• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Технология 31 Қаңтар, 2020

Цифрлық Қазақстан: Қаржы саласын цифрландыру қандай деңгейде?

1061 рет
көрсетілді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі цифрлық жобаларды іске асыру және Мемлекеттік қызметтерді электрондық және проактивті форматқа көшіру арқылы бюджет қаражатын 3,03 млрд теңгеге үнемдеді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл соманы есептеу кезінде «Электрондық еңбек биржасы» және «Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі» сияқты жобалар, сондай-ақ электрондық форматқа ауыстырылатын мемлекеттік қызметтер ескерілді.

Электрондық еңбек биржасы 2 жыл ішінде жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілердің шығындарын алып тастау есебінен 1,6 млрд теңге көлемінде қаражат үнемдеуге мүмкінжік берді. Мысалы, қазір жұмыс берушілерге Халықты жұмыспен қамту орталықтарына (бұдан әрі – ХЖҚО) келудің қажеті жоқ, бос жұмыс орындары бар бума қағазды тапсырудың қажеті жоқ, енді ХЖҚО штатында бұрынғыдай осы деректерді қолмен енгізетін бірнеше адамның болуы қажет емес.

Электрондық еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі шартты басып шығаруға емес, оны базада сақтауға мүмкіндік береді. Бұрын келісім-шартқа қол қою және басып шығару үшін жұмыс берушілер ақша жұмсап, оларды сақтау үшін жеке орын бөлу керек еді. Пилоттық жоба іске қосылған сәттен бастап 1,5 жыл ішінде Еңбек министрі 430 млн теңгені үнемдеді.

Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыруда мемлекеттік қызметтерді электрондық және проактивті форматтарға көшіру маңызды рөл атқарады. Үнемдеудің негізгі бөлігі  - барлық құжаттарды қағазға басып шығару қажеттілігінің болмауы. Бұл бірқатар әлеуметтік және еңбек қызметтерін SMS арқылы, egov.kz порталында немесе EgovKzBot2.0 Telegram-ботында алуға болатындығына байланысты. Осының арқасында қызметтерді көрсетуден үнемделген қаражат 1 млрд теңгені құрады.

«Көріп отырғаныңыздай, ең маңыздысы цифрландыру азаматтардың өмірін жеңілдетіп қана қоймайды. Ол сондай-ақ процестерді ашық етеді, бюджет қаражатын үнемдеуге жанама мүмкіндік береді. Тек 2019 жылдың өзінде экономикалық тиімділік 2,154 млрд теңгеге жетті», деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев.

Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру 2018 жылы басталды. Оның аясында «Электрондық еңбек биржасы», «Электрондық еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі», «Отбасының әлеуметтік картасы» және басқа да ірі жобалар іске асырылуда.