• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
14 Сәуір, 2012

Есептеу заңмен реттеледі

467 рет
көрсетілді

Есептеу заңмен реттеледі

Сенбі, 14 сәуір 2012 8:01

Бұдан бұрын жазылғандай, Конс­ти­туциялық Кеңеске Премьер-Министр К.Мәсімовтің ел Консти­ту­циясының 16-бабының 2-тармағын, 44-бабының 2) тар­мақ­шасын, 51-ба­бының 3-тар­ма­ғын, 54-бабы 2-тар­мағының 2) тар­мақшасын, яғни кейбір конс­титуциялық мерзімдерді есеп­теу мәселесі бойынша Конститу­ция­ның бірқатар баптарын ресми тү­сіндіру туралы екі өтініші түскен еді. Онда негізінен Қазақстан Рес­публикасының Конститу­ция­сында көр­сетілген мерзімдерді есеп­теу қа­шан басталып, аяқ­та­ла­тыны барлық жағдайларда белгілене бермейді және мерзімдерді есеп­теудің бас­та­луы мен аяқ­та­луы қай күнге немесе қай оқиғаға қарай ай­қын­далатыны нақтылан­бай­ды, сон­дық­тан Негізгі Заңда белгіленген мерзімдерді есептеу ережелері респуб­ли­каның қол­да­ныстағы құқығында да бекітілмегендіктен бұл Конституция­ның норма­ла­рын қолдану кезінде мем­лекеттік органдар мен лауа­зымды тұлға­лар­дың қызметінде қиындықтар туғы­зуы мүмкін, делінген болатын.

Осыған орай кеше Конс­ти­ту­циялық Кеңес аталған өтініш­тер­дің мән-жайын жан-жақты зерделеп, сарапшылардың және конс­ти­ту­ци­я­лық іс-жүргізуге қатысу­шы­лардың пікірін тыңдап, тө­мен­дегідей шешімге келгендігін жа­риялады. Онда ұс­тал­ған адамның бас бостандығы және оған қол сұ­ғылмауы, соның ішінде емін-еркін жүріп-тұру бос­тан­дығы анық шектелгенде – белгілі бір жерде мәж­бүр­леп ұстауды, анық­­тау және тергеу ор­гандарына мәж­бүр­леп жеткізуді, ешкіммен сөй­лес­тірмей оқшау ұстауды, сон­дай-ақ, адамның және аза­мат­тың бас бос­тандығы мен оған қол сұғыл­мауын айтарлықтай шектейтін қандай да басқа бір әре­кеттерді қоса алғанда, шектеудің әрбір минутына дейінгі дәл­дік­пен алғандағы сол сағаты ұс­тау­дың басталу сәті болып табы­ла­ды. Ал «ұстау» ұғымын конс­ти­ту­циялық-құ­қықтық мағынасын­да адам­ның жеке бас бостан­ды­ғын және оған қол сұғыл­мауын жетпіс екі са­ғаттан аспайтын қысқа уақытқа шектеу түріндегі, құ­қық бұзушылықтың жолын кесу немесе қылмыстық, азаматтық әкімшілік іс­тер бойынша іс жүр­гізуді қамта­ма­сыз ету, сондай-ақ заңда белгіленген мәжбүрлеу си­патындағы өзге де шараларды қол­дану мақсатында уәкі­летті мем­лекеттік органдар, лауазым­ды және өзге де тұлғалар заңда көзделген негіздер бойынша және сол тәртіппен іске асы­ра­тын мәжбүрлеу шарасы деп түсінген жөн дейді.

Екіншіден, айлармен есептелетін конституциялық мерзім өзі­нің бас­талуы белгіленген күн­тіз­белік күн­нен, немесе белгілі бір оқиға болған күн­нен басталып, мерзімнің соңғы айы­ның тиісті күнінде аяқталады. Бұған қоса, үшіншіден, Мемлекет басшы­сы­ның заңға немесе заң бап­тарына қар­сылықтарын Парламент қа­ра­уы үшін бөлінген бір ай мерзім, Конс­ти­ту­цияның 59-бабының 4-тар­мағында және 61-бабының 2-тар­ма­ғында көз­дел­ген жағ­дай­ларды қос­пағанда, егер ол өзінің уақыты бой­ынша Конс­титуцияның 59-бабының 3-тар­ма­ғымен көзделген Парламент жұмы­сының сессиялы кезеңімен тұс­па-тұс келмейтін болса, үзіледі. Төртіншіден, бір-бірімен өзара бай­ланысты, бірақ әртүрлі уақытта түскен өтініштерді Конституциялық Кеңес бір іс жүр­гізуге біріктірген жағдайда, шешім шы­ғару үшін Конституцияда көздел­ген бір ай мерзім уақыты бойынша соңғы өтініш түс­кен сәттен бастап есептеген жөн көрінеді. Бесіншіден, күндермен есептелетін конститу­циялық мерзім белгілі бір оқиға орын алған күннен басталып, белгіленген кезеңнің соң­ғы күнінде аяқталады. Алтыншыдан, жылдармен белгіленген конститу­ция­лық мерзім өзі бастала­тын күн­тізбелік күннен немесе белгілі оқиға орын алған күннен басталып есептеледі, ал бұл мерзім өзінің соңғы жылының тиісті айы мен күнінде аяқталады. Егер мерзімнің аяқталуы ондай тиісті күні жоқ айға тура келетін болса, онда мерзім осы айдың соңғы күні аяқталады. Осы арада бір тоқталар жәйт, ол «жыл» ұғымын Конституцияның 61-бабының 7-тар­ма­ғына қатысты ағымдағы жыл (1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі уа­қыт кезеңі) деп түсінген жөн көрінеді. Сонымен заң шығарушы Конститу­циялық Кеңестің құқықтық ұсыным­дарын ескере отырып, мерзімдердің басталуы мен есептелу мәселелерін қажет кезде тиісті заңдармен реттеуі мүмкін, дейді Конституциялық Ке­ңестің мүшелері.

Александр ТАСБОЛАТОВ.