• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Сәуір, 2020

Шымкентте дезинфекциялық туннельдер орнатылуда

275 рет
көрсетілді

Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Instagram парақшасында жазды.

«Қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Шымкентте дезинфекциялық туннельдер орнатыла бастады. Мұндай қондырғы Қазыбек (Дулати көшесі бойындағы) азық-түлік базарының кіре берісіне орнатылды. Жақын күндері дезинфекциялық тоннельдер «Акбар», «Жабық базар» секілді ірі сауда орындарына да қойылатын болады. Осы ретте барлық кәсіпкерлерді сатып алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өз нысандарында осындай залалсыздандыру қондырғыларын орнатуға шақырамын. Бұл тұрғындар арасында қауіпті індеттің таралуының алдын алудағы шаралардың бірі. Ал қала тұрғындарын аса қажеттіліксіз үйден шықпауға шақырамын. Өзін-өзі оқшаулау режимін бұзу арқылы сіз тек өзіңізге ғана емес, жақындарыңызға да қауіп төндіретініңізді ұмытпаңыз» деп жазды қала әкімі.