• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қоғам 26 Мамыр, 2020

Қоғаммен байланыс күшейе түсті

273 рет
көрсетілді

Төтенше жағдай бойынша өткізілген мемлекеттік комиссия отырысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттердің алдын алу шараларын күшейте отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жұмысындағы басымдылықтарды қайта қарауға тапсырыс берілген болатын.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті коронавирус инфекциясының тарауына жол бермеу мақсатында, карантиндік-шектеу шараларын сақтай отырып, қалыпты тәртіпте жұмысын жалғастыруда. Оған қоса, төтенше жағдай барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша іс-шаралар өткізу онлайн форматқа ауыстырылды.

Төтенше жағдай кезінде әлеу­меттік желі аудиториясының бел­сенд­ілігі біршама артқандығы бай­қалады. Осы тұрғыда онлайн түрде сыбайлас жемқорлыққа қар­сы контенттің тұрақты трансляция­сын қарастыратын «Аntikor.live» жобасын жүзеге асыруда.  Instag­ram және Facebook әлеуметтік же­лі­­леріндегі ресми парақшада күн сайын «Ақмола – адалдық ала­ңы» жобалық кеңсесінің, арнайы мониторингтік топтың басшы­лары халыққа елдегі сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы жүзеге асырылатын іс жөнінде ақпараттар береді.

Сондай-ақ «Аntikor.live» жобасы аясында «Antikor ortalyǵy» сер­вистік орталығы алаңында мем­ле­кет­тік органдар мен ұйым­дар­дың өкілдерімен сұхбат жүргізі­ліп, өзекті мәселелерге түсінік беріледі. Қазіргі уақытта облыстық жұ­мыс­пен қамтуды және әлеуметтік бағ­дарламаларды үйлестіру басқар­масымен бірлесе отырып, 42 500 тең­ге көлеміндегі әлеуметтік тө­лем тағайындау мәселесі бойын­ша, облыстық әкімшілік по­ли­ци­я басқармасымен төтенше жағ­­дай тәртібін сақтамаған азамат­тарды жауапкершілікке тарту, кә­сіп­керлік және өнеркәсіп басқар­масымен төтенше жағдай кезінде кәсіпкерлерге қолдау көрсету тақырыптарында тікелей эфирлер жүргізілді. Жоба аясында бар­лығы 40-тан астам тікелей эфир ұйымдастырылып, жоғарыда ай­тыл­ған тақырыптар қамтылды.

Волонтер жылында азамат­тардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заңгерлік көмек көрсету мақсатында ағымдағы жылдың ақпан айында басталған «Adal kómek» жобасы да төтенше жағдай мерзімінде онлайн-форматта жүзеге асырылуда. Құқықтық көмек алғысы келген кез келген азамат департаменттің әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасына жеке хабарлама жаза алады. Көмек сұраған әр азаматқа кеңес бері­леді. Сонымен қатар нау­рыз айы­нан бастап азаматтық қоғам­да парасаттылықты, әділдікті, адал­дықты қалыптастыруға тарту бағы­тында #АdaldyqJolymen мемлекеттік челленджі іске қосылды.

Одан басқа тегін заңгер кеңесі заң саласының өкілдерімен, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен күн сайын департаменттің парақ­ша­ларында тікелей эфирлер жүр­гізу арқылы жүзеге асырылып, аза­маттардың өзекті құқықтық сауалдарына түсінік беріледі. Бір сөзбен айтқанда, тегін заңгерлік кеңесті үйден шықпай алуға әбден болады.

Оған қоса, бұрын облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство басшылығы күнделікті жеке қабылдау жүргізген болса, төтенше жағдай енгізілуге байланысты департамент азаматтарды онлайн тәртіпте қабылдайды. Skype сервисі арқылы ақмолалықтар көкейкесті сауалдары бойынша басшыға тікелей жүгіне алады. Ол үшін жауапты қызметкермен тікелей эфирге шығу мерзімі туралы алдын ала келісіп алса болғаны.

Тұрғындармен тиімді коммуникация құруды жалғастыра отырып, «Ашық диалог» порталында да, департаменттің әлеуметтік желілердегі ресми парақшасында да жүйелі түрде интернет-конференциялар өткізудеміз. Сонымен қатар департамент қызметкерлері видео­конференция байланысын қолдану арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жұмысының бас­ты бағытын түсіндіру бойынша онлайн-семинарлар, онлайн-дәріс­тер өткізуде. «Antikor ortalyǵy» сер­вис­тік орталығы алаңында онлайн-брифингтер өткіземіз.

Сыбайлас жемқорлық қаупі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мони­торинг талдауына келер бол­сақ, департамент қызмет­кер­лері атал­ған бағытта талдау жұмыс­та­рын жүргізуде. Осылайша мем­ле­кет­тік сатып алудағы сыбайлас жем­қор­лықтың алдын алу мақс­атында ай­мақта «Сатып алудың бір­ың­ғай терезесі» ақпараттық-тал­дау жү­йе­сі қолданылуда. Мем­лекеттік орган­дар және квазимемлекеттік сек­т­ор­лардың сатып алуға жоспар­лан­ған тауарлардың, жұмыстар мен қыз­мет­тердің көтерілген бағасын тө­мен­­дету арқылы біз енгізген ұсы­ныс­­тардан кейін ағымдағы жылдың басынан бері 22,5 млн теңге үнемделді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу іс-шараларына қоғамдық сала өкілдерінің де белсенді қатыс­қандығын атап өту қажет. Мысалы, «Ақмола – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мүшелері аймақтық арнайы мониторингтік топпен бірлесе әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары, медицина құралдары баға­ларына, блок-бекеттерде мони­торинг жүргізеді және аталған ба­ғыт­та басқа да іс-шараларды жү­йелі түрде өткізіп отырады. Жүргі­зілген талдау БАҚ-та және әлеу­меттік желілерде де жария­ланады.

Сонымен қатар заңнамаға сәй­кес қызметтік қажеттілікке байла­нысты, сыбайлас жемқорлыққа қар­­сы қызметтің жедел-іздестіру жұ­мыстары карантиндік-шектеу шараларын сақтай отырып, қалыпты түрде жүзеге асырылуда.

 

Мұрат ТӨЛЕУБАЕВ,

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы