­дің өзекті мә­се­лелері көтеріліп, әр сала бойынша тиімді істер ат­қа­ры­луға, оң шешімін табуға барынша күш жұм­салуда. Ел халқының тұр­мысы түзеліп, кедей­ші­лікті болдырмау мен жас­тар­дың білім алу саласына баса назар аударған Елбасы Жолдауында құқық қорғау саласының қызмет­кер­лері кәсіби жетілдіру мен жо­ғары деңгейлі маман етіп шығару мәселесін көтер­ді. Жолдаудың алтыншы бөлімі түгелдей осы салаға арналды.

Онда полиция беделін көтеру, әл-ауқатын арттыру, қаржылай табысын көбейтіп, қызмет техникасымен қамтамасыз ету секілді жұмыстарына тиянақты әрі аса үлкен жауапкершілікпен қарауды тапсырды.

Жасыратыны жоқ, елдің ты­ныш­тығы мен қауіпсіздігін қор­ғап отырған полиция қызмет­кер­лерінің кейде келеңсіз жағдай­лар­ға ұрынып, жемқорлыққа жол беріп жататыны белгілі. Ал ішкі істер органдарына келіп, үстіне полиция формасын киген адам­ның ары да, ожданы да таза болуы тиіс. Және де, полицияда өз жұмысына терең бойлай алмайтын, өз қызметін түсінбейтін көл­де­нең көк атты жүрмеуі керек. Полиция формасы қарапайым халыққа қоқан-лоққы көрсетіп, дандайсуға емес, оларды қорғап, қылмыс пен тәртіпсіздіктің алдын алушы адамға міндеттелген арнайы киім үлгісі. Форманың жауапкершілігінде сол адамның ұяты тұру керек.

Елбасының биылғы тапсыр­ма­сындағы басты мәселе – құқық қорғау және арнаулы органдарды сапалы кадрлық жаңарту және 2012 жылдың 1 шілдесіне дейін олардың жеке құрамын қайта аттестациялаудан өткізуді міндеттеді.

Бұл міндеттеуде, ішкі істер органдарының қызметкерлерін бі­лік­тілігі мен білімі тең сарапқа салынып, тәжірибелік және тео­рия­лық шеберлігі сынға түседі. Полиция қызметкерлерін даяр­лауда, алдымен, дене тұрқының жетілуі басты назарға алынады. Спортқа бейім, қызметтік жат­ты­ғудың түрлі тәсілдері мен амал­дарын мең­­­герген жан­­нан тәуір қыз­мет­кер шы­­­ға­ты­ны­на кәміл се­не­мін. Алайда, қыз­­мет бары­сын­­да ма­ман­ның бі­лім­ділігі мін­­­детті түрде қа­жет етіледі.

Құқық қор­ғау қызметін же­­те түсінбей, осы саланы ермек көріп келгендер көп ұза­май өз жөн­дерін табады. Ал жан тәні­мен, түйсігімен түсініп, жүрек қалауы­мен қадам басқандар қан­дай жағдайға болмасын дайын әрі нық сеніммен қызметке кірі­седі. Өткен жылы радикалды ислам жетекшілерінің қолшоқ­пары­на айналған теріс ұғымдағы діни экстремистердің қолынан бірне­ше полиция қызметкері қаза тапты. Өздерін жанкештіміз деп жа­риялағандар дінді жетік білетін шейіттерміз деді де, жазықсыз жандарға ажал құштырды, бейбіт тұрғындардың түн ұйқысын, күн­діз күлкісін ұрлап, үрейлендірді. Құранда құмырсқаны өлтіруге болмайды деп жазылған. Ендеше, исламның атын жамылып, бейбіт күнде кісі қанын мойнына жүкте­гендердікі діни наным емес – қылмыс. Ал қылмыскер әрқашан да заң алдында жауап беруі тиіс. Осы салада дін мәселесімен айналысатын теолог-полицейлерді құру өте орынды көтерілген мәсе­ле деп санаймын.

Бұдан басқа әрбір полиция қызметкері елдің құқықтық заң актілері мен ІІМ ережелерін жете білуі міндетті. Ар-ождан мәселе­сін­де «Ар-намыс кодексін» жете меңгеріп, азаматтармен қарым-қатынаста өз беделі мен айбынына көлеңке түсірмеуді ойлағаны абзал.

Елбасы 2012 жылдың 1 шіл­де­сіне дейін барлық құқық қор­ғау органдары жеке құрамының қызметкерлерін түгелімен аттестациялауды қайта өткізуді тапсырды. Бұл тапсырма нәтиже­сін­де, құқық қорғау және арнаулы органдарда сапалы кадрлық жа­ңарту болады деп күтеміз. Жүр­гізілетін аттестацияның мақсаты, Президентіміздің айтуы бойынша, полиция қызметкерлерінің ақ­шалай ризығын арттыру мен әлеуметтік қолдауды кеңейту, сондай-ақ, олардың техникалық жарақтандырылуы мәселелері қаралады.

Қазіргі кезде біртұтас эконо­ми­калық кеңістікте трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен күресті күшейту үшін Интерпол үлгісі­мен Еуразпол-Еуразия полициясын құру мәселесі дамып, жолға қойылған. Осы шаруа бойынша бізден де мамандар жасақтау туралы Үкіметке тапсырма берілді. Егер осы тапсырма өзінің оң шешімін тапса, біздің полиция­ның жұмыс істеу аясы кеңейіп, жаңа мүмкіндіктер туады. Ең алдымен, бұл Қазақстан үшін үлкен бедел, қазақстандық сақшылар үшін абырой. ІІМ Алматы академиясын бітірген түлектер қазір тек бір салада ғана қалып қой­май, еліміздің Қорғаныс ми­нистр­­лігінің қарамағында, прокуратура, қаржы полициясы секілді өзге де құқық қорғау органдарында жұмыс істеуге үлкен мүмкіндік алды.

Жолдауда көтерілген маңызды тақырыптардың тағы бірі – сыбайлас жемқорлықпен күресті одан әрі күшейту. Елімізде бас­тап­қы жылдардағыдай емес, сыбайлас жемқорлыққа жол беріп, ірі қылмыстар жасау фактілері азайып келеді. Бұрындары сыбайлас жемқорлық жасау көрініс­тері ретінде әртүрлі деңгейдегі пара алу деректері жиі ұшыра­са­тын. Соңғы жылдардағы оқиға­лар­ға сараптама жасасақ, қыл­мыс­тың осы түрімен еліміздің шикізат өндіру орындарының, сондай-ақ денсаулық сақтау, кеден бекеттерінің басшылары мен қызметкерлері және олардың сыбайластары жауапқа тартылуда. Демек, Қазақстандағы тәртіп пен заңдылық формалары дұрыс сақ­талынып, азаматтардың конс­ти­туциялық құқықтары әділ жүр­гізілетіндігіне сенім мол. Мұны Қазақстандағы саяси-ахуалдарға көз тігіп, құлақ түріп отырған халықаралық деңгейдегі сарапшылар да айтуда.

Сонымен қатар, халықтың сауатын көтеру жұмыстары да қар­қынды жүргізілуде. Себебі, қала­лық, аудандық және ауылдық жер­лерге интернет желісі жетіп, ақпарат алмасу шегінің кеңеюін­де. Жаңа ғасырды ақпараттық майдан ғасыры дейтін болсақ, еліміздің әр азаматы сол май­дандағы жауынгер сынды. Қазіргі таңда арнайы өндіріс орындарынан шыққан техникалық тауарлар қолжетімді, халықтың қалтасы көтеретіндей жағдайда. Әрбір адам әлеуметтік желілер арқылы түрлі салалармен байланысқа шыға алады немесе сауал жолдап, жауабын да ала алады. Мұндай мүмкіндіктен ішкі істер органдары да құралақан емес. Қызметтік қажеттілікте және халықпен тығыз қарым-қатынас жасауда, азаматтардың полиция қызметіне деген арыз-талаптары мен шағым-өтініштерін қарайтын арнайы блогтары мен сайттары жұмыс істейді. Осы электронды пошталар арқылы қағазбас­ты­лық­тан арылып, жұмысты біраз оңтайланғандығы, ақпарат алу мүмкіндігінің қолжетімді бол­ғандығы қызметте өте тиімділік тудыруда. Полиция қыз­мет­кер­лерінің бұл тұрғыдағы сауаттары жетілген деп толық сеніммен айта аламын.

Қызметкерлерді биылғы жыл­дың шілде айына дейін аттестациялаудан өткізу барысында тә­жірибесі мол, білікті мамандар жоғарыда айтылған сынақтан еш қиналыссыз өтеді деген үміт­те­мін. Себебі, ІІМ Алматы ака­де­миясының профессорлық-оқыту­шылар құрамы мен бөлім және құрылымдық бөліністеріндегі қыз­меткерлер үлкен тәжірибеден өт­кен, өз мамандығының ыстығы мен суығына әбден қаныққан адамдар деп білемін. Акаде­мия­ның қызметкерлері өзге елдермен қызметтері бойынша тәжірибе алмасу, біліктілік курстарынан өту, білімдерін жетілдіру сынды шараларды үздіксіз жүргізіп, өздері де шетелден келген әріп­тес­терінің кеңестерін молынан алып қалуға тырысады. Біздегі жоо – кейінгі қосымша білім беру институтында еліміз бойынша еңбек етіп жатқан тәртіп сақ­шы­лары арнайы жолдамамен келіп, курстардан өтіп, сертификаттар алады.

Тәртіп пен білімді қатар ұштастырып, жан-жақтылы білім алып отырған қазіргі тыңдаушы, болашақ полиция қызметкері алдында белгілі бір мақсат қалып­тасуы керек. Халқының өмірі мен тыныштығын тұрақты сақ­тап отырған ұлан-байтақ қазақ жерінің аманатын арқалайтын азаматтардың айбыны жасымай, елі мен жеріне адал қызмет ету жолында Елбасымыздың бүгінгі ұстанған саясатын қолдап, жар­қын болашаққа деген қадамды бірге басуға дайын ұрпақты тәр­биелеп отырған оқу орны қыз­меткерлері ел болашағының әлі де кемелдене түсетініне шынайы сеніммен қарайды. Қазақ­стан даму жолының белесіне көтеріліп келе жатқан жас мемлекеттердің бірі. Біздің саяси өркендеуіміз бен гүлденуі­міз­дің кепілі бейбіт өмірдің жалғастығында. Ендеше, Отан­ға қызмет етуден ешқа­шанда бас тартпайтын еліміздің ұл­дары көбейе берсін.

Талғат ҚҰЛЫБАЕВ, ІІМ Алматы ака­де­миясының бастығы, заң ғылымдарының докторы, полиция генерал-майоры.