• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Парламент 10 Қаңтар, 2020

Сәрсенбай Еңсегенов Атырау облысына барды

815 рет
көрсетілді

Сенатор Сәрсенбай Еңсегенов Атырау облысында бірқатар кездесулер өткізді. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Бірінші кездесу Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының аймақтық филиалында болды.  Шараға Академияның және еліміздің мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыстық департамент қызметкерлері, облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары қатысты.

Сенат депутаты Парламент қабылданған заңдармен таныстырды. Сенатор халықтың әл-ауқатын арттыруға арналған әлеуметтік мәселелерді шешу – заңның маңызды аспектілері деп санайды.

Парламент жоғарғы палатасының депутатына академия филиалының жаңа ғимаратындағы озық технологиялармен жабдықталған оқу аудиториялары көрсетілді.

Сәрсенбай Еңсегенов жұмыс сапары барысында Исатай ауданындағы Қамысқала ауылдық округі тұрғындарымен де кездесті. Сенатор қатысушыларға өзінің 2019 жылғы заң шығару жұмыстарын хабардар етті. С.Еңсегенов Сенаттың 2018 жылы 15 ақпанда өткен жалпы отырысында мал ұрлығына қатысты қылмыстық заңнаманы жетілдіру туралы Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдаған болатын. Сенатордың ұсынысы ескеріліп, 2019 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңымен мал ұрлығы бойынша еліміздің Қылмыстық кодексіне 181-1 бап болып жеке құрам енгізілгені белгілі болды. Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістерге ауыл тұрғындары мен шаруа қожалықтарының басшылары қуанышты екендерін жеткізді.

Кездесуге келген кәсіпкерлер депутатқа 2019 жылы шаруа қожалықтарын сумен қамтамасыз ету үшін берілетін субсидия берілмегенін айтты. Осыған байланысты «Қазсушар» мекемесі шаруа қожалықтарының басшыларын сотқа беруді көздеп отыр. Бұл мәселенің оң шешілуі үшін шаруалар депутатқа өтініштерін білдірді.

Сенатор кездесуден кейін 5 адамды жеке қабылдап, проблемаларын тыңдады.