• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
14 Сәуір, 2012

Сәулелі сәттер

894 рет
көрсетілді

Сәулелі сәттер

 

Сенбі, 14 сәуір 2012 7:35

Өткенғасырдың 50-шыжылдарыәдебиетайдынынакеліпқосылғантегеуріндітолқынныңал­дыңғысапындаөзіндікүні, өзіндікқолтаң­басымендараланғанқазақтыңқабырғалықаламгерлерініңбірі, Қазақстанныңхалықжазушысы, МемлекеттіксыйлықтыңлауреатыСафуанШаймерденовбү­гіндекөзітіріболсаторқалытоқсанынтойлапжатареді.

Сенбі, 14 сәуір 2012 7:35

Өткенғасырдың 50-шыжылдарыәдебиетайдынынакеліпқосылғантегеуріндітолқынныңал­дыңғысапындаөзіндікүні, өзіндікқолтаң­басымендараланғанқазақтыңқабырғалықаламгерлерініңбірі, Қазақстанныңхалықжазушысы, МемлекеттіксыйлықтыңлауреатыСафуанШаймерденовбү­гіндекөзітіріболсаторқалытоқсанынтойлапжатареді. Артындақалғанел-жұрты, қалыңоқыр­маны, өренұрпақтарытұрғандақазақпрозасынақайталанбаспсихологиялыққатпарымол, реалистіккөркемдүниелерәкеліп, әлемдікдең­гейдегіклассиктератанғанЛевТолстой, РабиндранатТагорсындықаламгерлердіңшығар­ма­ла­рынқазақтіліндесөйлеткенұшқыройлықаламиесініңесіміде, шығармаларыдаұмытыл­майды, ұлтыменбіргежасайбереді.

Иә, Сәкеңніңкелместіңкемесінемінгенінебесжылөтіпті. Азаматытұ­тынғанәрзаттықадірлеп, артынақалдырыпкеткенмұрағатынкө­зініңқарашығындайсақтап, сол «руханибай­­лықты» қолдыетіпалмай, қажеттіжерінеаманаттаптапсыруүшінАлладанкүндекүш-қуатсұрапотырғанБағдатапайосыәулеттіңшы­­рақшысыіспетті. «ЖалғызұлымСаянымтіріболса, қорасыныңбірбұрышынабарыпжатсамдажарасареді, қазаққыз­дар­­дыңқолынақарамаған», депСәкеңніңтүтінінтүтетіп, отында, атындаөшірмейміндепешқайдажылжымайотырғаншүйкедейкейуананыңтектілі­­гіне, бекзатболмысынатәнтіболдық. Жасысексенніңбесеуіналқым­дасадажарғадеген, балағадегенсарытапсағы­ныш­тыарқалап, денсаулығысырберседе «іздепкелгендергеесікашып, дәмтатқызып, Сәкеңніңбосағасынантабылайын» деп, құдайқосқанқосағынадегенадалпейілін, шынсүйіс­пеншілігінта­ныт­қанБағдатШАЙМЕРДЕН­КЕ­ЛІ­НІ­МЕНәңгіме­мізшәйүстіндежалғасты.

– Бағдат апай, Қадыр ақын айт­қан ғой, «жақсы жар – жарты ғұмы­рың» деп. Сіз Сафуан ағадай халқы­мыз­дың аяулы перзенті, үлкен қалам­гер, бір туар тұлғамен 60 жылдай бірге ғұмыр кештіңіз. Сонау бір өткен күндерге оралып көріңізші. Оқырма­н­дарымызды да сіздің Сафуан ағаймен қалай таныс­­­­қаныңыз қызықтыратын болуы керек…

– Адам естелік айтқанда тек сәулелі кездер еске түседі екен. Соғыстан кейін қазақтың ұл-қыздары білім іздеп Ал­­­матыға ағыла бастады. Сонда әкем: «Балам, оқы. Оқысаң төрде отырасың. Оқы­масаң әрі кеткенде дүкенші, сауыншы боласың», дейтін еді. «Сауыншы» бол­мау­дың жолын таңдап, Қараған­ды­дағы екі жылдық мұғалімдер институтын бітіріп, Ақмола қаласындағы Сталин атындағы мектепте бір жыл сабақ бердім. Бір жыл «облонода» инспектор болып істеп жүріп, жолдамамен ҚазМУ-дің филология фа­куль­­­тетіне бірден 3-курсқа қабылдандым. Байқай­мын, біздің курстың жігіттері бірінен-бірі өтеді. Шетінен сымбатты, білмей­тіндері жоқ. Зейнолла Қабдолов, Мырзабек Дүйсенов, Тұрлыбек Сыдықов, Рахманқұл Бердібаев, Аманжол Шамкенов әдебиетті шемішкеше шағып, өзара пікір таластырып таңғалдыратын. Үш жыл Мұхтар Әуезовтен дәріс алдық. Мықты ұстаздың шәкірттері де осал болмайтыны ақиқат. Соғыстан кейінгі жастар білім алуға құштар, еңбекқор болатын. Әкемнің «нашар оқысаң келіп алып кете­мін», деген сөзі бар, күні-түні кітапха­надан шықпаймын. Ойым – тек оқу. Осылайша, қиын да қызық студент­тік шақта Сәкеңмен таныстық. Бұл 1946 жылдың қыркүйек айы еді. Байқаймын, мені ұна­тып қалған секілді. Әр нәрсені сылтау­­ратып, қасымнан шықпайды. Үш жыл бойы сөз салып, хат жазып, өлең арнады. Қарашы, мына бір өлеңді от­крыт­каның сыртына жазыпты. «Бағдат! Сағыныш туы көтерілер, Көріспесек көп күн бойы. Еске түсіп әлденелер, Шат көңілдің тарқар тойы. Сонда мынау жансыз сурет, Медеу болсын тілегіңе. Көңілім сүйген жан еді деп, Бас апарып жүрегіңе», деп 1947 жылы жазыпты. Осылай «Махаббат, қызық мол жылдар» деген қызықты шақты бастан өткіздік. Достықтың арты үлкен махаббатқа айналып, 1949 жылы оқу бітірген соң, отау құрдық. Дегенмен, жасың келіп қартайған шақта махаббат туралы естелік айту ұяттау сияқты екен.

Содан мен жолдамамен Қарағанды­да­ғы Молотов атындағы екі жылдық мұға­лімдер даярлайтын институтына оқыту­шы, Сәкең «Лениншіл жас» газе­тінің Қарағанды облысындағы меншікті тілші­сі болып жұмысқа кіріп кеттік. Өкініш жоқ. Себебі, бір-бірімізді дұрыс таңда­дық, түсіністікпен өмір кештік. Осы кезде «Инеш» романы жарық көрді. Роман жас-кәріге ұнап, өте көп тиражбен тарап кетті.

Екі-үш жылдан соң шығармашы­лы­ғына байланысты Алматыға көшіп келдік. Бұл кезде Жанна, Дана деген екі қызымыз бар, пәтер жалдап тұрамыз. Қазіргідей такси, телефон, газ жоқ. Сонда да өмірі­мізге ризамыз.

– Жақсы жар жазушының бағы дей­ді. Сонда жаманы соры болғаны ғой. Жалпы, қазаққа жар болудың өзі оңай емес. Ал қасиетті қалам ұс­таған, уа­қыт­пен санаспай, күн, түн­мен есептес­пей жұмыс жасайтын шығармашылық адамының қосағы жай­лы болып, ол адамның жанын да, жазғанын да түсі­ніп жатса, олар кейін келе одақтаса өмір сүретін көрінеді. Өйткені, қаламгер жары бол­мыс-бітімімен біте қайнасып қоймай, олардың ең бірінші оқырманы, сыншысы, анасынан кейінгі ең жақын жанашыр адамына айналса керек…

– Оның рас, балам. Қазақ әйелі ерінің қас-қабағына қарап, ата-енесін сыйлап, ибалы болып жатса, ол отбасында береке бар. Яғни, оның бәрі әйелге байланысты. Жазушылық қасиет туа біте қалыптасады. Ол адам да пенде. Маған ылғи: «Жазушымен тұру қиын ба?» деген сұрақ қояды. Қысқа қайыр­сам, қиын да, қызық та. Жазатын адамға ең алдымен жағдай керек, түсінген соң қолымнан келгенше жағдай жасауға тырыстым. Сондай-ақ еркін тұрып-жүргенге кеңістік, кеңшілік керек. Бұл жағынан Сәкең өле өлгенше риза болып кетті. Жағаласып жүрудің, қайда жү­ріп-тұрғанын тексерудің жарамсыз екенін жас болсам да білдім. Әйел-ана үйдің ұйтқысы, балаңа, шаруаңа қара. Халық­тың адамы болған соң үйге қонақ көп келеді. Елден келетін ағайын-туған және бар. Менің мамандығым мұғалім. Ұстаз да ақ тілеулі ана сияқты. Бар­­­лығына ренжімей, үлкен-кішімен тіл табысуға тырыстым. Адам эгоист болмауы керек.

Сәкең де өте қарапайым, үлкен-кі­шіге, алыс-жақынға, балаларына жар­қын, жарына өте жайлы адам еді. Үйде береке болмаса, ер азаматты он баламен де ұстай алмайсың. Кейбір әйелдер ер адамның соңынан жүргені. Мен ондай әйелдерді аяймын. Өзін сыйламағандық деп біле­мін. Сәкең мені жақсы көрді. Өтірік айтып не керек, кейбір әйелдер секілді пиджагын түзетіп, сипап, мы­науыңды ки, іше ғой, отыра ғой деп бала секілді күткен жоқпын. Кәдімгі өзімен қатар, балалар­ы­­­ның шешесі ре­­­тінде, тіпті, курс­тас дос ретінде бәрін ақылмен жа­­садым. Өзі де айтатын «Сен бол­­­ма­­­саң, мына үй бос қалады. Ал жазу­­­шы­­­ның жары мұға­лім болғаны жақсы екен», деп. Өйт­кені, мұғалім – психолог. Бір сыныпта қы­­­­рық бала отырады, неше түрлі ата-ана бар. Олармен де, баламен де тіл табысып сөйлесуің керек. Сіздің қалам ұс­­­­тайтын ерлі-зайыптылар келе-келе одақ болып өмір сүреді де­­геніңіз рас. Жазған дүние­­­сін алдымен маған оқып беретін. Ондай кезде қанша шаршап отырсам да тың­­­дап, ойымды айтатынмын.

– Зады, жазушы отба­­­сының әде­биет­ті түсініп, бағалауы өте маңыз­ды ма деп қалдым. Өйткені, қан­­­шама атақты ақын-жа­­­­зушылар­­дың артында қал­­­­ған мұра­ға­тына ие бол­май, ізім-қайым жоқ. Ағайдың елу жы­­­л­­­­ғы қол­­­жазбасын қарап шығу оңай шаруа емес екенін білеміз. Өзіңіз де әде­­­биет­­­­ші­­­сіз, бұрын жарық көрмеген, оқыр­мандар­­­дың қолы­на тимеген, сізді қы­зық­тыр­­­­ған дүние­­лерді көп кездесті­рдіңіз бе?

– Сәкеңнің мұрағатына жылын берген соң отырдым. Осы бес жылда 50 жыл жазылған қолжазбаны оқу оңай емес. Бүгінгі күнге соның жартысынан ғана астым. Мұрағат қараудың не екенін басына түскен адам ғана біледі. Қазір менің жасымдағы адамдар далаға шыға алмай отыр. Ал мен бір Алла, екінші Сәкең мен Саянымның әруағы шығар, өзім жүріп тұрамын. Сосын Индирам мен күйеу балам Берік барлық жағ­­­дайымды жасап қойған. Мен тек оқумен отырмын. Күніне екі сағат қараймын. Өйткені, сарғайған қолжазбаға аллергия пайда болды. Көзге де зиян, жатып оқу керек, өйткені, көп отыра алмаймын.Ұйқы жоқ, күлкі шамалы. Үй толған қағаз. Ертең «Жалынға», «Жұл­­­дызға» ма­қа­ла апаруым керек. Не болса соны бере алмайсың ғой. Сол үшін бәрін оқып барып, тастайтынын тастай­­­сың, мемлекеттік мұ­­рағатқа тапсыратынын бөлек жинайсың. Ал жинаған кітап­­­тарын әркімнің қолына бермей, жұрт оқып пайдаланатындай бір мектепке өткіз­­сем деймін. Онда тұрса, сондай адамның кітапханасынан деп бір кітап болса да балалар алып оқиды. Мұ­рағатты балаларға тапсырғанға, орысша оқыған, оның жөнін қайдан түсінсін.

– Бағдат апай, қай ата-ана үшін де ет бауыр баласын жоғалтудың қанша­­­лық­­­ты қиын екенін түсінеміз. Әсіресе, сек­­­сен­нің сеңгірінен асқан әкеге қатар-құр­­­бы­сының алды болып, үлкен биіктік­­­тер­­­ді бағындырған нар тұлғалы, ақылы ас­қан ұлдан айрылу екі есе ауыр болған шығар…

– Баланың қайғысын айтпаңыз. Саян­­­­ның қайтыс болуы біздің отбасына үлкен қайғы-қасірет әкелді. Жүрекке күш түс­кен ғой. Стадионға жасанды төсеніш тө­сеу керек екен, сол мәселені Ақмолаға барып шеше алмапты. Өзіңіз білесіз, Саяным көгалдағы хоккейден жастар арасын­дағы чемпионатты қоса санағанда КСРО-ның он дүркін чемпионы, Еуропа чемпиондары кубогының, КСРО кубогының ие­ге­рі, КСРО-нің VІІ жазғы спарта­киа­дасы­ның жеңімпазы. Көгалдағы хоккейден ха­лықаралық дә­режедегі спорт шебері, әрі «Динамо­ның» алты жыл, КСРО-ның бес жыл капитаны атанған тұң­­ғыш қазақ еді. Үйде үш қызы, әйелі, командасында 15-20 қыз бар. Сонда: «Мама, әйелдермен жұмыс істеу қиын. Әбден шар­шаймын. Сосын ұрсамын», дейтін. Сол орыс қыздарының Саянмен қош­­­та­­сарда «папа» деп егіліп жылағанын көрсеңіз.

…Әлі есімде, жарыс басталғанда әкесі екеуіміз бар шаруамызды тастап, стади­он­ға жүгіреміз. Барсақ, ылғи доп соғады, соған мәз болып қайтамыз. Біз­ге атақты спортшыларды біліп оты­рың­дар деп мәс­кеулік «Советский спорт» газетін жаздырып беретін. Айналайын, асыл еді ғой, қандай шаруа тапсырсаң, ертесіне тындырып тастайтын. Дұшпа­ны жоқ адам еді. Сол күні үйге кел­­­ді де: «Мама шаршадым, кішкене жатып демалып алайыншы», деді де содан оянбады. Оңай ма, арыстай баласы құлап жатса. Өзі алдында инфаркт алған, қайғы­­­дан жатып қалды. Көңілі бұзылып маған айтады, менде не ес бар дейсің. Қайтесің, көтере­сің. «Қайғының орнын сабыр басады», деген, мен де уайымдап отырсам, бүгін сені­мен сөйлесіп отырмас едім. Қалғандарын аман етсін деп, белімді бекем будым.

Маған бүгін біреу Саянды айтса, сол адамды жақсы көріп қаламын. Бірақ біреудің ұлына қарасам, бір түрлі бұ­зыла бастаймын. Не істейсің? Командамен екі-үш рет Жапонияға барғанда: «Мама, жапондарда ұл баланы шеше­лері тәр­­­бие­лей­ді екен», дегені бар. Сон­дағы әкеліп берген түйрегішін, депутат­тар­дың таға­тын төс­­­бел­­­гісі сияқты, арнайы кеудеше тіктіріп, тағып қойдым. Ал мына алқаны Үндістанға барғанда әкелген. Сырғасы, жүзігі бар. Әлі мойнымнан тастамаймын. Иә, жалғыз бала кетті, сыртым бүтін, ішім түтін дегендей. Саянымның орнын ешкім толтырмайды. Соны білсем де, білдіртпей, артында қалған неме­ре­леріме тәрбие беріп, келінге де қарайла­сып, шаңы­рақты ұстауға, ұйт­қы, ақылшы болып отырған жайым бар.

– Сафуан ағайдың Геннадий Колбин қатысқан Жазушылар одағының пленумында сөйлеген сөзі кезінде ұлт үшін жасалған ерлікпен пара-пар еді. Өйт­­кені, біреу елін қару алып қорғаса, біреу қаламмен қорғар. Шынында да, сол жо­лы ол кісі қазақ зиялыларының аш­ын­­­­ған ащы дауысын жеткізді. Яғни, бұл жазушының күрескерлік қасиеті. Бағ­дат апай, Сәкеңнің пленумнан кейін үйге келгендегі көңіл-күйі есіңізде ме?

– Әрине. Мен оның пленумда сөй­­­­­лей­тінін басында білмедім. Бұрын бір жерге баратын болса, пәлен жерге бара жататынын, болмаса сөз сөйлейтінін, яки кездесу өтетінін міндетті түрде айтатын. Бұл жолы ештеңе айтпастан, түнімен отырып сөйлейтін сөзін жазды. Қашанда өзімен өзі асықпай жүретін адам, сол күні таңер­­­теңгі шайын асығыс ішті де, тез шығып кетті. Бірақ қайда баратынын айтпады, мен сұрамадым. Содан көлігіне мініп одақ­қа барса, есік жабылып қалған. Біраз адам кіре алмай тұрса керек, Сәкең әйтеу­ір, ебін тауып, артқы есіктен кіріп, сөз сұраған. Орыс­ша-қазақшаға бірдей сауатты еді ғой. Қолында орысша жазылған мәтіні бар, тура 38 минөт сөйлей­ді. Ол кезде Жазушылар одағының төр­аға­сы Олжас Сүлейменов: «Сафуан аға, уақы­тыңыз бітті», деп қаға бергеніне де қа­ра­майды. Өзі пленум болса, оған Колбин қатысып отырса, әрине, қи­­­палақтайды ғой. Әбді­жәміл Нұрпейісов, Жұбан Мол­да­ғалиев те сөйлей­ді. Жұ­бан пленум біткен соң үйге телефон соқты. «Сафуан, сен өте жақсы сөй­ледің», десе керек, Сә­­кең де: «Сен де жақсы сөй­­­­ледің», деп жат­ты. Сол жолы дұшпан­дарының өзі риза болған. Мінберден түсіп келе жат­қанда жұрт ду ша­­­­палақтап тұрып алса керек.

«Шовинистер, қазақта ұлтшыл адам болған жоқ. Жас қыздарды неге қор­лай­ды? Неге қыстың аязында су шашады?.. Сенбесеңіз екеуіміз көшеге бірге шы­ғайық, егер сізге біреуі қол көтеретін болса, көзіңізше дәл сол жерде өзіме керосин құйып өртеп жібе­рей­­ін… Теледидардан сөйле­­­ген­­­­де қа­зақ тілін үйрене­­мін деп едіңіз, олай болмай шықты..» деп айтқанын білесіз. Онысын ол істейді де. Содан КГБ-ден бес-алты ай нағыз ұлтшыл адам деп артынан түсті. Қайта-қайта шақырып, аупартком­ның хатшысы орыс жігіті еді, ол да әу­ре­ге салды. Бірақ, біразының бетін қайта­рып тастап, құты­­­­лып кетіп отырды. Бол­мағанда түрмеге салып қоятын еді. Үй­де сондағы сөйлеген таспасы бар, тың­да­са­ңыз сұмдық, қатты айтқан. Есті­­­­ген­дер жыр ғып айтады. Өзі де: «38 минөт сөй­ледім, бірақ жақсы сөй­­­­ледім. Еште­ңеден қорыққаным жоқ. Айтатын сөзім­ді айттым. Халық риза болды. Маған не істейді?» деп еркін жүрді. Ме­­ніңше, Сәкеңнің 90 жылдығын атап өт­кен­­­­де, осы бейнетаспаны тыңдасақ болар.

– Әр жазушының жұмыс істеу сти­­лі бар дегендей… Мінезі қандай еді?

– Сәкең жас кезінде жазуға түнде отыратын. Солақай. Жатқан дәптері сол күй­інде ашық тұруы керек. Оны ешкім орнын қозғамайды. Тазалықты жақсы көрді. Үйдің ішінің шашылмағанын қа­лайтын. Өзім де тазалықты жақсы көр­дім, сон­дық­тан қашанда жинақы, таза отыруға тырысатынмын. Мәселен, Ға­бит Мүсі­репов қа­рындашпен арабша жа­зады екен. Ол кісі жазғанда тыныш­­тық керек. Біреудің жү­ріп-тұрғанын көтере алмайды. Сонысы рас. Бірде ол кісінің үйіне балаларды ала бардық. Бала емес пе, шулап қоя бергенде «итті қонақ жараспас» деп айтқаны бар. Ға­беңнің үйінде күндіз де, түнде де ты­ныштық. Біздікі басқаша, сонда да «па­па­­ларың жұмыс істеп жатыр» деп еркі­н­­­сіте қоймаймын. Сонда ғой балаларым: «Неге басқа папалар түнде жұмыс істемейді. Біздің ойнағы­мыз келіп тұр, ән айтқымыз келіп тұр», дейтін. Бірақ Сәкең оған да көп қара­майтын. Ауылдан топырлап адам­дар келіп жатса: «Ой, мыналардың келгені жақсы болды ғой», дейтін қуанып.

«Тотының тоқсан тарауы» деген, менде әңгіме көп, шыға береді. Бір кез­дері Сыдық Мұхамеджанов, Сырбай Мәу­ле­нов, Әділхан Қасте­­ев, Мүлік Сүр­тібаев бәрі­міз әртіс­­­тер­дің үйінде көрші тұрдық. Аулаға шығып кір жайып жүр­сем, Сы­дықтың әйелі мар­құм Қалдыгүл далада отыр екен. «Сен­­дер­дің тұрмыс­тарың рахат қой. Қашанда му­­­зыка ойнап жатады. Ал біздің үйде ты­ныш­тық», дей­­­­мін. Сонда ғой Қалдыгүл: «Қой­шы, сен де айтады екенсің. У-шудан басым қатып кетеді. Содан далаға шыға­мын», дейтін. «Ал мен тыңдап отыра берер едім», деп күлетін едім. Сонда жас екенбіз ғой.

Мінезіне келсек – ойындағысын, шын­дықты бетіңе тура айтып салады да, артынша «Жақсы адамның мінезі жібек орамал кепкенше» деген, ұмытып кететін. Ол енді адамның мінезі. Ал сол мінез әр шығармасында байқалатын. Бірақ, қандай көйлек алып киемін, кімді қонаққа шақырамын, онда шаруасы жоқ. Тиын санайтын ұсақ адам емес еді. Үйде тамақ болса болғаны.

Отыз шақты кітабы шықты. Өзінің көңіл қойған жанры повесть, бір-ақ роман жазды. Негізінен пьеса, сын, аудар­­­маға, комедияға да барды. «Өмір нұры», «Мез­­гіл», «Қарғаш», «Жыл құсы», Мәж­­нүн тал», «Ит ашуы», пьесалары «Қыр гүлі», «Қайдасың, Зарина?», «Дө­­­кей келе жатыр», «Өкіл әке», т.б. Осы дүниелерінің біразы басқа тілдерге аударылды. Ал белгілі сыншы Жұмағали Ысмағұлов аудармалары жайында кә­дім­­­гі қазақтың өзі сөйлеп отырғандай етіп аударған деп жазды. Шығармалары қы­с­қа да нұсқа, көркем түрде, реалистік бағытта жазды. «Сын – шын болсын» деген қағидамен жұмыс атқарды. Артық сөзі жоқ. Аз жазып, терең мағына бе­­ре­ді. Көп ойланып жүреді де, толғағы піс­кенде жазып тас­тайды. Класси­калық туындылары тарих қойнауына кетті ғой. Жастарға көп көмек берді. Олардың біразы бүгінде жоқ, мар­құм, біразы елге белгілі қаламгерлер. Танысын-танымасын жазушылардың шы­ғар­маларын оқып, жақ­сылығын айтып, мақтап отыратын еді.

Сәкең 1970-1975 жылдары Қазақ­­стан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, Қазақ КСР Мәдениет минис­трлігі ре-пертуарлық коллегиясының бас редакторы қызметтерін атқарған. «Отан», «Құр­мет белгісі» ордендерімен марапатталған. Қызылжар қаласының құрметті азаматы.

– Қанша дегенмен әйел адамсыз, қыз­­ға­ныш деген болған шығар. Сафуан ағай­­­­дың жас кезін біз де көрдік, әдемі кісі еді ғой…

– Әрине, қызғаныш деген болған­мен, күйеуімді біреу алып кетеді деген ой миы­­­мызға кіріп шықпайтын. Бірде өзім шаршап жүрген кезім болса керек, ке­шігуі жиілеп кеткен соң өзімше тәр­тіпке шақырғым бар. Таң ата келген Сә­кеңе: «Осы сендердің не істеп жүрген­деріңді тексерейін» деп көзінше Тахауиға телефон шалмаймын ба. Шынын айта қояр Тахаң көрінбейді. Әр нәрсені сылтауратып тұ­­­­рып алды. Шыдамым таусылған мен: «Сен­дер таңғы төртте тарқаған жоқ­сың­дар ма?» деппін. Сол кезде барып Та­хаң төртке дейін немен айналыс­қан­дарын айтып, сайрай жөнелді. Бағанадан бері мені сырттай бақылап тұрған Сәкең ішегі түй­ілгенше күлсін. «Не болды?» десем, «Қан­ша сағатқа дейін болғаны­мызды Та­хаң айтуы керек еді ғой, аузына сөз салып берген жоқсың ба?» дейді.

– Бағдат апай, өткен өміріңізге ризасыз ба? Өзіңіз білесіз, соғыстан кейін оқыған қыздар көп болмаған. «Егер тағдырымды Сәкеңмен байла­ныстыр­мағанда, ғылым жолын таң­дар едім» деген өкініш болмады ма?

– Әрине, ризамын. Бізде қайбір же­тіс­­кен балалық шақ болды дерсің. Ашар­­шылықтың соңын көрдік, одан кей­ін соғыс, оның зардабы бар. Әкем Көлұзақ көзі ашық, ел сыйлайтын, бе­делді адам еді. Сол кісінің арқасында білім алдық, өмір көрдік. Өмірімнің ең шуақты, мағы­налы да маз­­мұнды ша­қ­тары – Сәкеңмен өткен күнде­­рім. Ғы­лым жолын қусам, көп болса кандидат, тіпті ғылым докторы болармын. Ал ондайлар баршылық қой. Ал Сәкеңнің арқа­сында жақсы-жайсаңмен, Алаш­тың мықты деген азаматтарымен ара­ластық, олармен дәмдес, табақтас бол­дық, Олар үлкен, біз кіші болып сый­ластық. Ғабит Мүсіреповтің үйіндегі Құс­ни, Сәбит Мұқановтың үйін­дегі Мариям, Гүлнар Дулатова, Әлібек Дінішевтің анасы Камилә, т.б. жеңгелеріміз шешеміздей болып, білмегенімізді үйретті. Солар­дың біздерге жасағанын өздеріне қайт­а­рып, жасымыз келгеннен кейін солардай болу­ға тырыстық. Артымыздағыларға қарап, өзіміздің білгенімізді оларға үйрет­тік. Соның бәрі тәрбие. Білім өз алдына, тәрбиені басқа қондыру керек.

– Бағдат апай, тойға дайындық жүріп жатқан болар…

– Индирам мен күйеу балам өз қара­жат­­тарына «Инеш» пен «Перелетные пти­­цы» кітаптарын қайта басып, папа­ла­рының тоқсан жылдығына тарту етті. Жазушылар одағы «Алтын қалам» сериясымен «Ан-арыс» баспасынан, «Қазақ­тың жүз романы» жобасымен «Инешті» Мә­жит Дәулетбаевтың «Қызылжары­мен» бір­ге шығарды. Шығармаларының бес том­дығын М.Құл-Мұхамед шыға­рып берем деп еді, бес айдан кейін бас­қа қыз­мет­ке ауысып кетті. Қазір соны тендер арқылы «Таймас» баспасы шы­ғарып жатыр. Қазақта «Өлдің, Мамай, қор болдың» деген сөз бар, бірақ көзі ашық азаматтар бар ғой, «Ғалымның хаты, ақынның аты өлмейді» деген, Сә­кең­ді ұмыта қоймас. Сәкеңнің «Өмір бол­са, уақыт жетеді» деген мақалы бар еді. Дегенмен, әлі күнге Алматыда да, Ас­танада да, туған жерінде де не көше, не мектеп, не ауылдың бірі Сә­­кеңе бұй­ыр­май тұр-ау. Жөні келсе, Алматы қала­сының әкімі Ахметжан балама кіріп, көзбе-көз сөйлессем деймін. 85 оңай жас емес. Ананың айтары қашанда жақ­сы тілек қой. Еліме, жұртыма, ел бас­қа­рып отырған азаматтарға амандық тілеймін.

– Бағдат апай! Әдемі де мазмұнды әңгімеңізге көп рахмет.

Әңгімелескен Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ.

АЛМАТЫ.