• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
19 Сәуір, 2012

Айгүлдің соқпағы

388 рет
көрсетілді

Айгүлдің соқпағы

Бейсенбі, 19 сәуір 2012 7:38

Айгүл Асылбекова-Нөкербаеваның га­­зет-журналдарға шыққан әңгімелерін оқы­­ғанда бір сәуле көрінеді-ау деп ойлап қоя­тынмын. Соным шындыққа айнала бас­тағанға ұқсайды. Жуырда оның «Бақытты болатын өмір» атты тұңғыш әңгімелер жинағы жарық көрді. Кейіпкерлері кәдімгі өзіміз күнделікті көріп-біліп, сырласып, мұңдасып жүрген қарапайым жандар. Тіпті бір сәт солардың арасынан өзіңді немесе бір танысыңды көріп қалғандай әсерде бо­ласың. «Рас-ау!» деп, басыңды шұлғып қос­тай кетесің. Жинақтағы «Қырық шырақ» деген әңгімесін оқып көріңізші. Тоғыз ай омыртқасын үзе жүріп көтерген, түн ұйқы­сын төрт бөліп, бесігінде тербеткен ананы Меккеге үш арқалап барсам да балалық парызымды өтей аламын ба деп кім ойланбайды дейсіз. Осы перзенттік парыздың қыр-сыры әңгімеге арқау болған.

Еш боямасыз сомдалған ұрпақ келбеті, еш романтикасыз суреттелген замана кө­­рінісі, замандас портреті әдемі. Автор адам болмысын, қоғам психологиясын, тұрмысы мен мәдениетін баз қалпында, нанымды әрі тартымды баяндап берген. Жүрекпен жазылған дүние жү­регіңнің түкпіріне жетіп, қонақ­тай береді екен. Әйел баласы перзент көтеруге жаралды десек те, қоғам өмірінің басына туған аума­лы-төк­пелі заманда олардың жүк көтеруіне тура келгені шындық. Небір «мен­мін» деген ер азамат­тар­дың өзі тосыннан келген нарық «төм­пешіне» төзе алмай, не істерін білмей абдырап қалғаны ақиқат. Қиын-қыстау шақта үш бірдей ұлды бірінен кейін бірін дүниеге әкелген Айгүл оларды тәрбие­леп, бәріне жоғары білім беріп, азамат етіп шығарды. Енді міне, самайын қырау шалған тұста шығармашылық сапар­ға бет бұрыпты. Бұл екі әйелдің бірінің қо­лынан келе бер­­мейтін ерлік. Жазушы осы сапарға шықпас бұрын қайда баратынын анықтап алғанға ұқсайды. Өзіне сенімді. Батыл. Тілді безе­мейді, дәмді ойды көзейді. Айт­қандары мық шегедей нақты. Қиялы ұшқыр. Қысқа жазып, көп айтады. Оқуға жеңіл. Қалам ие­сі­нің өзіне ғана тән шы­ғар­ма­­шыл­ық үлгісі бар.

Мынау жалған тірлікте адамның көп нәрсені жоғалтуына тура келеді. Бірақ өзін және Құдай берген қабілетін жоғалтуға хақы жоқ. Кешеуілдетіп болса да, қоңы­рау­латып жеткен қанатқақты туындың көңіл­­­ден шықты. Герольд Бельгердің «Айгүлдің соқпағы» деп алғысөз жазуы да содан шы­ғар. «Кітап иесі – автор, ал оның тағдырына ие – қауым» деген екен жазушы Виктор Гюго. Қауымға ұсынған кітап, халық игілігіне асса құба-құп.

Гүлмәрия БАРМАНБЕКОВА,журналист.