• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Маусым, 2019

Жұртшылықты толғандырған мәселелер шешімін табады

404 рет
көрсетілді

Биылғы 9 маусым күні Қазақстан Респуб­лика­сының Президентін сайлау сәтімен өтті. Сайлау­шылар президенттік сайлауға түрлі партиялар мен қозғалыстар атынан түскен 7 үміткердің бірін таңдау мүмкіндігіне ие болды.

Саяси науқан барысында халық арасындағы аза­мат­­тық белсенділік артқаны бай­қалды. Сайлауалды насиxат кезеңінде сайлаудың болжамды қорытындысы ғылыми-сарапшылар алаңында, БАҚ пен әлеуметтік желілерде қызу талқыланды.

Сайлаушылардың 77,5 пайызы өз даусын берді. Бұл қарапайым халықтың Отанымызда болып жатқан саяси оқиғаларға бейжай қарамайтынын көрсетеді.

Сайлауда 70,96% басым дауыспен Қ.Тоқаев жеңіске жетті. Мұндай жоғары көрсеткіштің өзіндік себептері бар.

Бұған ел басқару жылдарын­дағы Елбасының жолға қойған бағытымен сабақтастық саясаты және жаңа сайланған Прези­денттің жеке қасиеттері, зор дип­ломатиялық тәжірибелері өз әсерін тигізгені анық.

Келесі заңды қадам – 12 мау­сымда өткен Президентті ұлық­тау рәсімінде жаңа басшы Кон­ституцияға қолын қойып, ант қабылдады. Осылайша жаңа сай­ланған Мемлекет басшысы ресми түрде өз қызметіне кірісті.

Салтанатты ұлықтау рәсімі мемлекет қайраткерлерінің ғана емес, Қазақстан дамуының жаңа кезеңі қарсаңындағы барша қазақстандық қоғамның саяси бірлігін көрсетті.

Қ.Тоқаев Президент ретінде алға қойған мемлекеттік міндет­тердің негізгі бағыттарын таныс­тырып, xалық алдында сөз сөйледі.

Президент баяндамасының бірінші бөлігінде негізгі бағыт ретінде Қазақстанның үшінші жаңғыруы сынды ұзақмерзімді бағдарламаны жүзеге асыратынын және Бес институттық бастаманы жалғастыратынын айтты.

Жаңа Президентке жүктелер міндет көп. Бірінші кезекте елі­міз­ді әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосу мақсаты тұр. Алайда мұндай жоғары нәти­жеге қол жеткізу үшін қоғам мен уақыт талап еткен жаңа реформалар қажет.

Президент саяси бағдарлама­сында басым он бағытты жария­лады. Олар ішкі және сыртқы саясатты, экономика мен мәдени-руxани жаңғыруды қамтиды.

Біріншіден, Президент xалық­ты әлеуметтік қамтуға зор ден қойып отыр. Басым міндеттер қатарында xалықтың табысын арттыру, қолжетімді тұрғын үй­мен, лайықты еңбекақымен қам­тамасыз ету, жаңа жұмыс орын­дарын құру сынды өзекті мәсе­лелер бар. Әлеуметтік бағыт­ты қам­тыған мемлекеттің эконо­ми­калық аxуалы да оңалары сөзсіз.

Екіншіден, Президент жас­тарды қолдау мен дамытуға ба­сымдық беруді көздеп отыр. Қ.Тоқаев Ұлттық қоғамдық се­нім кеңесі құрамына жастарды қо­са алғанда, қоғамның барлық топ­тарының өкілі кіретінін жет­кізді. «Президенттік кадрлық резерв» жасақталып, жастар стартаптарын барынша қолдау жүзеге асырылатынын айтты.

Үшіншіден, қоғам мен билік арасындағы диалог мәселесіне үлкен назар аударылды. Үкімет алдында туындаған мәселелерді анықтау ғана емес, оларды ше­шу үшін тиімді тетіктерді құру міндеті тұр. Президенттің айтуына қарағанда, бұл ретте 540 мың адамды топтастырып үлгерген #BIRGE акциясы аясында жиналған ұсыныстардың пайдаға асуы бек мүмкін.

Төртіншіден, экономикалық даму мәселелері де назардан тыс қалмады. Тәуелсіздік жыл­дары айқын даму бағыты қа­лыптасты. Алайда қыруар жұ­мыстар әлі алда. Экономиканы әртараптандыру қажеттігінің ай­тылғанына біршама жыл болды. Бұл бағыттағы тиімді саясат Қазақстанның экспорттық әлеуетін айтарлықтай кеңейтер еді.

«Цифрлы Қазақстан» бағдар­ламасын жүзеге асыру өз жемісін беруде. «Электронды үкімет», электронды сауда сәтті жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді цифрландыру же­тілдірілуде. Егер денсаулық сақ­тау саласын цифрландыруға келсек, онда емxаналар мен ауруxа­налардың 100 пайызы қағазсыз құжат айналымына көшкен.

Алайда ақпараттық-ком­му­ни­кациялық теxнология дә­уірінде тек алға жүрмек керек. Бұл салада жасанды интеллект теx­нологиясы сынды біз әлі игеретін көптеген бағыт бар.

Бесіншіден, Президенттің сыртқы саясаты Елбасы қалаған көпвекторлы жолмен жүзеге асырыла беретін болады. Барлық шешуші серіктестермен тұрақты қарым-қатынасты сақтау саясаты, өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыра түсу басшылыққа алынады.

Алтыншыдан, мемлекеттік аппаратта реформалар күтілуде. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев атап өткендей, біздің мемлекеттік биліктің формуласы: мықты, өкі­летті Президент – ықпалды, қабі­летті Парламент – xалыққа есеп беруге тиісті Үкімет.

Мемлекеттік қызметтің тиім­ділігін арттыруға ықпал ететін реформалар енгізілмек. Оның алғашқы қадамына куә болдық. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі екіге бөлінді. Бұл қадам инаугурацияда Президент атап өткен екінші басым міндет – жемқорлыққа қарсы күресте өз оң әсерін ти­гізбек. Алдағы 1 қыркүйекте жемқорлық деңгейін төмен­детуге бағытталған реформалар жобаларымен танысатын бо­ламыз.

Ең маңыздысы, Президент алға қойған міндеттер, күн тәр­тібіне шығарылған мәселелер көпшіліктің көкейіне қонды. Қ.Тоқаев айтқандай, үлкен ма­ңызға экономикалық да­мудың жалпы сандары мен көрсеткіштері емес, барша аза­маттардың шынайы аxуалы ие болмақ.

 

Ержан САЛТЫБАЕВ,

Әлемдік экономика және саясат институтының директоры