• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
06 Сәуір, 2012

Жаңаөзен оқиғасына байланысты Ақтауда өтіп жатқан сот отырысының жұмысына қатысты өз ойын белгілі заңгер, сарапшы, заң ғылымдарының кандидаты Зинаида Федотова былай білдірді:

359 рет
көрсетілді

Жаңаөзен оқиғасына байланысты Ақтауда өтіп жатқан сот отырысының жұмысына қатысты өз ойын белгілі заңгер, сарапшы, заң ғылымдарының кандидаты Зинаида Федотова былай білдірді:

Жұма, 6 сәуір 2012 7:53

Жаңаөзен қаласында болған оқиғаға байланысты өтіп жатқан сот процесі өзге азаматтар се­кіл­ді мені де алаңдататыны анық. Әри­не, мен бұл туралы барлық ақпа­ратты әртүрлі бағыттағы бұ­қара­лық ақ­па­рат құралдарынан аламын. Сон­дықтан мен де аз-маз өзім­­нің ой-пікірімді білдіргім келеді.

 

Жұма, 6 сәуір 2012 7:53

Жаңаөзен қаласында болған оқиғаға байланысты өтіп жатқан сот процесі өзге азаматтар се­кіл­ді мені де алаңдататыны анық. Әри­не, мен бұл туралы барлық ақпа­ратты әртүрлі бағыттағы бұ­қара­лық ақ­па­рат құралдарынан аламын. Сон­дықтан мен де аз-маз өзім­­нің ой-пікірімді білдіргім келеді.

Бұқаралық ақпарат құралдары аталған сот процесінде бейне, дауыс жазу, суретке түсіруге тыйым салынғаны туралы көп айтады. Кейбір журналистер бұл дұрыс емес, заң бұзушылық деп есеп­тейді. Мен заңгер ретінде осы сот отырысын бақылайтындықтан, ақ­паратты күн­де осы БАҚ-тан жинаймын. Егер сот отырысы туралы ақпарат­тар­ды блогерлер жеткі­лікті ала алмаса, онда күнделікті дәл бұлай­ша өз ойларымен әлеу­меттік жел­ілерде, блоктарда бөлі­се алмас та еді. Сондай-ақ, Интернет сайттар да онлайн режі­мін­де көптеген ақпараттар беруде. Бұған қоса БАҚ өкілдері де сот отырыстарында тиісті ақ­па­раттарды қағаз­ға қажетінше түсі­ріп, жедел таратуда. Демек, менің ойымша, сот тиісті заңдарға байланысты жо­ғарыдағы­дай шешім­ді шығаруға құқы бар деп есеп­теймін. Оның үстіне көптеген шет мемлекеттерде бейне, дауыс жазу мен суретке түсі­ру­ге қатаң тыйым са­лынған. Алай­да, қазір біздің күн­делікті сот тал­қылауы туралы тың­дап отырған мол ақпарат­тары­мызға қарағанда, БАҚ үшін сот залынан қажетті заңға сай мәлімет­терді алуына еш­қандай кедергі жоқ секілді.

Сонымен қатар, Ақтауда өтіп жатқан сот отырысының ұйым­дас­тырылуы тұрғысынан сын айтып, оған саяси сипат бергілері келетіндер бар. Бірақ біз Маң­ғыс­тау облысының халқы тек бір ғана Жаңаөзен оқиғасымен өмір сүріп жатпағанын білеміз ғой. Онда өзінің репертуарлары ар­қылы көрермендерді тартып отыр­ған мә­дениет мекемелері, білім және тәр­бие беріп жатқан оқу орындары барынша жұмыстарын жалғастыруда. Ендеше олардың жұмыс ырғағын бұза отырып облыс басшылығы тарапынан сот отырысын өткізу үшін бас­қа бір ғимаратты, яғни театр, оқу­шылар сарайын талап ету орынсыз. Олар да өз жұмыстарын тоқ­татпай жал­ғастыра беруге тиіс.

Енді біреулер қазақшадан орыс­шаға ілеспе аударма жоқ­ты­ғына наразы секілді. Бұл туралы да БАҚ-та жиі жазылуда. Менің ойымша, бұл жерде ешқандай заң­ бұзушылық жоқ. Кері­сін­ше, на­ғыз әділетті, өзіміз жиі айтатын заң үстемдігі орын алып отыр. Өйткені, қазақ тілі мем­ле­кеттік тіл болып табы­ла­тын­ды­ғын біз бәріміз де жақсы білеміз. Ал сот отырысынан ақ­па­рат ал­ғы­сы ке­летін кез келген редакция мемле­кет­тік тілді де, ресми тілді де білетін адам ұс­тауы тиіс. Оның үстіне сот отырысы қалың қазақ жайлаған Маң­ғыстау облысында өтіп жат­қан­дығын ұмыт­пау керек, олардың басым көпші­лігі қазақ тілінде сөйлейді. Және сот про­це­сіне қа­тысушылар сот отырысын қазақ тілінде өткізуге келіс­кен әрі оларға аударма жа­сау­ға мүм­кін­дік берілген. Ал жур­налис­тер үшін мұндай мүм­кіндік қарас­ты­рылма­ған. Шетелдік журналистер қай мемлекеттен ақпарат алуға келсе, әуелі сол елдің тілін білуге тиіс. Демек, ілеспе аударма туралы шу бәрін біле тұра әдейі жасалған орынсыз байбалам екені түсінікті.

Тағы бір мәселе. Бірқатар жә­бірленушілер мүліктік талап арыздарынан бас тартып отыр. Бұл жерде бір есеп бар ма, әлде аталған жәбірленушілердің таныс­тары немесе көршісінің туыс­қан­дары сотталушының орнында отырғандықтан кешірімге келді ме дейміз. Меніңше, екеуі де бар секілді. Егер олар мүліктік азаматтық талап арыздарынан қа­зір бас тартса, шығындарын қай­таруды мемлекетке жүктей алмайды. Біз бәрін мемлекетке итере салуды, мемлекеттен көруді және мемлекеттен алуды ғана бі­леміз. Жәбірленушілер азаматтық талаптан бас тартқанымен, атал­ған процесс енді тоқтамайды. Өйткені, аталған қылмыстық іс ашық, бұқаралық болып табылады және айыптаушы ретінде мем­лекеттік айыптаушы мемлекеттің атынан қатысады. Демек, жәбір­ленушілерге түсіндіру жұмыс­тарын жүргізген олар үшін тиімді болмақ.

Ақпарат көздерінің деректері негізінде дайындалды.