Қазақстандық тараптан арнайы техника мен КАМАЗ автокомпоненттерін өндіру бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов, Қазақстан авто бизнесі қауымдастығының президенті Андрей Лаврентьев, «ҚДБ-Лизинг» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Байбазаров, ал Ресей тарапынан Ресей Федерациясының өнеркәсіп және сауда вице-министрі Александр Морозов пен «КАМАЗ» ЖАҚ бас директоры Сергей Когогин қол қойды.
Ресей Федерациясының Өнеркәсіп және сауда министрлігі Ресей Федерациясының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өндіріске қолдау көрсетуге, соның ішінде өндіріс үшін қажетті құрамдас бөлшектерді Ресейден экспорттауға қолдау көрсетуге ниет білдіріп отыр. «КАМАЗ» ЖАҚ өкілдері де КАМАЗ маркалы жүк автомобильдерінің үглілік қатарын кеңейту мақсатында қажетті шаралар жүргізуге ниетті. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасында арнайы автотехниканы және Қазақстан Республикасының ішкі нарығы үшін де, экспорттық нарықтарға өткізу үшін де жолаушылар көлігінің модельдерін өндіру, Қазақстан Республикасының аумағында өндіру үшін автокомпоненттерді, оның ішінде КАМАЗ маркалы жүк көлігі үшін білік редукторларын шоғырландыру, өндіру және өндірілетін өнім үшін автокомпоненттердің экспортын дамыту бағдарламасын әзірлеу.
Екінші құжат - «Агромашхолдинг KZ» АҚ-да Кировец маркалы тракторлар мен олардың құрамдас бөлшектері өндірісін ұйымдастыру» жобасын іске асыру бойынша жол картасына Қазақстан тарапынан Қазақстан авто бизнесі қауымдастығының президенті Андрей Лаврентьев және Ресей тарапынан «Петербургский тракторный завод» АҚ директоры Сергей Серебряков қол қойды.
Құжат салық преференцияларын, КАМАЗ өндірісінің автомобильдерін және олардың құрамдас бөлшектерін жасауға бағытталған жеңілдікпен қаржыландыруды (оның ішінде лизингтік қаржыландыруды), сондай-ақ құрылған өндірістердің дайын өнімдерін жеңілдікпен лизингтік қаржыландыруды, инвестициялық субсидия, Қазақстан Республикасында мемлекеттік қолдаудың басқа да формалары есебінен жабдықтар мен құрылыс-монтаж жұмыстарына инвестициялардың 30%-тін қайтаруды қарастырады.