• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 13 Наурыз, 2020

Еріктілердің көмегімен баспаналы болды

244 рет
көрсетілді

Жарқамыс ауылының жастары «Нұр-Шапағат» атты еріктілер тобын құрған болатын. Жақында олар 65 жастағы жалғызбасты қарияға ауыл тұрғындарының көмегімен баспана алып берді.

Топтың құрамындағы жастардың дені нұротандықтар. Топты құрған Руслан Обаев та партия мүшесі. Еріктілер осыған дейін 18 көпбалалы отбасыға көмек көрсеткен. Сонымен қатар қайырымдылық концерттерін ұйымдастырып, науқас сәбилері бар 2 отбасыға қол ұшын созды. Жалғызбасты қариялардың ауласын қардан аршып, үйінің ішін әктеу, тазалау жұмыстарын жүргізді.

Жалғызбасты қария Таңжарбай Жақинның тозған үйін олар көмек көрсетуге барған кезде байқаған. Сұрастырғанда зейнеткердің үй кезегіне тіркелмегенін білді. Жастар өзара ақылдасып, қарияға үй алып беруге көмек ұйымдастыра бастайды. Оған ауыл халқы түгелімен белсенділік танытады. Сөйтіп, қарияға шағын үй сатып алынды. Іс-шараға партияның Байғанин аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Қайрат Отаров арнайы қатысты.

- Еріктілердің фронт кеңсесінің ашылу рәсімі кезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев біздің бастамаларымызға толықтай қолдау көрсетті. Бұл бізге ерекше серпін беріп, алға қойған мақсаттарымызға қанат бітірді. Сөйтіп, елордадан тың серпінмен оралдым. Жарқамыс ауылындағы жалғызбасты қарияға баспана беру ісі осындай терең толғаныстан туып еді, - дейді еріктілер тобының мүшесі Үміт Ақболатқызы.

 

Ақтөбе облысы,

Байғанин ауданы