• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қоғам 31 Қаңтар, 2020

Елордада «Біз біргеміз» мейірімділік эстафетасы жалғасуда

290 рет
көрсетілді

Минус отыз градус аязда Нұр-Сұлтан тұрғындары қайырымды шаралар лебімен жылынуда. Бүгін жастар еріктілер қалалықтарға ыстық шай таратуды ұйымдастырды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, оларды жылыту үшін ондаған еріктілер ерекше акцияға қатысты. «Біз біргеміз» акциясы аясында жоғары оқу орындары мен колледж студенттері, үкіметтік емес жастар ұйымдарының өкілдері автобус аялдамаларында астаналықтарға ыстық шайды тегін таратты.

Айта кетсек, бұл елордалық еріктілер тарапынан ұйымдастырылған алғашқы акция емес. Жыл басталғалы белсенді жастар мұқтаж жандардың үйін жинап, қар тазалады, азық-түлікпен қамтамасыз етті. #Bizbirgemiz акциясының мақсаты - жақсы істерді насихаттау, жылылықпен бөлісу.

Шай тарату адамдар көп жиналатын жерлерде, атап айтқанда «Шапағат» СҮ, «Тұлпар» СҮ аялдамалары ауданында өтті.