• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
07 Сәуір, 2012

Сорақы салық

369 рет
көрсетілді

Сорақы салық

Сенбі, 7 сәуір 2012 9:01

Ол ауылды көтере ме, әлде көтерем ете ме?

Бүгінде өңірдің береке-бір­лігі, тыныс-тірлігі саналатын, тіпті бүкіл Отанымыздың хал­қын ас-сумен қамтамасыз етіп отырған ауыл тұрғындарын жаңа салықтың түрі алаң­да­тып отыр. Ол өткен жылы Эко­логиялық кодекске енгізілген түзетулерден туындауда. Нақ­ты­лай түссек, ірі қара малдың жапасы қоршаған ортаға зиянды көрінеді. Сол үшін ауыл тұр­­ғын­дары малының қи-те­зе­гі­не са­лық төлеуі керек. Сонда экология оңалады екен.  Әри­не, са­лық көлемі бәлендей көп емес. Бір тоннасы 15 теңгеге жуық. Мәселе, сол жапаны қа­лай жинап алу керектігі, одан кейін төлейтін салықтың сан түрлі құжаттарын дайындау ке­зін­­де­гі ары-бері шапқын іс ауыл тұр­ғындарының шарадай бас­­та­рын шақшадай ете­тін сияқты.

Иә, Кодексті қабылдау барысында негізге алған мәселе, тазалық жайы еді деген уәж көлденең тартылғаны күмәнсіз. Бірақ атам қазақ сол малдың қиын зиян демей әлетке жаратуды баяғыда білген. Тыңайт­қыш деп қажет кезінде егісіне пайдаланған. Тіпті, отқа жағып жылынған. Ол тұста зиянсыз, қазір қалайша зиянды бола қал­ды? Мұның «залалы» бар де­генді ғалымдар дәйектеген бе?

Әрине, мұндай қадам салық жинаушылар үшін тиімді болары айдай анық. Әйтсе де аузы аққа енді-енді тиген ауылдық­тар­ды бұл көтере ме, болмаса көтерем ете ме? Осы күндері мал басын көбейту, асылдандыру мәселесі аз айтылып жат­қан жоқ. Жанама салық дәл осылай сансырата беретін болса, ауыл жұрты малдан ат-тонын ала қашатын шығар.

Өткен жылы Қытай Ха­лық Республикасына барған сапарымызда халықты көк­өніс­пен қамтитын жылыжайда болдық. 7-8 ай бойы өнім бе­ретін қызанақ өсіруші азамат Шун Жимин өз өнімінің таза екенін айтып, дәмін татып көр деген тілек білдірді. Шынында, жақсы екен. «Біз өні­мімізге түрлі гербицидтер, хи­миялық тыңайтқыштар қос­­паймыз. Тіпті бұлардың құны күн санап құлдырап кетіп барады. Елді мекендердегі малшылармен тығыз қарым-қатынас жасап, адам денсаулығына пайдалы, өнім үшін алтынмен тең тыңайтқыштарды аламыз. Бұл біз­ге де, оларға да тиімді тәсіл болып тұр» деген еді.

Бұл – үйренетін үрдіс. Егер ірі қараның жапасына салық салуды көздеп, тазалықты мақ­сат еткен азаматтар фискал­дық шараны ойламай, нарық­тың талабына сай жұртпен ке­ңесе отырып, келісім шығарса, ел құжатқа қолдау көр­се­тер еді. Қазір қоршаған ортаға қауіпті, улы деп тапқан қи-тезек мә­селесі ауылдықтарды алаңда­тып қана қоймай, бұзау, танасынан, ешкі, лағынан түсетін «залалды» қайтсек жинап аламыз, қо­сым­ша салық­тан қалай құты­ла­мыз дейді. Тіпті, осы малдан пайда бар ма? Оған төлеген бұрынғы са­лығымыз аздай, енді жапасына да салық төлейтін болсақ, көзін құртып, қол қусырып отыру керек шығар деп те аң-таң болуда.

Сүлеймен МӘМЕТ.