• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Сәуір, 2020

БҚО: «Берекелі жамағат» блок-бекеттерге ыстық тамақ апарды

214 рет
көрсетілді

Күшейтілген карантиндік режимге байланысты БҚО Бөрлі ауанында Ақсай-Шыңғырлау, Ақсай-Федоровка, Подстепное-Илек, Бөрлі-Ақсай-Жымпиты тас жолдарында 4 блок-бекет орналастырылғаны белгілі. Сол блок-бекеттерде ауданымыздың құқық қорғау қызметкерлері қалтқысыз міндеттерін атқауда. Блок-бекеттегі кезекшілерге Ақсай қаласы мешіті ұжымы мен «Берекелі жамағат» еріктілер қоры түскі ас апарып берді. Бұл туралы muftyat.kz сайты мәлімдеді.

Ақсай-Федоровка блок-бекетіне Бөрлі ауданы полиция бөлімінің басшысы Дәурен Өтеғұлов пен ауданның бас имамы Қанат Жакенов барды.

- Аты жаман аурудың тез таралуы баршамызды алаңдатып отырғаны рас. Вирустың таралмауына осындай блок-бекетер бөгет бола алады. Сіздердің ерен еңбектеріңіз қашан да бағалы екендігі даусыз. Қызметтерін қырағылықпен атқарып жатырған жерлестерімізге біз де қолымыздан келгенше қолдау білдіргіміз келді, - деді бас имам Қанат Қуанышбайұлы.

Дәурен Бақтығалиұлы да жергілікті полиция қызметкерлері атынан «Берекелі жамағат» еріктілер қорына алғысын жеткізді.