• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
Қоғам 31 Қазан, 2019

Заң сапалы болуы тиіс

431 рет
көрсетілді

Президент Қ.Тоқаев «Cын­дарлы қоғамдық диалог – Қазақ­­станның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жол­­дауында азаматтардың құқықтарын қорғау мен олардың қауіпсіздігін күшейтудің негізгі факторы ретінде сот және құқық қорғау жүйелерінің терең реформасын атап көрсетті. Сондай-ақ сот шешімдерінің сапасын жақсарту бойынша бірқатар салмақты шараны жүзеге асыруды тапсырды.

Қазір Қазақстанда тиімді құқықтық ортаны қалыптастыру процесі жалғастырылып жатыр, заңдар ғана емес, оларды әзірлеу және қабылдау рәсімдері де жетілдіруді талап етеді. Бұл процесте тұрғындардың заң жобаларын қоғамдық талқылауларға белсене қатысуына ерекше көңіл бөлінеді. Мысалы, Ұлыбритания тәжірибесі бойынша заң нормаларын шығару процесіне «жасыл» және «ақ» кітаптардың жаңа кезеңдерін енгізу, заң жобалары мен қолданыстағы заңдарды бағалау рәсімдерін жақсарту, заң жобаларына ғылыми-құқықтық сараптама жүргізу тәртібін қайта қарау, азаматтар мен бизнеске қосымша міндеттемелер қоя­тын нормаларға қатысты заңна­малық деңгейде «өтпелі кезең» тәжірибе­сін қолдану және тағы басқалары ұсынылады.

Осы орайда аталған бағыттар­да бүгінгі күні қандай жұмыстар ат­қарылып жатқаны жөнінде «Қа­зақ­стан Республикасының кей­бір заңнамалық актілеріне заң нор­маларын шығаруды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша сарап­шы Ерлан Бұзырбаев айтып берді.

– Қабылданып жатқан заң­дар­дың сапасы әр­дайым өзекті. Заң нормаларын шы­ғару қызметі жылдан-жылға жетілдірілуде. Заңдарды жетілдіру мен сапасын арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар жайында айтып берсеңіз?

– Үкімет заңдарды жетілдіру мен олардың сапасын арттыру бойынша жұмыстарды тұ­рақт­ы негізде жүргізіп жатыр­. Мен Дүниежүзілік банкпен бірге жүзеге асырылып жатқан сот төрелігі секторын инсти­ту­ционалдық нығайту бағдар­ла­масы бойынша тартылған сарапшымын. Бұл реформаның мақсаты – нормативтік-құқықтық актілер жобаларын әзірлеу кезін­де заң нормаларын шығару сапа­сын арттыру, әлемдік озық тәжірибені енгізу бойынша аза­маттардың көп бөлігін Үкіметпен диалог процесіне тарту. Осы мақ­саттарда белгілі бір сараптау жұмыстары жүргізілді, әлемдік тәжірибе зерттелді.

Тоғызға жуық дамыған елдің заң шығару тәжірибесінің құры­лымына байланысты талдау жүргізілді. Қазақстанмен салыс­тырылды, бізде мұндай тәсіл­дер­дің қаншалықты іске асыры­лып жатқаны зерделенді. Талдау көрсеткендей, негізінде елімізде халықаралық тәжірибе жеткілікті көлемде қолданылады, енгізіліп жатқан реттеуді болжау әдістері де пайдаланылады, түрлі нысаналы топтармен консультация тетіктері мен рәсімдері бар. Бізде көбіне-көп қазір нысаналы топ ретінде осындай консультациялар үшін бизнес-қауымдастықтар, «Атамекен» ҰКП ұсынылған. Бізде азаматтармен талқылау үшін «Ашық НҚА» интернет-порталы форматындағы диалог алаңдары да бар.

Өкінішке қарай, заңнама сапасы жетілдіруді талап етеді. Біз әлі де болса заңнаманың жиі өзгеретінін көріп отырмыз, көбіне сол бір ғана нормаларға бір жыл ішінде бірнеше рет өзгерістер енгізіледі, бұл түптің-тү­бінде реттелетін субъек­тілер­­г­е әсерін тигізеді. Мұндай си­пат­тағы өзгеріс­терді заң­нама­лық реттеудің тұрақсыз­дығы ретінде санауға болады. Осыған байланысты қазір жүргізіліп жат­қан реформа заңнамалық рә­сім­деудің ғана емес, жалпы ұйым­дастырушылық сипаттағы тұтас шаралар кешенін қарастырады.

– Айтылып отырған жағ­даят­­тарға байланысты бүгінгі күні нақты не істелуі тиіс?

– Біріншіден, көпшілікпен талқылаудың кеңірек тәжірибе­сін енгізу көзделген. Яғни, нақ­ты реттеу қолданылатын азамат­тар және нысаналы топтар тар­тылатын болады. Осы реттеу­ді талқылау кезінде, яғни заңна­малық акт жобасы жасалған кезде емес, заңнамалық акт енді ойлас­тырылып жатқанда проблемалар азаматтармен бірге талқы­лануы тиіс. Ол үшін Ұлы­бри­тания тәжірибесі бойынша «жасыл кітаптарды» енгізу ұсы­нылады. Онда дәл, сапалы реттеу үшін жұртшылықпен жария талқылау мақсаты қарасты­ры­лады. «Жасыл кітап» құралы бұқаралық іс-шаралардың тұтас кешенін қамтиды. Олар – дебаттар, жария тыңдаулар, жазбаша түрде кері байланыс орнату. Яғни, бұл – белгілі бір құжат­та рә­сім­делген, көпшілікке қол­же­тімді жарияланған, тартыл­ған нысаналы топтармен талқы­лана­тын құқықтық реттеу проблемасы. Осы реттеу таралуы тиіс су­бъек­тілерге тікелей қатысты болады.

Тағы бір тұсы жария талқы­лаудың рәсімдері мен тетік­тері өзі­нің қайта қаралуымен байла­нысты, яғни рәсімдер жеңіл­детіл­еді, азаматтардың қолжетім­ді­лігі жақсарады, диалог алаңдары бірыңғай рет бо­йынша құрылады, атап айтқанда, нысаналы топтарды алдағы тал­қы­лаулар туралы хабарландыру тәсілдерін регламенттеу қарас­тырылады. Формасының өзін заңдық мәтіндерді талқылау­дан баяндалған проблеманы ұғынық­ты тілмен талқылауға өзгер­ту қаралады. БАҚ-тың қатысуымен жария ашық талқылау тәсілдерін енгізу және реттеу де көзделген.

Бұдан өзге, заң шығару нормалары процесін автоматтандыру, кері байланыс алуды автомат­тандыру, іздеуді автоматта­н­­дыру, құқық­тық реттеу проблема­­­сы­ның маңыздылығын айқын­­дау көз­делген. Яғни, Әділет ми­нистр­­­лігі қазір осы функцияны қарас­­ты­ратын Е-заңнама ақ­па­рат­­тық жүйесін әзірлеп жатыр. 2019 жыл­­ғы 17 қазандағы жағ­дай бо­йын­­ша ақпараттық жүйе әзірлен­ген. Қазіргі таңда атал­ған жо­ба­ны пилоттау жұмыс­тары жүр­гі­зілуде, яғни мемле­кет­тік орган­­дар онымен жұмыс істеуді бастап жатыр.

– Жолдауда Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықты жою мәселелеріне ерекше көңіл бөлді. Сыбайлас жем­қор­лық көріністерінің пайда болуына ықпал ететін алғаш­қы жол нормативтік-құқықтық актілер деуге болады. Нормативтік-құ­қық­тық актілерді сыбайлас жем­қор­лық мақсаттарына пай­дала­нудың алдын алу үшін қандай шаралар қабылдануда?

– Шынында да, заң­нама­ның тұжырымдамасы түсі­ніксіз болған кезде және оны түсін­діруде түсініксіздік туын­даған кезде, бұл да сыбайлас жемқорлыққа себеп болады. Өз­деріңіз білесіздер, бұған дейін Қазақстанда Сыбайлас жем­­қорлыққа қарсы сарап­тама деп аталатын институт бол­ған. Өкі­нішке қарай, бұл инсти­тут белгілі бір дәрежеде беделін тү­сіріп алды. Атап айтқанда, са­рап­таманың формализміне баса назар аударылды. Шын мәнінде сыбайлас жемқорлық қауіптерін бағалау мүлде жүргізілген жоқ, нормативтік-құқықтық актілер­де дискрециялық өкілеттіктер табылмады. Мұның салдары ретінде аталған сараптама күткен нәтижесін бермеді және таратылды. Бүгінгі таңда бұл сұрақ қайта қарастырылуда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманы қайтару ұсынылады, бірақ онымен Әділет министрлігі емес, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі айналысуы тиіс.

Біз осы сараптаманы өткізу рәсімдері қайта қаралып, оның тиімділігі сыбайлас жемқор­лық тәуекелдерін нақты бағалау­ға дейін артады деп үміттене­міз. Негізінде мұны жасауға бола­ды. Егер дамыған елдер тура­лы айтатын болсақ, оларда «ақыл­ды» реттеу қағидаттары әрекет етеді, олар «ақылды» реттеу прин­­­циптерін қолданады. Біздің ерек­­шеліктерімізді ескере отырып, бұл тәсілдерді ішінара Қазақ­­станда қолдануға болады. Сон­­дықтан жаңадан құрылған агент­­тік формализмнен сапалы сараптамаға ауысып, бұл жұмысты жақсы ұйымдастыра алады деп ойлаймын.

– Әділет министрлігі заңна­малық жұмыстарды жақсарту үшін тағы қандай шараларды қарастырып жатыр?

– Біз институционалды ортаны құрып жатырмыз, барлық норма құру рәсімдерін бірың­ғай, логикалық байланысқан дәйек­ті процестерге біріктіреміз. Бүгінгі таңда бұл процестер­дің шашыраңқы болу белгілері бар. Нормативтік-құқықтық акті­лер жо­баларының белгілі бір ведом­ство­лық бәсекелестігі бар. Біз бұл мәселелерді бірыңғай логикаға сәйкес біртұтас процеске біріктіру арқылы реттеуге тырыстық. Мемлекеттік органдар, кез келген қызығушылық таныт­қан субъект аталған рәсім­мен кез келген сатыда таныса алатын және оның қалай жү­зе­ге асырылып жатқанын түсі­не ала­тын, барлық рәсімді рет­тей­тін бірыңғай құқықтық акт әзір­ленді. Бұл ақпаратты әртүрлі заң­намалар мен заңға қосымша дең­гей­дегі нормативтік-құқықтық акті­лерден іздеу қажет емес.

Үкімет жанындағы Заң жобасы қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның рөлі де күшейтілуде, оның жұмыс органы – Әділет министрлігі. Заң нормаларын шығару рәсімдерін, заң шығару жұмысын жоспарлау сатысынан бастап, заң қабыл­дан­ғаннан кейін тиімділігін баға­лау кезеңін қоса алғанда, оның бар­лық сатыларын автоматтандыру мәселелері пысықталып жа­тыр. Заңнамалық реттеудің бар­лық циклін біз реформалармен қамтуға тырыстық.

Көрсетілгеннен өзге, заң жобаларын әзірлеу және жоспарлау тәжірибесіне енгізілетін реттеу салдарын сапалырақ болжау енгізіледі.

Біз мұндай тәсіл заң жобаларын әзірлеудің сараптамалық құрауышының сапасын жақсар­та­ды деп шамалаймыз, бұл келе­шекте заңнамалық реттеу сапасына әсерін тигізеді. Екін­ші жағынан, мемлекеттік ор­ган­­дар­дың жұмысының ашық­тығы артады, нысаналы топ­тар­дың кең спектріне қолжетім­ділік қам­­тамасыз етіледі, осы қол­жетім­ділік рәсімдері жеңілдеті­леді, бұл сапалы кері байланысты алған соң мемлекеттің түптің тү­бінде сапа­лырақ реттеуді қабыл­дауына мүмкіндік беруі тиіс.

 

Әңгімелескен

Жолдыбай БАЗАР,

«Egemen Qazaqstan»