• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
11 Ақпан, 2012

Қазақ даласын күл-қоқыстан қалай тазартамыз?

639 рет
көрсетілді

Қазақ даласын күл-қоқыстан қалай тазартамыз?

Сенбі, 11 ақпан 2012 8:32

Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев­тың биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауы жастар жүрегіне жол тапты. Жолдау және Жолдау жария­лан­ғаннан кейін іле өткізіл­ген Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының сөй­леген сөзі бізді ерек­ше толған­дыр­ды. Мәселен, Елбасы Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде «Қал­дықтарды өңдеп кәдеге жарату, қалдықтарды бөлектеп жинау жү­йе­сін енгізу мәселесі де аса ма­ңызды. Шетелдерде олардан метан өндіріп, оны әртүрлі қажеттілік­тер­ге пайдаланады. Біз де осылай жұ­мыс істеп үйренуіміз керек. Елі­мізде осы уа­қытқа дейін жинақ­та­лып қалған өнер­кәсіптік және тұр­мыстық қал­дық­­тар әрбір тұрғынға шаққанда 1,4 мың тоннадан айналады екен.

Сенбі, 11 ақпан 2012 8:32

Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев­тың биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауы жастар жүрегіне жол тапты. Жолдау және Жолдау жария­лан­ғаннан кейін іле өткізіл­ген Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының сөй­леген сөзі бізді ерек­ше толған­дыр­ды. Мәселен, Елбасы Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде «Қал­дықтарды өңдеп кәдеге жарату, қалдықтарды бөлектеп жинау жү­йе­сін енгізу мәселесі де аса ма­ңызды. Шетелдерде олардан метан өндіріп, оны әртүрлі қажеттілік­тер­ге пайдаланады. Біз де осылай жұ­мыс істеп үйренуіміз керек. Елі­мізде осы уа­қытқа дейін жинақ­та­лып қалған өнер­кәсіптік және тұр­мыстық қал­дық­­тар әрбір тұрғынға шаққанда 1,4 мың тоннадан айналады екен. Бұл мәсе­лені шешу қажет», деп атап көрсетті.

Иә, бабаларымыз «ақ білектің кү­шімен, көк найзаның ұшымен қор­ғап» өткен қазақ жерін кейінгі ұрпа­ғына күл-қоқыспен толтырсын деген оймен қалдырған жоқ. Өткен жылы қазан айында «Егемен Қа­зақ­стан» газетінде жарық көрген журналист Жылқыбай Жағыпар­ұ­лы­­ның «Қазақ даласы күл-қоқыс қой­масы емес» атты мақаласы және оған үн қосқан Халықаралық биз­нес академиясы студенттерінің «Шет­­елдік қоқыспен отандық қо­қыс­­ты өң­дей аламыз ба?» атты («Еге­мен Қа­зақ­стан» 9.11.2011) жан­айқайы көп­ші­лік оқырман­дар­дың назарын осы мәселеге аудартқан еді.Бүкіл дүние жүзінде қатты тұр­мыстық қалдықтарын (ҚТҚ) әртүр­лі әдістермен қайта өңдейді. Осы­лар­дың қазіргі күнде ең көп қолда­ны­латын әдісі – ол полигонда қай­та көму әдісі. Ал екінші әдіс – қо­қыс­тарды сұрыптау зауыттары. Та­ғы бір әдіс – бұл ҚТҚ-ны жағып, одан электр мен жылу энергиясын алу және пайдалану. Бұл әдіс көп­теген дамыған шетел мемлекет­те­рін­де, мысалы, АҚШ, Жапония және бас­қа Еуропа елдерінде қолданылады.Еуразия ұлттық университеті­нің профессоры, техника ғылым­да­рының докторы Т.Ермековтің бас­шылығы­мен тұрмыстық және өн­діріс қал­дық­тарын қайта өңдеудің жаңа технологиясы бойынша жиырмадан астам инновациялық патенттер алынды. Бұл әдістің тағы бір ерекшелігі ЕҰУ-дің ғалымдары ұсынып отырған жаңа иннова­ция­лық технологияны пай­далану ар­қы­лы қалалардағы қо­қыс­тарды кө­му полигондарын толық қысқар­ту­ға қол жеткізілуі.Келешек ұрпаққа арналған жа­ңа зауыт арқылы қазақ даласын күл-қоқыстар мен қалдықтардан тазар­ту­ға болады. Парламент және мәс­лихат депутаттары осы көкей­кесті мәселеге жоғары деңгейде қараса екен. Біз жас­тар сіздерге сенеміз, өйткені қазақ даласының болашақ тағдыры сіздер­дің қол­дау­ларыңызға байланысты. Келешек ұрпақтың жаңа зауыты қор­шаған ортаны сақ­тауға және зиянды зат­тардың ауаға, суға, жерге қосыл­мауына мүмкіндік жасайды. Қазақ­стан­ның 50 мыңнан астам тұрғын­дар тұратын қала­ла­рында ҚТҚ көму полигондары бар және Алматы мен Астанада ҚТҚ сұрыптау зауыттары са­лынуда. Осы полигондарды және зауыттарды жаңа инно­­вациялық технологиялар зауы­тына ауыстыру ар­қы­лы мемле­кеттік бюджеттің милли­он­даған теңге қаржысын үнемдеуге болады. Біздің университеттің ға­лым­­д­а­ры ұсынып отырған жаңа технология зауыты болашақ үшін өте керек. Қазақ жері, оның байлығы, тазалы­ғы біздер үшін аса қымбат. Егер, осы айтылған мәселелерге Парламент, Қор­шаған ортаны қорғау ми­нистрлігі, қа­лалардың әкімдері мен коммунал­дық қызмет мамандары, та­­биғатты қорғау ұжымдары, өн­діріс және қатты тұр­мыс­тық қал­дықта­р­мен айналысатын ұжымдар көңіл бөлсе, нұр үстіне нұр болмақ. Қазақ даласын күл-қо­қыстан тазарту қазақ жерінде тұратын әрбір адам үшін өте маңызды деп есеп­тейміз.Меруерт ЖАМАЛИЕВА,  Айдана АРПАБЕК,  Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің жаратылыстану ғылымдары факультетінің 3-курс студенттері.