• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Руханият 25 Наурыз, 2020

Кітапханада кідіріс жоқ

517 рет
көрсетілді

Пандемияға ұласқан COVID-19 індетінен алдын ала сақтану үшін С.Бәйішев атындағы Ақтөбе об­лыстық әмбебап кітапханасы елі­мізде төтенше жағдай жа­рия­ланған күннен бастап өз оқыр­мандарын қа­былдауды тоқ­татқан еді. Әйтсе де бұл жағдай көпшіліктің кітап оқуға деген сұраныстары мен қы­зығушылығын тежей алмады. Тіпті кейінгі кез­дері ақтөбеліктердің кітап оқуға деген ынтасы арта түс­кені белгілі болып отыр. Бұл жө­нінде газет тілшісіне кітапхана мең­герушісі Бақтылы Қошабаева айтып берді.

Қазіргі коронавирус індеті кезінде адамдардың рухани сұранысы мен қа­жеттілігін қана­ғаттандыра алатын қазы­на­лы мекеменің ақпараттық техно­ло­гия­лардың көмегімен көпшілікке қызмет жасауды жалғастырып жүргені атап айтуға тұрарлықтай іс екені анық. Бұл жөнінде облыстық кітапханаға арнайы келіп оның қызметімен танысқан Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Ораз­алин өз ой-пікірін төмендегіше тұжы­рымдады.

«Азаматтар қандай күрделі кезеңде де, қандай сыни шақта да өздеріне рухани нәр мен азық ала білулері керек. Төтенше режім жағдайында да кітап­ханада оқырмандар сұраныстарын қана­ғаттандырудың тың тәсілдері іздестіріліп жатқаны ізетті де сауабы мол іс. Бұл ретте электронды кітаптар санын көтеруге неғұрлым көбірек көңіл бөлінсе, қолға алынған істің нәтижесі де соғұрлым жо­ғары болмақ. Қазіргі күні осындай қажеттілік туып отырғандықтан кітап­хана ұжымы оқырманға қажетті кез кел­ген оқулық пен кітаптың қолжетімді болуына қам-қарекет жасай білгендері жөн. Бұл бағыттағы бастамалар көңілден шығады».

Бұған қоса айтарымыз, қазіргі кезде ақтөбелік оқырмандар Baishev.kz сайты арқылы кез келген сұрақтарға жа­уап ала алады. Кітапханада «Өлкетану» бағыты бойынша 2015 жылдан бері 1500 кітап электронды форматқа көшірілген. Сонымен қатар кворкинг орталығында «Ақтөбедегі Америка» бұрышы қызмет көрсетеді. Мұнда аса құнды әрі кез келген жерде табыла бермейтін үш мың­нан астам ағылшын тіліндегі кітаптар қойылған. Кітапханаға бұдан екі жыл бұрын құны 4,5 миллион теңге тұратын көлемі үлкен ЭларСкан сканері сатып алынған. Соның арқасында айына елу-алпыс кітапты цифрландыруға мүмкіндік туып отыр.

 

АҚТӨБЕ