Оның айтуынша, мұндай қызметтерді барлық медициналық ұйымдар көрсетпейді. Бұл үшін тиісті кадр әлеуеті және материалдық-техникалық база болуы қажет. Мысалы, бұл — бүйрек, ұрық жасушаларын трансплантациялау, сүйек өткізгіштігін имплантациялау. Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті өлшемдерге сәйкестігіне байланысты рұқсат беретін жоғары технологиялық қызметтер бар. Одан кейін, Медициналық әлеуметтік сақтандыру қорымен келісімшарт жасасқаннан кейін бұл қызмет тегін көрсетіледі.
«Бізде жоғары технологиялық медициналық қызметтер көлемін арттырудың оң үрдісі байқалады. Егер жылдық көрсеткіштерді салыстырсақ, 2016 жылы 71 мыңға жуық адам жоғары технологиялық медициналық қызмет алса, ал өткен жылы бұл көрсеткіш 105 мың адамды құрады», — деді вице-министр.
Сонымен қатар, оның айтуынша, медициналық ұйымдар жоғары технологиялық медициналық қызметтерді көрсете бастаса, олар квота жоқ мамандандырылған медициналық көмек категориясына өте алады, яғни көлемі бойынша шектеу жоқ. Бұл ретте, лимиттер халықтың сұраныстарына байланысты белгіленеді.
«Егер осы технологияларға қажеттілік болса, мысалы, мыңдаған науқас эндопротездеуге мұқтаж болса, онда өткен жылдары көрсетілетін қызметтердің өткендегі көлемі қадағаланып, халық санының өсуін ескере отырып, қанша адамға көмек көрсетілуі керек болатыны есептеледі. Яғни, белгілі бір қызметтерді шектеу кезінде міндетті түрде тұрғындардың осы технологияға сұранысы ескеріледі», — деп нақтылады Л. Ақтаева.