Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жариялағаны белгілі. Бұл ретте Мемлекет басшысы басты назарды халықпен тиімді кері байланыстарды орнықтыруға және қоғамдық диалогтармен үнқатасыулар аясын кеңейтуге аударғаны мәлім. Бұл талаптар мен тапсырмалар өз кезегінде жергілікті және жоғары мемлекеттік органдар өз қызметіне ең алдымен ашықтық қағидатын енгізуін ұқтырады.
Соған сай Ақтөбе облыстық әкімдігіне Ashyq akimdik кеңсесі ашылды. Жаңа заманауи құрылым облыс тұрғындарының талап-тілектерін ескеріп олардың мұң-мұқтаждарына ортақтаса алатын айрықша алаң болады деп күтілуде. Мұндағы басты қағидат ақтөбеліктер тарапынан айтылған орынды да өзекті мәселелердің ескерусіз қалмай оң шешімін іздестіруіне бағытталған. Таяу күндерде мұнда өңір басшылары мен жергілікті мемлекеттік органдар жетекшілері белгілеген қабылдау күндерінің кестесі түзілмек.
Ashyq akimdik кеңсесінің ашылу рәсімі кезінде Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин сөз арнасын осы тұстан түйіндеді.
Ақтөбе