Қазан айында үш бірдей мереке халықаралық қарттар күні, мүгедектер және әлеуметтік қызметкерлер күні. Осыған орай, Төтенше жағдайлар департаменті «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына мерекелік сыйлық жасады. Бұл туралы http://astana.gov.kz хабарлады.
80-ге жуық елордалық құтқарушы ауқымды сенбілік ұйымдастырып, мекеме аумағын тазалап, шыршалар отырғызылды. Іс-шараға Астана қаласы ТЖД «ВМ-құтқарушылар» ансамблі, қазақстандық эстрада жұлдыздары және т.б. қатысты. Аталған шараға мәслихат депутаттары, Сарыарқа ауданы әкімі, қалалық әкімдік және Нұр-сұлтан ТЖ департаментінің бастықтары қатысты.
ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник Марғұлан Аманбаев құттықтау сөз сөйлеп, орталықтың тұрғындарына мықты денсаулық, рух сергектігін, сарқылмас қуат тіледі.
Сондай-ақ Төтенше жағдайлар департаменті шахмат залына 25 орындық түрінде жиһаз сыйлады. «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Р.Ж.Баймағамбетова келген сапарлары үшін қатысушыларға алғысын білдіріп, Орталықтың тыныс-тіршілігіне белсенді қатысқаны, спортқа сіңірген еңбегі үшін қызметкерлер мен тұрғындарын сыйлықтармен және грамоталармен марапаттады. Құтқарушылар мерекелік концертпен бірге өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша нұсқаулықтар, өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізді.