Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров төтенше жағдайда Қазақстан аумағына кіруге шектеу қоюға қатысты пікір білдірді.
«Шектеу - бұл тыйым салу емес. Шет елдерде жүрген біздің отандастарымыз Қазақстанға кіре алады. Бұл шектеулер негізінен шет мемлекеттердің азаматтарына қатысты қолданылады» деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі.