Азық-түлік тауарларының бағасы бір жылда 8,6% өсті. Нан өнімдері және жармалар, ет, балық және теңіз өнімдері, сүт өнімдері, жұмыртқа, май және тоңмай, кондитерлік өнімдер, жаңа жиналған көкөністер мен жемістер, алкогольсіз сусындар және алкогольді ішімдіктер қымбаттады, ал қант арзандады. Бұл туралы Статистика комитеті хабарлады.
2020 жылғы ақпанда жарма өнімдері тобында қарақұмық жармасына орташа бағасы килограмына 326 теңгені (2019 жылғы ақпанда – 243 теңге), сұлы жармасына – 352 теңгені (330 теңге), сөкке – 373 теңгені (254 теңге), күрішке 376 теңгені (323 теңге) құрады.
Құмшекердің орташа бағасы 2020 жылғы ақпанда килограмына 185 теңгені, 2019 жылғы ақпанда 236 теңгені құрады.
2020 жылғы ақпанда сүт өнімдерінен сүзбеге орташа баға килограмына 1615 теңгені (2019 жылғы ақпанда – 1579 теңге), қаймаққа – 1121 теңгені (1050 теңге), айранға – 300 теңгені (286 теңге), пастерленген сүтке 256 теңгені (239 теңге) құрады.
2020 жылғы ақпандағы азық-түлік тауарларының жекелеген түрлеріне орташа бағалар
килограмм теңгемен
Қазақстан Республикасы бойынша
Баға
Қалада тіркелген
2019 жылғы ақпан
2020 жылғы ақпан
ең төмен
ең жоғары
ең төмен баға
ең жоғары баға
Бірінші сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нан
131
149
132
178
Алматы
Атырау
Сиыр еті жауырын-төс бөлігі
1 563
1 833
1 513
2 144
Ақтөбе
Алматы
Сүйегі бар қой еті
1 474
1 743
1 399
2 238
Орал
Нұр-Сұлтан
Жылқы еті
1 780
2 063
1 811
2 474
Орал
Алматы
Шошқа еті жауырын бөлігі
1 327
1 477
1 192
1 849
Павлодар
Алматы
Шала ысталған шұжық
2 046
2 181
1 449
3 339
Қызылорда
Нұр-Сұлтан
Тауықтың сан еті
749
832
684
967
Ақтөбе
Нұр-Сұлтан
Мәйекті ірімшік
2 565
2 796
2 199
3 586
Шымкент
Нұр-Сұлтан
Тұздалмаған сары май
2 159
2 447
1 881
3 956
Павлодар
Ақтау
Күнбағыс майы, литр
433
433
376
488
Қарағанды
Ақтау
Жұмыртқа, ондық
272
299
248
367
Петропавл
Алматы
Тұз
52
52
37
59
Ақтөбе
Алматы
Картоп
86
99
78
128
Павлодар
Ақтау
Ақ қауанды қырыққабат
124
111
91
145
Қарағанды
Ақтау
Басты пияз
81
87
64
117
Түркістан
Ақтау
Сәбіз
97
104
73
141
Павлодар
Ақтау
Алма
373
408
318
534
Шымкент
Өскемен
Банан
494
552
475
675
Қарағанды
Ақтау