• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Қазақстан 10 Қыркүйек, 2019

Қуат өндіруде бәсекеге қабілеттілік қажет

467 рет
көрсетілді

2001-2015 жылдар аралығында Қазақстан экономикасы қарқынды дамыды. Еліміз энергия жеткізуші ретінде әлемдік және энергетикалық нарықтарға қатысты. Осы факторлардың есебінен бүгінде экономикалық даму мүмкіндіктері шектеліп отыр. Қазіргі уақытта барлық тараптардың, ең алдымен әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өмірдің ішкі үдерістерімен айқындалатын энергетикалық саясаттың сапалы жаңару міндеттері жетілді.

Қазақстанға әлемдік энерге­тикалық ахуалдан туындаған жаңа сын-тегеуріндер мен мүм­­­кін­діктерді ескеретін ұзақ мер­зім­ді энергетикалық стра­те­гия қажет. Бұл жерде экономи­кадағы, дәлірек айтқанда, экономи­ка­лық даму проблемалары, опера­циялық шығындардың көбеюі, инвес­торлардың сақ­тығы, энергия қорларын сатып алушылардың (бағаны барынша төмендету мақ­сатындағы) қысымы салдары­нан сыртқы нарықтағы бәсеке­лес­тіктің кү­шеюі, өндіріске инно­вациялық технологияларды тарту келешегі ескерілуі тиіс.

Отандық энергетиканың бас­ты проблемасы – реттеудің және басқарудың ойластырылған жүйе­лік тетіктерінің жоқтығы, соның салдарынан тиімділігі аз қолмен басқару жүйесінің басым болуы деуге болады.

Жаңа стратегияның міндеті – Қазақстанның энергетикалық субъектілерінің әр саласының қа­ғидаларының негізінде өз­гер­мелі жағдайларға икем­ді бейімделуге қабілетті, энер­гети­калық дамуды мем­ле­кет­­тік реттеудің тұ­тас инс­титуционалдық жүйесін құру. Энер­гетикалық стратегия Қа­зақ­станның энергетикалық секто­рындағы барлық мүдделі та­рап­тар­дың көңілінен шыға­тындай етіп құрылуы керек, сол кезде ол жұмыс істейді.

Қазақстанда энергетикалық қауіпсіздік мәселелері толы­ғы­мен шешілмеген, атап айт­қанда, халықты табиғи газбен жабдықтау мәселелері 100% қам­тылмаған. Мұнай өндіруші ұйым­дар мен компанияларға қа­тысты айтар болсақ, жоғарыда айтылғандай, олар негізінен әлем­дік және аймақтық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен айналысады. 2018 жылдың қо­рытындысы бойынша 90 млн тон­на мұнай өндіріліп, 70 млн тоннадан астам мұнай экс­порт­талды. Жалпы алғанда рес­публика бойынша мұнай өн­діру­дің және сатудың негізгі жос­парлары орындалып жатыр. Тек энергия қорларының әлем­дік бағасы тұрақсыз. Бұл – әлем экономикасының даму тұрақ­сыздығының нәтижесі және негізгі әлемдік факторлар арасын­да­ғы ширыққан саяси күрестің көрінісі.Энергетиканың газ және электр өндіру салаларына тоқтал­ғым­ келеді. Бұл екі субъект тұр­ғын­дармен тікелей байланыста болады және энергетикалық қауіп­­сіздікті қамтамасыз етумен айна­лысады. Осы салалардың әр­қайсысының рөлі, заңнамалық базасы мен ұмтылыстары kazenergy.com сайтында 2017 жылғы Ұлт­тық энергетикалық баяндамада өте жақсы сипатталған. Энер­гетикалық сектордың осы субъек­тілерінде стратегиялық даму құ­жаттары бар. Сыртқы ахуалмен өзара байланыспай жататыны болмаса, әжептәуір құжат. Бұл кенеттен өзгеретін қолайлы сыртқы экономикалық жағдайға байланысты салаларды дамыту жос­пар­ларына түзетулер енгізудің қажеттігін білдіреді.

Шетелдер тәжірибесіне зер салып қарайтын болсақ, көптеген ведомство өздерінің даму жос­­парларын жасаған кезде­ бә­­секелестікке жол бермеу үшін көршілес ұйымдардың тұжы­рымдамалары мен даму стра­те­гияларын зерделейді. Мәсе­лен, Қазақстан климат жөнін­дегі Париж келісіміне қол қой­ғаннан кейін, республика шығарын­дыларды азайтуға мін­дет­теме ала­ды. Ал электр энергия­сы кө­бінесе көмір есебінен өнді­ріледі. Негізгі құралдар тозып, электр стансаларының жай-күйі күйзеліс сипатында болған кезде электр қуатына деген қажеттілік артады. Желілер, инфрақұрылым сонау кеңес дәуірінде салынған және жаңартуды қажет етеді, әйт­­песе тасымалдау барысында шығын 50%-дан асып кетеді. Жоғарыда айтылғандарды ес­кере отырып, жылу электр орта­лық­­тарының және энергиямен жабдықтау объектілерінің қуа­тын экологиялық таза отын мен табиғи газға ауыстыру арқы­лы газбен жабдықтаудың жос­парл­ары мен негізгі сызбасына өзгерістер енгізу қажет. Осы­лай­ша, газ және электр энергетикасы салалары арасында ішкі энергетикалық саясатты жүзеге асыруда конвергенция байқалады. Бұл үшін күшті саяси ерік-жігер және жаңа сын-тегеуріндерді көре білу қажет. Энергетика сала­сының өкілдері көп дүниеге уәде беріп жатады. Алайда біраз уақыт өткен соң жаңа өндіріс кө­лемі де өндірілмейді, жоспарда айтылғандай жаңа энергетикалық нысандар да ашылмайды. Сайып келгенде, пікірталастар шексіз беделқұмарлыққа бағытталған. Шынайы ауқымды стратегия­ны құру үшін пікірталас параметр­лерін кеңейтіп, қалыптасып қал­ған мүдделерге қарсы тұру керек.

Электр стансаларының көмір­ден табиғи газға көшу идеясы тың жаңалық емес. Дегенмен, осы мақсатқа жету үшін құбырлар же­лісін жүргізуге ауқымды ин­вестициялар қажет болады. Ең бастысы, мемлекет бұл құбыр­ларды газбен толтыруы тиіс. «ҚазТрансГаз» ұлттық опера­торының газ өндірумен аса көп айналыспайтыны белгілі. Мысалы, ол «ҚазМұнайГаздың» мұнай өндіргені сияқты жұ­мыс істемейді. Оның қызметі – негізінен Қазақстан аума­ғы арқылы газ тасымалдауды­ жү­зеге асыру. Сондық­тан «Қаз­Мұ­найГаз» «Қазтрансгаз­дың»­ құрылтайшысы екендігін ескер­сек, мұнай саласы таяу бола­шақта ауқымды іздестіру жұ­мыстарына және газ өндіру­ге көмектесуі тиіс. Бұл жерде энер­гетиканың өзара тәуел­­ділігі айқын көрінеді. Гео­логияны қайта жандандыру мәселесі туралы көп жазылды да. Ендеше бәсеке­лес­тікке салынып, еліміз­дің ұлт­тық қорларын шаша бермей, нақты энергетикалық стратегияны әзірлейтін уақыт келді.

Жасыл энергетикаға көшу тұжы­рымдамасына сәйкес, тренд пен вектор да әлемде сыналған әр­түрлі жобаларды жүзеге асыруға бағытталған. Жасыл энергетика мен дәстүрлі энергетиканың ын­тымақтастық гидриді аз зерттел­ген. Бұл сала мемлекеттің қол­дауын­сыз жүзеге аса алмайды. Қазіргі кезде жаңғырмалы энергия көздерімен айналысу сәнге ай­налғанына қарамастан, дәстүрлі энер­гетика секторларының пайдалы жақтарына практикалық тұр­ғыдан қарайтын уақыт келді.

Халықтың әртүрлі техни­калық жаңалықтарға үлкен қызы­ғу­шылығын ескере отырып, Қазақ­стан азаматтары да бұл бағытта өз үлестерін қосады. Бұл әртүрлі маркалы электромобильдер сатып алу бойынша көрініс табады. Бұл бағытта жергілікті билік те қалыспай, электр жетегімен жұмыс істейтін автобустар мен қоғамдық көліктер сатып алады. Мұның бәрі таяу болашақта орын алады деп жорамалданып отыр. ЭЫДҰ елдерінде жасыл экономика нәтижелеріне қол жеткізу үшін үлкен пікірталастар болып, шешімдер іздестірілуде. Ал бізде мұндай әрекет жете зерделенбеген. Тозығы жеткен электр же­лі­леріне түсетін ауыр жүктеме, әсіресе кешкі уақыттарда үнемі жарықтың өшіп қалуына және апат­тардың жаппай орын алуына әкелуі мүмкін. Қазақстан осындай сценарийлердің алдын алу үшін озық жағдайда жұмыс істеуі керек.

Бәсекелес тұжырымда­малар­ды болдырмау үшін және энергетика саласында конвергенциялық әсер ету үшін, сондай-ақ жүргізі­летін энергетикалық саясатты кеңі­нен мақұлдау үшін келесі жағдайлар жасалуы тиіс: Қазақстанның энер­гетика субъек­тілерінің қол­да­ныс­тағы стра­тегияларын жеке зерттеу, ашық пікірталастар ар­қылы ынтымақтастық жолдарын табу; сарапшыларды тарта отырып, жүргізіліп жатқан энер­гетикалық саясат туралы халыққа барын­ша ашық түсіндіру; даму бағдарламаларын мұқият зерделеу, кемшіліктер немесе шамадан тыс оңтайлы параметрлер анықталған жағдайда, болмыс­ты ескере отырып өзгер­тулер енгізу; энергетикалық қауіп­сіздік мәселелерін республикада жұ­мыс істейтін трансұлттық энер­гетикалық алыптардың жоспарларына үміт артпай-ақ дербес шешу, бәлкім олардың стратегияларына ықпал ете отырып ұлттық мүдделерге сай шешу; сарапшылар пулын жасау.

Қазір ақиқаттан алыс ұсыныс беретін кәсіби емес әрекет­тер көбейіп кетті. Энергетика саласы­ның қалай жұмыс істейтінін тү­сінбейтіндер ұзақ мерзімді мін­­­деттерді жедел шешу жөнінде оңды-солды кеңес береді. Нәтиже­сінде, энергетикалық билік еш­кімді елемейтін болды. Сондай-ақ кейбір ұйымдар монополиялық бағытта жұмыс істейді, олардың жұмыстары мен тұжырымдарында сыни пайымдау жоқ, бұл ақиқатқа сай емес көрініске әкеліп соғады. Сонымен қатар көпе-көрінеу орындалмайтын жобаларда шы­найылықты, ұстамдылықты жақ­таушылар пі­кірталастарға қа­тыспайды, алайда олар бұл тұр­ғыда шешуші рөл атқарар еді.

Еліміздің энергетикалық қа­уіп­­­сіздігін шешу жолдарының бағыты айқын. Энергетика сала­сын­дағы қазіргі ахуал туралы кешенді түсінік болса, Қазақстан экономикасын дамытудың жаңа перспективаларын қарастыруға болады. Ұзақ мерзімді кезеңде эко­номикалық дамудың негізгі тетігі әлі де энергетика болатыны анық. Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын көтеру және оның ай­мақ­тағы ықпалын арттыру үшін бізге берілген негізгі ресурс­тар­ды барынша тиімді пайда­лану қисынды болмақ.

Алмаc ӘБІЛДАЕВ, «Қазақстанның энергетикалық аспектілері» орталығының директоры