• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Абай 20 Желтоқсан, 2020

Абай мұрасы – түркі әлемінің меншігі

274 рет
көрсетілді

Татарстан Республикасы Ғылым академиясында ағар­тушы, қоғам қайраткері Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай «Түркі халықтары арасындағы ағар­ту қозғалысы және Абай шы­ғар­­машылығы» атты ха­лықара­лық ғылыми-тәжі­ри­белік онлайн-конференция өт­ті.

Конференцияға Татарстан мен Қазақстан Республикасы қоғамдық ұйымдарының өкілдері мен Әзер­байжан, Қазақстан, Өзбек­стан, Қыр­ғызстан, Татарстан, Баш­құрт­стан, Мордовия, Удмуртия, Чу­вашия ел­де­рінің ғылыми және білім беру са­ла­сындағы жетекші ғалымдар мен мамандар қатысты.

«Қазақстан мен Татарстанның ұзақ тарихи байланысы бар. Ғасырлар бойы біз достығымыздың жібін жо­ғалт­қан емеспіз. Бұл конферен­ция ғалымдар мен мемлекет қайрат­керлерін бір үстелге жи­нады. Қазақ­тың ұлы көсемі Абайдың туғанына 175 жыл толып отыр. Оның рухани мұрасы – бүкіл түркі әлемінің және барша адамзаттың меншігі», деді Татарстан Ғылым академиясының президенті Мякзюм Салахов.

Келелі жиынды өткізуге  Татар­стан Республикасы Ғылым акаде­миясы, Г.Ибрагимов атындағы Тіл, әдебиет және өнер институты, Қа­зақ­станның Қазан қаласындағы Бас консулдығы және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық универ­ситеті ұйытқы болды.