Шығыс Қазақстан облысында 10 айдың қорытындысы бойынша 1713 еңбек заңнамасын бұзушылық анықталды.
Бұл туралы «ANTIKOR LIVE» жобасы аясында «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен өткен тікелей эфирде ШҚО Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы - ШҚО Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Бақытбек Қизатов айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы 2020 жылдың 10 айында келіп түскен 1486 өтініштің 1252 – ін қарады, оның 76-сы құзыреті және аумағы бойынша басқа мемлекеттік органдарға жолданды, 96-сы қаралуда. Қаралған өтініштердің жалпы санынан 841-не жазбаша түсініктеме берілді (оның ішінде 396-сы шағын және микрокәсіпкерлік өтініштері немесе 47%). 330 тексеру жүргізілді, оның 15-і-профилактикалық бақылау және қадағалау. 1713 еңбек заңнамасын бұзушылық анықталды, оның ішінде 984 еңбек қатынастары бойынша, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша - 716 және халықты жұмыспен қамту бойынша - 13 бұзушылық. 204 ұйғарым берілді, оның ішінде еңбек қатынастары бойынша - 195, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша - 9.
"Мемлекеттік еңбек инспекторлары жол берілген еңбек заңнамасын бұзғаны үшін 22,9 млн теңге сомасына 164 заңды және лауазымды тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартты, оның ішінде 15,7 млн теңге немесе 69% өндірілді. 2020 жылдың 10 айында өндірісте 151 жазатайым оқиға болды (2019 ж. - 157), онда 164 адам зардап шекті, оның ішінде өліммен аяқталған - 21 және ауыр аяқталған - 72. 9 дана станоктар, машиналар мен жабдықтардың жұмысы тоқтатылды, 33 лауазымды тұлға Еңбек міндеттерін орындаудан босатылды. 4 арнайы тергеу материалдары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. 27 кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі стандарттар енгізілді, 71 кәсіпорын 346 өндірістік объектілерді және еңбек жағдайлары зиянды жұмыс орындарын қамти отырып, еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау өткізді", - деп атап өтті ШҚО Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Бақытбек Қизатов.
Сонымен қатар Бақытбек Қизатов еңбек саласындағы мәселелердің алдын-алу бойынша атқарылып жатқан шаралармен бөлісті.
"Әлеуметтік-еңбек жанжалдарының алдын алу және болдырмау мақсатында басқарма кәсіпорындарда жалақы төлеудің уақтылығы мен толықтығына күн сайын мониторинг жүргізеді, өтеу бойынша проблемалық мәселелер кәсіпорындар басшыларын шақыра отырып, дағдарысқа қарсы штабтар мен әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комиссиялардың отырыстарында қаралады", деді ол.
Жалақы бойынша берешекті өтеу мәселелері облыстық дағдарысқа қарсы штабтың 5 отырысында (16 наурыз, 24 маусым, 22 шілде,1 және 5 қазан), Әлеуметтік әріптестік жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның 2 отырысында (6 тамыз, 8 қазан), Шығыс Қазақстан облысындағы ахуалды болжау және бағалау жөніндегі мониторинг тобының 14 отырысында және жалақы бойынша берешекті жою жөніндегі дағдарысқа қарсы штабтың жұмыс тобының отырысында қаралды.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 1 059,7 млн теңге сомасында жалақы бойынша берешек өтелді, бұл ретте 185 кәсіпорында 7091 жұмыскердің құқықтары қорғалды. Өндірістік жарақаттану деңгейі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5% - ға төмендеді.
Еңбек заңнамасының бұзылуына жол бермеу мақсатында мемлекеттік инспекторлардың күшімен 22 семинар, оның ішінде ҚР Еңбек заңнамасы бойынша бизнес-тренер Н.В. Гилеваның (Әл-Фараби университетінің Халықаралық құқық кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты), сондай-ақ «Еңбек ресурстары орталығы» АҚ өкілдері мен облыстың жұмыс берушілерінің қатысуымен 3 семинар өткізілді.
Кәсіпорындар ұжымдарымен және халықпен 430-дан астам кездесу өткізілді, оған 14555-тен астам адам қатысты. Жеке мәселелер бойынша 2482 адам қабылданды.