• RUB:
    5.4
  • USD:
    473.15
  • EUR:
    515.12
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Қараша, 2020

Тұңғыш Президент күніне орай Нұр-Сұлтанда қандай шаралар өтеді

307 рет
көрсетілді

Елордада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған бірқатар мерекелік іс-шара өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтары онлайн концерттер, көрмелер мен конференцияларды тамашалай алады.

30 қараша – 1 желтоқсан аралығында қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бірқатар онлайн шаралар өткізеді.

Атап айтқанда, ОҚК қызмет көрсету бөлімі (@biblioteka_auezov) «Көшбасшы биографиясы» онлайн саясипортрет шарасын, №15 көпшілік кітапханасы (@сbs15filial) «Біздің тұңғыш – Президент» онлайн экспресс-көрмесін,№5 көпшілік кітапханасы (@5massovayabiblioteka) «Тәуелсіз елдің елбасы» онлайн-панорамасын ұсынады.

«Nomad City Hall» Тұңғыш Президент күніне арналған іс-шара ұсынады. Қойылым әлеуметтік желілерде қолжетімді:Instagram: @nomad_cityhall @nomad_teatry; Facebook: Nomad City Hall; YouTube: Nomad City Hall.

Нұр-Сұлтан қалалық филармониясында Қазақ оркестрінің Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы – Ел тірегі!» онлайн-концерті өтеді.Әлеуметтік желілер:Instagram:astana_filarmoniyaFacebook: astana.filarmoniyaYouTube:филармония г. Нур-Султан

1 желтоқсанда Жастар театры «Ұлтына қамқор – Елбасы» қойылымын ұсынады.Instagram, Facebook, YouTube.

«НАЗ» би театры 1 желтоқсан –Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Кемел елдің – кемеңгері » атты іс-шарасын өткізеді.Instagram, Facebook, YouTube.

ГАРДТ Кіші залында Абай мен А. Пушкиннің поэзиясы тақырыбында 30 көрерменге арналған моноқойылым өтеді.

С.Сейфуллин музейі «Елбасы – ел мақтанышы» онлайн көрмесін өткізеді.Seifullin_museumBizbirgemiz

Елордалық қуыршақ театры кішкентай көрермендерге «Арыстан патша» қойылымын ұсынады. Авторлары: И.Меччи, Дж.Робертс, Л. Вульвертон.Сілтемелер: Instagram, Facebook, YouTube:

1-2 желтоқсан аралығында білім басқармасы ұйымдастыруымен № 1 балалар музыка мектебі «NEW VOICE» эстрадалық шеберлік байқауын,№ 3 балалар музыка мектебі «Гитара фрескалары» жас гитаристер байқау-фестивалін өткізеді.Сілтеме: ns_bilim_1dekabry.