• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 17 Қыркүйек, 2019

Әлеуметтік саясатқа ден қойды

386 рет
көрсетілді

2019 жылы 9 маусымда өткізілген Президент сайлауында Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елдің Президенті болып сайланды. Бұл сайлау Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлау өкілеттілігінің мерзімі аяқталудан бұрын болғанымен ерек­ше­лен­ді.

Қазіргі басшы Қ.Тоқаев Қа­зақ­­­с­тан­ның алғашқы Пре­зи­денті Н.Назарбаев басқаратын Nur Otan ірі саяси партиясынан сайланған. Осы Жол­дау­да Тұңғыш Президенттің саясатын жалғас­тырып, жақын уақытта мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты, қоғам мен экономиканың өсуінде елеулі өзгерістер мен реформалар енгізетін тұрақты саясат ұстанатын ойы көрінді.

Елдің алғашқы Президенті Н.Назар­ба­е­втың басты саясаты ретінде 2030 жылға дейін даму стратегиясын жасап, әлемдегі бәсекеге барынша қабі­лет­ті 50 мемлекеттің қатарына ену­ді ма­қсат еткенін бәріміз біле­міз. Осы аяда халықтың бейбіт тұрмысын, достастығын ны­ғай­ту, жаһандық және өңірлік деңгейлердегі мәртебесі мен абыройын арттыру, экономикалық әлеуетті күшей­ту, бұқара халықтың ба­қыт­­­ты һәм тыныштықта өмір сүр­уі үшін жұмыстар жүргізіліп кел­ді.

Мемлекетті 30 жыл басқарған Прези­дент­тің ішкі, сыртқы саясатының нәти­же­сінде Қазақ­стан саяси және қоғамдық-эко­но­микалық дағдарыстардан аман-сау, жан-жақты дамудың және ауыспалы уақыттың қиыншылықтарын басып өтіп, бүгінгі гүлдену мен дамуға қол жеткізді деп айтуға болады.

Халықаралық қатынастар, мемлекеттану, сыртқы саясат салаларын зерттеуші ретінде біздің қазіргі Президент Қ.Тоқаевтың сырт­қы саясаты, өңірлік ынтымақтастық, көрші­лес елдерге ұстанатын ұстанымы қалай болатынына және қалай іске асырылатынына жіті назар қойып отырмыз.

Жаңа Президенттің биыл өз хал­қы­на арнаған Жолдауына қарағанда, мемлекеттің ішкі саяси және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешіп, елдің тұрмыс деңгейін көтеруге бағыт­талғанның сыртында, бұ­рын мем­лекет тарапынан азаматтарды әлеу­мет­тік қолдау қызметі, жоғары оқу орын­да­рындағы стипендиялар мөлше­рін кө­бейту, сондай-ақ кедейліктің дең­гейін төмендету, көп балалы аналарға жәрдемақыны молайту, жұмыс орындарын құру, халықтың бейбіт өмір сүру ортасын жасау секілді мәселелерге ерекше назар аударғанын байқауға болады.

 

Д.ЗОЛБОО,

Моңғолияның Ғылымдар академиясы Халықаралық қатынастар институтының директоры, доктор