• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Саясат 28 Қыркүйек, 2020

Алаңдаушылық білдірді

486 рет
көрсетілді

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі армян-әзербайжан қақтығысының ушығуына байланысты мәлімдеме жасады.

«Қазақстан Республикасы 2020 жылғы 27 қыркүйекте Таулы Қарабақта орын алған армян-әзербайжан қақтығысының ушығуына аса алаңдаушылығын білдіреді.

Бізге достас Әзербайжан Республикасы мен Армения Республикасын жағдайды тұ­рақ­тандыру үшін барлық шараларды қабылдауға, күш құралдарын пайдаланудан бас тартуға және мәселені келіссөздер арқылы шешуге ша­қырамыз. Халықаралық ұйымдардың алаңдарында жанжалды шешудің бейбіт жолдарын іздеуге көмектесуге дайынбыз. АӨСШК қазіргі төрағасы ретінде кеңестің сенім шаралары пакетін пайдалануды ұсынамыз», делінген министрліктің мәлімдемесінде.

Еске сала кетейік, өткен жексенбіде Әзер­бай­жан мен Ар­мения әскерилері қақтығысып қалды. Trend.az агенттігінің хабарлауынша, әзер­байжандық сарбаздар Армения тарапы басып алған бірқатар елді мекен мен маңызды нысанды азат еткен.

Әзербайжанның қорғаныс министрлігі Арменияның әуе күштері Қарабақпен ше­ка­радағы елді мекендерді атқылағанын ха­бар­­­лады. Осы мәліметтерге сәйкес, бейбіт тұр­­ғын­дар арасында қаза тапқандар бар. Ар­ме­­нияның қорғаныс министрлігінің мәлім­­деуінше, Қарабаққа әуеден шабуыл жасал­­ған.

Армения Әзербайжанның екі тікұшағы мен үш ұшағын жойғанын хабарлады. Ал Әзербайжанның әскерилері 12 армян зенит кешенін жойғанын мәлімдеді. Осы оқиғаға байланысты Таулы Қарабақ омбудсмені тараптарды сабыр сақтап, сақ болуға шақырды.