• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
08 Ақпан, 2012

Қартайғандағы қызғаныш

458 рет
көрсетілді

Қартайғандағы қызғаныш

Сәрсенбі, 8 ақпан 2012 7:54

Ол өмірдің күтпеген жайларға толы екендігін ойлы жанарын бір нүк­теге қа­дай отырып, тосын әңгімесіне арқау етті. Кейіпкеріміз – жетпістің жуан ортасын­дағы қария. Ақсақал сал­дырап қалған қушиған денесін тік­тей алмай, селкіл­деген қолдарын әрең ырқына көндіріп, аракідік өз ойынан өзі шошынған күй­мен үрейленіп, ауық-ауық өксік қысқан­да жөтелге бу­лығып әбігерленді. Маңдай қырты­сы­на моншақ тері іркіліп қал­ған­да, орамалымен сыдыра сүртіп қояды.

Сәрсенбі, 8 ақпан 2012 7:54

Ол өмірдің күтпеген жайларға толы екендігін ойлы жанарын бір нүк­теге қа­дай отырып, тосын әңгімесіне арқау етті. Кейіпкеріміз – жетпістің жуан ортасын­дағы қария. Ақсақал сал­дырап қалған қушиған денесін тік­тей алмай, селкіл­деген қолдарын әрең ырқына көндіріп, аракідік өз ойынан өзі шошынған күй­мен үрейленіп, ауық-ауық өксік қысқан­да жөтелге бу­лығып әбігерленді. Маңдай қырты­сы­на моншақ тері іркіліп қал­ған­да, орамалымен сыдыра сүртіп қояды.

«Мен өмірге несіне келдім!– деп кейде буынып кете жаздаймын. Арым ал­дын­­дағы есептен жалтарып, күйіп-пісе­мін»,– деген ол өткен қателігіне өлердей налы­­ғанымен, қолымен емес, жүрегімен істе­ген ісін ғұмыр бойы жан-дүниесімен қа­­лай көтеріп жүрге­ніне өзі таң қалып, не де болса айтуға бекінгенін мойындап отыр.Айтпай жатып, бәріміздің ұнжыр­ға­мызды түсіріп, еңсемізді езіп жі­берген бұл не сұмдық оқиға екен деп, бас­тап­қы­да аса шошынғанымызбен, іле әуестік би­леп, амалсыз құлақ тос­қан болдық қой.Сондағы жан күйдіргісі мынау екен. Қызғаныш түбі – тұңғиыққа қа­лай шым-шым батқанын, міне, араға он жыл түс­кенде алаңғасарлықпен аң­ғарып отыр­ған жайы бар. Бұған шекті қыз­ға­ныш иттің не екенін мүлде сезбей ке­ліпті ғой. Адал жары қасында. Ақыл­ды. Мінезге бай. Қызғанатындай бір оғаш қылығы болмапты. Екі жүрек ал­ғашқы сеніскен сертінен еш айны­ма­ған. Қайта, жылдар бедерімен бір қа­мытқа мықтап мойын­сынып, бе­кем­дене түскен. Ажырататын күш жоқтай.Бәрі бекер болып шықты. Жас иіспен мауығып, кәрі махаббат жүндей түтілді. Туырлықта бәйбішесінің жаны сабаланып, беті осылып қала берді. Бұл әулекі өзінен отыз жас кіші көңілде­сінің қо­лы­на келіп кірді. Сөйтіп, ойнақтаған кәрі түйенің от басқанынан бергі он жылда ол сал аурудай орнынан қиралаңдап кө­те­рілетін пұшайман халге жетті. Даға­ра­дай үйде жалғыз қалды. Сылаңдаған сұ­луы көз сүзген басқамен сүйкенісіп жо­ғал­ды. Балалары әкесімен қатынасын шорт үзді. Ендігі бар тауқыметі күтуші кемпірде қалды. Оның өзі әрең сүй­ретіліп жүр.Жүрегін кемірген дерті – қы­зға­ныш екен! Басыбайлым деп анттасқан «байталын» секөнт сайын қызғанған екен. Қасында отырып қызғанғаны бір азап болса, көзінен таса кезде де ойына қызғаныш тамызығын тұтатып қой­ып, арпалысады-ай келіп. Болмағанды бол­ған­дай етіп, ойында ойнатып, өз­ге­мен қабыстыра құштыртып, аймалата айқас­тырып, махаббат отына оңдыр­май ома­қа­та құлатады. Осындай күй­гелектік он жылға созылған соң ар мен абыройды күйедей жалмап тынады екен. Есіл-дерті күйінішті көрініс. Санасы сандырақ ойдан сартап болған. Жүрегінде бір түйір адал ойға орын болмай қалыпты-ау! Бүкіл болмысы арамдықпен, айламен, аярлықпен, өзім­шілдікпен, жала жабумен, ретсіз кінәлаумен, бас-көзсіз тіл­деу­мен уланып біткен екен. Өзге өмір қызығы қалмағандай. Көңілі кіреуке­лен­ген мұң. Қысқасы, қызғаныштан қанына қарайып алған. Ойы да, бойы да қыз­ғанышқа қақтала-қақтала өртеніп біткен ағаштай қара күйік-күйеге шалынған. Ындыны, ниеті, ықыласы түгелімен қап-қара. Өңіне көз тоқтап болмайды. Қа­тып, семген. Қатыгездік табы көзді күйдіргідей қариды.Япыр-ау, мұндай кеселге ұшырармын деп, ойлап па екен? Жоқ! Қолынан жа­сапты-ау! Сол түнгі сұ­лудың құшағы… Міне, қаусатып біткен он жыл! Қалай лезде өте шыққан. Сөйтсе, қызған­шақ­тық сыртқа шық­пай қоймайтын ішкі бы­лық екен. Құрт ауруы екен. Мыс қаза­нындай қай­най­тын азап оты екен. Ақыл­дың көзін байлап, жүрек сөзін бітеп тас­тапты. Сол сұмпайы қайда жүрсе – ұрыс сол жерде өрбиді-мыс. Өшпенділік илік­се де – қызғаншақтыққа дауа жоқ екен. Қызғаншақтыққа ұрыну – бетсіз­дік­тің белгісі десейші. Шыбын жанын үйірген жас иісіне «ақылдысың» деп, көптіртіп, көпшік қойып келіпті. Есе­сіне өзі саяз ақылдың сазына үйелеп қалып­ты. Енді өзін бұл ұйықтан нендей күш тартып шығарарына жетесі жетпей­тін­дей! Бітті. Сөнді. Өшті…Қызғаныштың миды кеулеп, үңгіп, кебек қып тастайтынын жанымен тү­сін­гендей. Не қайыр? Кеш күйгелек­теніпті. Құты қашқан отбасын былай қойғанда, балалары мен немерелеріне «тас жүрек» атанғанын айтпағанда, ел көзіне тіктеп қарай алмайтын пұшай­ман халге жетті. Өз-өзінен қуыста­на­ды. Адам атаулыға мейірімі жоғалған. Туыстық, іліктік қаты­настың тіні туралып қалған. Басы – бос үрленген шар іспетті. Бәрінің түбіне жеткен – қыз­ғаныш қиғылығы. Ұят пен ар-на­мыс­тың күретамырын қиып тас­тапты. Адам­дықтың көлеңкесі ғана қал­ған. Оба дерті екен – бұл омырау­ла­ған қыз­ғаныш! Пәлесімен кетсін десең де, өзін омақата құлатып, тыпырлатпай қыл­ғындырып жатыр. Енді, бәрі кеш, кеш!..Шалдың әбден өлеусіреген жүзіне тіке қараудан қаймыққан әңгіме тың­даушының бірі ішін қарыған өкініш­тен шарасыздық танытып: «Қартай­ғандағы қызғаныштан сақтасын» деді де тілі тобарсып, түкірігіне шашалып, сыртқы есікке жөнеле берді…Қайсар ӘЛІМ.